АҚТҚ-ға, В, С қоздырғышты гепатитіне және мерезге оң реакция бергендердің қан үлгілерін сараптау;
АҚТҚ-жұқпасын, В, С қоздырғышты гепатитін және мерезді диагностикалауға арналған сезгіштігі жоғары тест-жүйелермен қан орталықтары зертханаларын қамтамасыз ету.
5.10. АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратындарды
вирусқа қарсы емдеудің халықаралық стандарттарына
сәйкес емдеу, күту және қолдау бағдарламаларын
өмірге енгізу
АҚТҚ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға амбулаториялық-емханалық және стационарлық деңгейлерде білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету жүйесі жетілдірілетін болады.
Емдеу, күту және қолдау індетке қарсы іс-қимылдың тиімді шараларының негізін қалаушы элементтері болып табылады. Қазіргі заманғы құрамдастырылған ретровирусқа қарсы терапия адамның ағзасынан АҚТҚ-ны жоя алмайды, бірақ қандағы қоздырғышты азайтып АҚТҚ/ЖҚТБ-мен өмір сүретін сырқаттардың өмірін ұзартады.
Емдеудің неғұрлым перспективалық және экономикалық қолайлы үлгілерін пайдалана отырып, АҚТҚ бар адамдардың құрамдастырылған ретровирусқа қарсы терапияға қол жеткізуі қамтамасыз етілетін болады, бұл ретте елдегі қол жетімді дәрілік препараттардың ассортименті ДДҰ-ның модельдік формулярында бар препараттардың тізбесінен кем болмауы тиіс.
АҚТҚ бар адамдардың бейілділігін қамтамасыз ету шаралары зерделенеді және енгізілетін болады, оның ішінде бір мезгілде опиындық нашақорлықтан зардап шегетін АҚТҚ бар адамдарға алмастырушы сүйемелдеуші терапия жүргізудің орындылығы, оның ішінде ақпараттық материалдар шығару қаралатын болады.
Халықаралық стандарттарға сәйкес оппортунистік ауруларды емдеуді уақтылы жүргізу, бейілділік мәселелерін қоса алғанда, АҚТҚ жұқпасы мен ЖҚТБ кезінде диагностиканың, емдеудің және медициналық көмек ұсынудың хаттамалары бойынша семинарлар өткізу қамтамасыз етілетін болады.
Елдің фармацевтика нарығында АҚТҚ-жұқпасын емдеу, туберкулезге ерекше бағытталатын оппортунистік ауруларды емдеу мен алдын алу үшін дәрілік заттардың толық спектрінің болуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады, негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізімі тұрақты жаңартылып тұрады.
АҚТҚ/ЖҚТБ-мен өмір сүретін мұқтаж адамдарды паллиативтік емдеумен және күтіммен қамтамасыз ету жақсаратын болады.
ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күpec жөніндегі орталықтардың зертханалары CD 4 рецепторы және қоздырғышты жүктемесі бар лимфоциттерді анықтау үшін емдеу жүргізуге көрсетімдерді анықтау және оның тиімділігінің мониторингін жүргізу мақсатында қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылады.
ЖҚТБ қызметінде АҚТҚ-жұқпасын және оппортунистік ауруларды зертханалық диагностикалау кезеңдері стандартталатын болады.
Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде АЖӨА-ны емдеудің ретровирусқа қарсы терапиясын ұстанушылықты қалыптастыру бойынша АҚТҚ-мен өмір сүруші адамдармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар берілетін болады.
5.11. АҚТҚ-жұқпасынан зардап шеккен адамдарға
арналған әлеуметтік жобаларды іске асыру
Елде АҚТҚ-жұқпасының кеңінен таралуына байланысты отбасы асыраушысының еңбекке қабілетсіздігі және қайтыс болуы салдарынан болған әлеуметтік зардаптарды жеңілдету жөніндегі шараларды іске асыру қажет болады.
АҚТҚ-сы бар адамдар мен олардың отбасын қолдау жөніндегі жобалар, оның ішінде:
1) әлеуметтік қолдау бағдарламалары жөнінде АЖӨА ақпарат беру және оқыту;
2) олардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ететін АҚТҚ-сы бар адамдарды кәсіби даярлау мен қайта даярлау жөніндегі жобалар;
3) АҚТҚ/ЖҚТБ салдарын болған зардаптарды жеңілдету бағдарламаларын іске асыру үшін АЖӨА-мен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік тапсырысы енгізілетін болады.
5.12. Эпидемиологиялық қадағалауды, жауапты
iс-шаралардың мониторингін, оларды бағалауды,
жоспарлау мен болжауды жетілдіру
Індет дамуының ерекшеліктерін барабар қадағалау, жауапты іс-шаралардың мониторингі мен әсерін, жобалық және бағдарламалық іс-шаралардың ресурстық салымдарының өзара байланысын және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілуін бағалау жетістікке жетудің негізгі факторы болып табылады. Сапалы мониторинг пен бағалау стратегиялық маңызды ақпарат алуға, ахуалдың өзгеруіне уақытылы шара қолдануға, қызметтің басымдық берілген бағыттарына күш пен қаражат бөлуге, өткізіліп жатқан іс-шараларды қайта қарауға, жаңаша мүмкіншіліктерді іздестіруге және пайдалануға мүмкіндік береді.
Халықтың басым топтарын шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауға негізделген АҚТҚ жұқпасын бақылау, сол сияқты АҚТҚ-сы бар адамдарды емдеумен қамтамасыз ету жағынан маңызды АҚТҚ жұқпасы жағдайларын тіркеу дамытылатын болады.
Түпкі нәтиженің мониторингімен қатар, халықтың әр түрлі топтарын превентивті бағдарламалармен және АҚТҚ/ЖҚТБ-мен өмір сүруші адамдарды емдеумен қамтуды қоса алғанда, бағдарламалық қызметтің мониторингі, сондай-ақ ресурстар мониторингі жүзеге асырылатын болады.
Мониторинг пен бағалаудың ұлттық индикаторлар жүйесі жетілдірілетін болады.
Эпидемиологиялық қадағалау, көптеген мониторинг пен бағалау нәтижесінде ғылыми зерттеулердің басымдықтары белгіленетін болады.
Бірыңғай индикаторлар жүйесінің негізінде барлық әріптестерге қолжетімді АҚТҚ/ЖҚТБ жөніндегі ұлттық бірыңғай дерекқор жасалатын болады.
Қарулы күштердің, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Әділет министрліктерінің АҚТҚ/ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі ведомстволық бағдарламалары, сондай-ақ облыстық және қалалық бағдарламалар әзірленетін болады.
Бағдарлама екі жақты және халықаралық ұйымдардың қолдауымен барлық мүдделі үкіметтік секторлар мен азаматтық қоғамның үйлестірілген іс-қимыл жасауы жолымен іске асырылатын болады. Бағдарламаны іске асыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі басшылық ететін болады.
Шешімдерді әзірлеу кезінде Үйлестіру кеңесі ұлттық, екі жақты және халықаралық ұйымдар мамандарының сараптамасын пайдаланатын болады. Ұқсас үйлестіру облыстық (қалалық) деңгейлерде жүргізілетін болады.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты, сондай-ақ қосымша көздердің есебінен, атап айтқанда осы Бағдарламаның іске асырылуын қолдауға халықаралық донорлық ұйымдардың ресурстарынан жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаны іске асыруға 5 жылға барлығы (мемлекеттік мекемелер мен әр түрлі секторлардың ұйымдарын базалық қаржыландыруды ескере отырып) 6708,93 млн. теңге:
бірінші кезең: 2006 - 2008 жылдар - 3640,05 млн. теңге:
2006 жыл - 949,87 млн. теңге
2007 жыл - 1229,96 млн. теңге
2008 жыл - 1460,22 млн. теңге
екінші кезең: 2009 - 2010 жылдар - 3068,88 млн. теңге:
2009 жыл - 1327,06 млн. теңге
2010 жыл - 1741,82 млн. теңге
Республикалық бюджеттен - 378,13 млн. теңге:
бірінші кезең: 2006 - 2008 жылдар - 55,48 млн. теңге:
2007 жыл - РБ - 14,30 млн. теңге
2008 жыл - РБ - 41,18 млн. теңге
екінші кезең: 2009 - 2010 жылдар - 322,65 млн. теңге:
2009 жыл - РБ - 59,44 млн. теңге
2010 жыл - РБ - 263,21 млн. теңге
РБ-дан нысаналы трансферттер - 2408,13 млн. теңге:
