ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласында теннис кортын, Алматы облысы Талдықорған қаласында мұзды сарайын, Қызылорда облысы Арал қаласында спорттық-сауықтыру кешенін салу жөніндегі жұмыс көлемін орындау, Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және Астана қаласында коньки тебу стадионының құрылысын бастау.
Түпкі нәтиже: тұрғындардың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету үшін спорт объектілерін іске қосу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жобаларды іске асырудың тиімділігін талдау нәтижелері бойынша.
Уақтылығы: жұмыс өнімділігінің кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
60-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 536068 мың теңге (бес жүз отыз алты миллион алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 4 , 9 , 10, 11, 14,16-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тартымды туристтік объект ретінде Қазақстанның беделін арттыру және бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құруға байланысты туристік кластерді дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы инвестициялық климат тудыру; ұлттық турөнімді қалыптастыру және оның сапасының әлемдік деңгейге сай болуын қамтамасыз ету; туризм индустриясына жаңаша технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу; Қазақстанның халықаралық туристік беделін нығайту мақсатында ірі халықаралық ic-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) республиканың туристік болашағын таныту мақсатында бес халықаралық туристік көрмеге қатысуды қамтамасыз ету;
2) ішкі туризмді дамытуға және шетелдік туристерді тартуға жәрдемдесу мақсатында үш ішкі туристік іс-шара өткізу;
3) Қазақстан туризмі туралы ақпараттық вакуумды жою мақсатында туристік мүмкіндіктер туралы жарнамалық және ақпараттық-анықтамалық өнімдерді 88 000 данада басып шығару, туристік әлеует туралы бейнематериалдарды әлемдік арналарда жылына 299 рет эфирге шығару;
4) Еуропаға арналған Халықаралық туристік комиссияның кезекті отырысына және Халықаралық туристік ұйымның Бас Ассамблеясының XYII сессиясына Қазақстанның қатысуы;
5) туристік саланы дамыту мәселелері бойынша кемінде 2 семинар-кеңес өткізу.
Tүпкі нәтиже:
1) туристік қызмет көрсетулердің халықаралық нарығында бәсекеге қабілетті ұлттық туристтік өнімді жетілдіру және іске асыру;
2) әлеуетті туристердің Қазақстанның мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру;
3) жергілікті халық пен шетелдік азаматтардың арасында туристік мүмкіндіктерді таныту;
4) Қазақстанның оң туристік беделін қалыптастыру;
5) семинар-кеңестер кезінде туризм саласындағы мамандарды оқыту және тәжірибе алмасу;
6) экономикалық өсімге және халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін елдің туристік кешенін одан әрі дамыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) Қазақстанның халықаралық туристік көрмелерге қатысуын қамтамасыз етуге кететін орташа шығыс - 43041 мың теңге;
2) бір ішкі туристік іс-шараны өткізуге кететін орташа шығыс - 6801 мың теңге;
3) туризмді дамыту мәселелері бойынша бір ақпараттық-анықтамалық материалды әзірлеуге және басып шығаруға кететін орташа шығыс - 0,4 мың теңге;
4) Қазақстанның туристік әлеуеті туралы жарнамалық-ақпараттық материалды шетелдік БАҚ-та бір рет эфирге шығаруға кететін орташа шығыс - 544 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: аталмыш бюджет бағдарламасы шеңберінде 2007 жылы іс-шараларды іске асыру Қазақстанның халықаралық туристік оқиғаларға қатысуға байланысты жұмысын жалғастыруға және күшейтуге, өзіндік іс-шаралар өткізуге және туризм саласына инвестициялар мен жеке капиталды тарту үшін жағдайлар туғызуға мүмкіндік береді.
Сапасы: туризм үшін тартымды ел ретінде Қазақстанның туристік беделін нығайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
61-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Жоғары жетістіктер спортын дамыту»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 4 667 503 мың теңге (төрт миллиард алты жүз алпыс жеті миллион бес жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2 , 4 , 8 , 15, 18, 25, 30-баптары; «Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысы; «Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2006 жылғы Туриндегі (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиадалық ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу және халықаралық спорт аренасындағы Қазақстан Республикасының беделін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына олимпиадалық резерв даярлау, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға қатысуы, республика құрама командаларын ұйымдық медициналық қамтамасыз ету, халық арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау және патриоттық тәрбие беру, құрама командалар спортшыларының шеберлігін арттыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, спортшылар мен жаттықтырушыларға әлеуметтік қолдау көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: