Қазақстанда АҚТҚ-жұқпасының алғашқы жағдайы 1987 жылы тіркелген. Анықталған жағдайларды тіркеуге негізделген статистикаға сәйкес 2006 жылғы 1 қаңтарға АҚТҚ жұқтырғандардың жиынтық саны 5 657 адамды құрады, олардың 743-і қайтыс болған, оның ішінде ЖҚТБ-дан - 281. Елдегі тіркелген АҚТҚ бар адамдардың арасында 75,5%-ы тұрақты инъекциялық есірткіні тұтынушыларға (ИЕТ) келеді, 76 %-ын еркектер, 72%-ын - жұмыссыздар, 62%-ын - 15-29 жастағы адамдар құрайды. АҚТҚ-жұқпасы жүктілік, босану және емшек сүтімен қоректендіру кезеңінде анасынан жұқтырған 22 балада анықталды. Соңғы жылдары АҚТҚ-ның жыныстық жолмен берілуінің тіркелуі үздіксіз өсіп келеді, оның үлесінде алғаш тіркелген жағдайлар арасында 2005 жылы 25% (2001 жылы 5%) болған, бір мезгілде жаңадан тіркелген жағдайлар құрылымында АҚТҚ жұқтырған әйелдердің үлесі ұлғайған (2001 жылы 19% болса, 2005 жылы 28%-ға жеткен).
2006 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан халқының арасында АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуы медициналық ұйымдарға келу деректері бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 37,7-ні құрады. Жыныстық жолмен АҚТҚ жұқтырудың ұлғаю үрдісі байқалып отыр: 2001 жылы - 5,0%, 2002 жылы - 16,7%, 2003 жылы - 21,6 %, 2004 жылы - 29,3%, 2005 жылы - 25%.
Соңғы 5 жылда АҚТҚ жұқпасының жаңадан тіркелген жағдайларының қайта өсу үрдісі байқалып отыр: 2002 жылы - 735 жағдай, 2003 жылы - 746, 2004 жылы - 699 жағдай, 2005 жылы - 964 жағдай және 2006 жылдың 8 айында - 1112 жағдай.
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның кумулятивтік тіркелген жағдайларының жыл сайын өсуі (2000 жылы - 100): 2001 жылы - 187-ні, 2002 жылы - 242-ні, 2003 жылы 297-ні, 2004 жылы - 349-ды, 2005 жылы - 420-ны құраған. Елімізде АҚТҚ-жұқпасы халықтың осал топтарының - инъекциялық есірткі тұтынушылардың арасында бұрынғыдай басымдықпен таралуда.
АҚТҚ-ның тіркелген жағдайларының саны елдің әр өңірінде кеңінен түрленген. 2006 жылдың басында АҚТҚ-жұқпасының ең көп таралуы Павлодар (100 мың тұрғынға 130, барлық тіркелген жағдай 968), Қарағанды облыстарында (100 мың тұрғынға 116, барлығы 1.547 жағдай) және Алматы қаласында (100 мың тұрғынға 75 барлығы 892 жағдай) байқалды. Қазақстанда АҚТҚ бар тіркелген адамдардың неғұрлым жоғары шоғырланған ошағы Қарағанды облысының Теміртау қаласы болып табылды (100 мың адамға 688, барлығы 1239 жағдай).
Қазақстанда 2006 жылы тұңғыш рет Оңтүстік Қазақстан облысының балалары арасында балалар медициналық ұйымдарында емдеуде болуымен байланысты індеттің бұрқ етуі тіркелді. 2006 жылғы қыркүйекке АҚТҚ-жұқпасы диагнозымен 55 бала тіркелді. АҚТҚ жұқпасы берілуінің негізгі факторлары донорлық қан мен оның компоненттерін құю, көп мәрте қолданылатын медициналық аспаптарды пайдалану дайындалатын қанның және оның компоненттерінің қауіпсіздігін және облыстық медициналық ұйымдарында дезинфекциялау-стерильдеу режимінің сақталуын бақылаудың нашарлауының салдары болып табылды.