бірінші кезең: 2006 - 2008 жылдар - 600,60 млн. теңге:
2007 жыл - РБ-дан НТ - 250,60 млн. теңге
2008 жыл - РБ-дан НТ - 350,0 млн. теңге
екінші кезең: 2009 - 2010 жылдар - 1807,53 млн. теңге:
2009 жыл - РБ-дан НТ - 815,50 млн. теңге
2010 жыл - РБ-дан HT - 992,03 млн. теңге
Халықаралық ұйымдардың гранттары - 3922,67 млн. теңге:
бірінші кезең: 2006-2008 жылдар - 2983,97 млн. теңге:
2006 жыл - басқа көздер - 949,87 млн. теңге
2007 жыл - басқа көздер - 965,06 млн. теңге
2008 жыл - басқа көздер - 1069,04 млн. теңге
екінші кезең: 2009 - 2010 жылдар - 938,7 млн. теңге:
2009 жыл - басқа көздер - 452,12 млн. теңге
2010 жыл - басқа көздер - 486,58 млн. теңге
Қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауыратын адамдардың өлім-жітімі 2010 жылдың соңында екі есе төмендейтін болады және АҚТҚ/ЖҚТБ індеті таралуы шоғырлану сатысында тұрақтандырылатын болады сонда 15 пен 49 жас аралығындағы ересектер арасында АҚТҚ-жұқпасының таралуы 0,5 %-дан аспайды. ИЕТ арасындағы АҚТҚ-жұқпасының таралуы 6 %-дан аспайды; СҚ, ЕЖЕ және бас бостандығынан айырылған адамдар арасында AҚTҚ-жұқпасының таралуы 5 %-дан төмен болады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мыналар күтіледі:
жыл сайын 15 - 24 жастағы жастардың кемінде 85 %-ын АҚТҚ-жұқпасының берілу жолдары және оның алдын алу шаралары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
превентивтік инъекциялық мінез-құлықты халықтың осал топтарынан адамдардың 50 %-ы қабылдайды (қазіргі уақытта 13,4 %), оның ішінде: 2006 жыл - 20 %, 2007 жыл - 25 %, 2008 жыл - 30 %, 2009 жыл - 40 %, 2010 жыл - 50 %;
превентивтік жыныстық мінез-құлықты халықтың осал топтарынан адамдардың 50 %-ы қабылдайды, оның ішінде: 2006 жыл - 25 %, 2007 жыл - 30 %, 2008 жыл - 35 %, 2009 жыл - 40 %, 2010 жыл - 50 %; жылына кемінде 70 %-ын қамти отырып, халықтың осал топтарынан мұқтаж адамдардың (ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ) ЖЖБЖ-ны емдеуге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
жыл сайын 15 пен 49 жас аралығындағы халықты АҚТҚ-ға ерікті кеңес алумен және тестілеумен қамту 10 %-ға жеткізу;
жүктілікті сақтауды шешкен AҚTҚ позитивті жүкті әйелдердің кемінде 90 %-ы және АҚТҚ позитивті жүкті әйелдерден туған нәрестелерді ретровирусқа қарсы алдын ала емдеумен қамтамасыз ету (жыл сайын);
барлық мұқтаж адамдар байланыстан кейінгі антиретровирустың алдын алуға туберкулезді химиялық алдын алуды қосқанда, оппортунистік аурулардың толыққанды алдын алуға қол жеткізе алады (жыл сайын);
донорлық қанның қауіпсіздігін жүйелі түрде қамтамасыз ету;
барлық мұқтаж адамдар ретровирусқа қарсы терапияға қол жеткізе алады (жыл сайын);
ахуалдың өзгерісіне уақтылы ден қою, өткізілетін іс-шараларды қайта қарау, жаңа мүмкіндіктерді іздестіру және пайдалану мүмкіндігі (жарты жылда бір рет);
Қазақстан нарығында ДДҰ ұсынған өмірлік маңызды дәрілердің неғұрлым қазіргі заманғы модельдік формулярына кіретін барлық ретровирусқа қарсы препараттарға қол жететін болады. Ретровирусқа қарсы терапияны оған мұқтаж сырқаттардың кемінде 70 %-ы алатын болады.
8. Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл
жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламаны
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Бірінші кезең: 2006 - 2008 жылдар
Екінші кезең: 2009 - 2010 жылдар