АҚТҚ-жұқпасы өзінің дамуының алғашқы кезеңдерінде адамдарға денсаулық сақтау қызметтеріне жүгінуге уәждейтін клиникалық белгілерсіз өтетін болатындықтан, оның үстіне, жұқтырған адамдардың ішінде медициналық ұйымдармен байланысудан бас тартатын маргиналдық әлеуметтік топтардың саны орасан зор болғандықтан, АҚТҚ бар тіркелген адамдардың саны әлемде барлық жерде олардың нақты санынан едәуір төмен. АҚТҚ бар адамдардың дәл саны кейіннен нәтижелерін жалпы жиынтығына экстраполяциялай отырып, халықтың жекелеген топтарын репрезентативтік іріктеуде шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі - ШЭҚ) жүргізуге көмектесу кезінде АҚТҚ-жұқпасының таралуын анықтау кезінде бағалау жолымен анықталады. Жүргізілген есептерге сәйкес 2005 жылы Қазақстанда АҚТҚ бар ересектер мен балалардың орташа бағалау саны 7800 инъекциялық есірткілерді тұтынушыларды (ИЕТ), 540 секс-қызметшілерді (СҚ), еркектермен жыныстық қатынастарда болатын 900 еркекті (ЕЖЕ) және 1200 сотталған адамды қосқанда 13600 адамды құрады.
АҚТҚ-жұқпасының кең таралуына ықпал ететін факторлар қауіпті инъекциялық және жыныстық мінез-құлық болып табылады. Қазақстанның жетекші ұлттық орталықтарының бірлескен бағалау деректеріне сәйкес елде есірткіні жүйелі тұтынатын адамдардың саны 200 мың адамға жеткен, олардың бесінші бөлігі ғана наркологиялық қызметте тіркелген. 150 мыңға жуық есірткі тұтынушы есірткіні, негізінен опиатты және ең алдымен героинді көктамырға енгізеді. 15-49 жастағы халық арасында ИЕТ-тің ең жоғары үлесі Алматы қаласында, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында (тиісінше 3,0%, 2,6% және 1,8%) анықталды.
Елдегі ИЕТ санының күрт көбеюі өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап байқалып келеді, бұл ел экономикасындағы дағдарысқа байланысты болды. Алайда, экономиканың тұрақтана бастағанына қарамастан, ИЕТ санының азаю үрдісі болған жоқ. ШЭҚ деректері бойынша ИЕТ көпшілігінің инъекциялық және жыныстық мінез-құлық АҚТҚ берілуі тұрғысынан қауіпті болып отыр. ИЕТ-тің 13,4%-ы ғана АҚТҚ берілуінен бара-бар қорғауды қамтамасыз ететін превентивті инъекциялық және жыныстық мінез-құлықты қабылдаған. ИЕТ арасында қауіпті инъекциялық мінез-құлықтың маркері болып табылатын С гепатиті қоздырғышына антидененің таралуы 2005 жылы 63%-ға, қауіпті жыныстық мінез-құлықтың маркері болып табылатын мерездің таралуы 9,3%-ға жетті. Бұл ретте АҚТҚ-теріс және АҚТҚ-оң ИЕТ арасында мерездің таралуында елеулі айырмашылықтар жоқ, бұл халықтың осы тобында белгіленген АҚТҚ жұқпасының таралу жағдайында жыныстық жолмен АҚТҚ берілуінің 3,4% жоғары әлеуетін айқындайды.
Қазақстанда СҚ саны ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың мамандары жүргізген ахуалды жедел бағалау (бұдан әрі - АЖБ) әдістемесі зерттеулерінің деректері бойынша 20 мың адамға жеткен. Бір жылдың ішінде олар жалпы алғанда шамамен 15 миллион жыныстық қатынасқа түседі, бұл елдегі жыныстық белсенді әр еркекке орташа 4 байланысты құрайды. Облыстық және қалалық ЖҚТБ орталықтары жүргізген ШЭҚ деректері СҚ қауіпті жыныстық мінез-құлқын айғақтайды, 2005 жылы олардың төрттен бірінің қанынан мерезге антидене табылған. СҚ-да АҚТҚ-жұқпасының таралуы 2005 жылы 2,1%-ды құраған, оның үстіне олардың есірткіні көктамырға жіберетін бесінші бөлігінде бұл көрсеткіш 8,3%-ды, ал есірткіні қолданбайтын СҚ-да - 1,3%-ды құраған. Жыныстық мінез-құлықтың жоғары қаупі еркектермен жыныстық қатынастарда болатын еркектер топтарында (ЕЖЕ) сипатталып отыр, сараптама бағаларына сәйкес Қазақстанда олардың саны 100 мыңға жуық адамды құрайды. Қауіпті инъекциялық және жыныстық практикалар қамаудағыларда сақталып отыр. Қарулы Күштердің жеке құрамы арасында мерездің таралуы жалпы жыныстық белсенді қауымдағы мерездің таралу санынан асып кетеді.
Соңғы жылдары Қазақстан, шамасы, ШЭҚ деректері бойынша 2005 жылы жүкті әйелдер арасында таралуы 2,4%-ды құраған мерез індетімен қайта ұшырасып отыр. Бұл келу деректері бойынша аталған жастағы қала халқында тіркелген мерездің таралуына қарағанда бір саты жоғары. Мерез індеті халық арасында қауіпті жыныстық мінез-құлықтың жоғары жиілігін дәйектеп қана қоймайды, сонымен бірге болуы АҚТҚ-ның берілу ықтималдығын 6-10 есе жоғарылататын жыныстық жолмен берілетін жұқпаларын (ЖЖБЖ) адамдардың жұқтыруының жоғары дәрежесімен байланысты АҚТҚ-жұқпасының берілу қаупін ұлғайтады. АҚТҚ бар адамдарда ЖҚТБ-ның өршуін шарттастыратын фактор туберкулез індеті (АҚТҚ-ны жұқтыру туберкулез өршуінің алдында болғанына немесе АҚТҚ-ны туберкулезбен ауыратын сырқат жұқтырғанына қарамастан) болып табылады.
Туберкулез өлім-жітімнің жетекші себебі болды және елде АҚТҚ/ЖҚТБ-дан қайтыс болғандар санының 41%-ын (743 адамның 306-ы) құрады.
ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарында 2005 жылы есепте тұрған АҚТҚ бар адамдардың өлім-жітімі 1000 адамға шаққанда 50-ді құрады. Қазіргі кезде АҚТҚ-жұқпасы шоғырланып жатқан қауіпті инъекциялық және жыныстық мінез-құлқы бар адамдар топтары көбінесе халықтың неғұрлым әлеуметтік аз қорғалған жіктерінен толығып отыр. Олардың АҚТҚ-жұқпасына осалдығы ақпараттық-білім беру бағдарламаларына қол жеткізуінің жеткіліксіздігімен, ал мұндайлар болған кезде АҚТҚ-дан қорғану үшін өзінің білімдерін пайдалануының мүмкін болмауымен анықталады. АҚТҚ/ЖҚТБ індеті таралуының ішкі факторларымен қатар Қазақстан шектес мемлекеттердегі күрделі эпидемиологиялық ахуалға негізделген ішкі факторлардың өзіне қысымын бастан кешіп отыр. Өңірдің басқа елдерімен, атап айтқанда Ресей Федерациясымен және Қытайдың бірқатар шығыс провинцияларымен салыстырғанда Қазақстанда, АҚТҚ-жұқпасының таралуы әлі де жоғары емес. Алайда біздің елімізде бұл көрсеткіш Қырғызстан мен Тәжікстан сияқты Орталық Азия елдеріне қарағанда жоғары екені анық.
Сөйтіп, Қазақстанда 15-49 жастағы халық арасында АҚТҚ-жұқпасының шын мәнінде таралуы 0,2%-ға бағаланып отыр, бұл тіркелген жағдайлардың саны бойынша АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуынан шамамен 2,4 есе жоғары. Инъекциялық есірткілерді тұтыну Қазақстанда АҚТҚ/ЖҚТБ індетінің қозғаушы күші болып отыр. ИЕТ-те АҚТҚ-жұқпасының табылу ықтималдығы өзіне есірткі енгізбейтіндерге қарағанда екі есе дерлік жоғары. Алайда жыл өткен сайын АҚТҚ-жұқпасының жыныстық жолмен берілуі басымдық алып бара жатқаны әбден анық. Өзіне есірткі енгізбейтін СҚ-да АҚТҚ-жұқпасының табылу қаупі 2005 жылы ИЕТ-ке де, СҚ-ға да жатпайтын көпшілікке қарағанда бір саты жоғары болды. Осылайша АҚТҚ-жұқпасының ИЕТ-тен жыныстық жолмен бірте-бірте жалпы халыққа көшу үрдісі туралы айтуға болады. Елімізде адамдардың АҚТҚ-ны жұқтыруының салдары қайталап ауырудың тез өршуі және ЖҚТБ-дан өте жоғары өлім-жітім болып табылады.
Қазақстан Республикасында АҚТҚ/ЖҚТБ проблемаларының жай-күйін шешу үшін АҚТҚ/ЖҚТБ болған кезде көмек ұсыну және емдеу, нысаналық топтарда эпидемиологиялық ахуалды бағалау, індетке қарсы іс-қимыл шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар мониторингін жүргізу yшін ақпарат жинау тәртібі бойынша шетелдік оң тәжірибе зерделенді. Халықаралық стандарттарға сәйкес, Қазақстанның жағдайына бейімделе отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарымен АҚТҚ жұқпасы мен ЖҚТБ кезінде көмек ұсыну мен емдеу жөніндегі хаттамалар, АҚТҚ жұқпасын шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар, ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралардың мониторингі мен бағалау жөніндегі нұсқаулық әзірленді және енгізілді.
3.2. АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуына қарсы іс-қимыл
жөніндегі іс-шараларға шолу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1207 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны орындауды Қазақстан аяқтады. Індеттің шоғырланған сатысында АҚТҚ-жұқпасының таралуын тұрақтандырудан және оның бас сатыға көшуін болдырмаудан тұратын Бағдарламаның мақсатына тұтастай алғанда қол жеткізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен азаматтық қоғам Бағдарламаның басым міндеттерін шешті, онда мыналар қамтылды:
1) халықтың айрықша осал топтарының, ең алдымен ИЕТ, CҚ мен бас бостандығынан айырылған адамдардың арасында алдын алу шараларын іске асыру;
2) жастар арасында алдын алу іс-шараларын іске асыру;
3) АҚТҚ бар адамдарды емдеу және әлеуметтік қолдау.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде IIМ ішкі әскерлері, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Мәдениет, ақпарат және спорт, Білім және ғылым, Қорғаныс, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Әділет министрліктері АҚТҚ/ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі егжей-тегжейлі бағдарламалар, сондай-ақ әрбір сектордың айқын міндеттемелері бар Қазақстанның облыстары мен қалалары деңгейінде АҚБҚ/ЖҚТБ-ға қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірледі.
Бағдарламаны орындау нәтижесінде есірткілер инъекцияларының зиянын азайту стратегиясы және СҚ мен бас бостандығынан айырылған адамдарға алдын алу қызметтерін ұсыну оқу жоспарларының вариативтік бөлігіне ықпалдастырылған жастарды оқыту бағдарламаларын іске асырумен қатар мемлекеттік саясаттың құрауыштары болды. Үкіметтің және донор ұйымдардың қолдауымен бүкіл ел бойынша осы контингентті ақпараттық-білім беру бағдарламаларымен, коммуникациялармен, кеңес берумен, шприцтер мен инелерді алмастырумен, презервативтермен және дезжұқпалау құралдарымен қамтамасыз ететін ИЕТ-ке арналған 134 сенім пункті жұмыс істейді. Сырқаттарды емдеуге халықаралық деңгейде танылған тәсілдерді пайдаланатын ЖЖБЖ емдеу жөніндегі 24 достық кабинеті ашылды. Әртүрлі медициналық ұйымдардың базасында 557 психоәлеуметтік кеңес беру және жасырын тестілеу кабинеті жұмыс істейді. Ретровирусқа қарсы терапия енгізілуде. Қосымша ресурстардың, ең алдымен ЖТБЖҚ қаражатын жұмылдырудың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, екі жақты және халықаралық донор ұйымдардың тарапынан қаржы бөлуді жыл сайын ұлғайтудың арқасында Бағдарламаны қаржыландыру оны іске асырудың басындағы 2%-дан 25%-ға дейін өсті.
Үкіметтік сектор мен азаматтық қоғамды жұмылдырудың, оларды үйлестіру мен серіктес болуының арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Сонымен бірге Бағдарламада қойылған міндеттер толық көлемде шешілмеді, ал індеттің одан әрі өршуі қосымша қатер факторларының пайда болуына жағдай жасады. Бағдарламаны іске асырудың түпкі қорытындылары 2005 жыл аяқталысымен жасалған болатын. Нысаналы топтардың мінез-құлқы мен хабардарлығына жататын көптеген күткен нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік болмады: