ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1404 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары мүшелерінің қысқы Азия ойындарында спорттың 10 түрінен және басқа халықаралық спорттық іс-шараларда орта есеппен спорттың 64 түрінен қатысу. Орта есеппен 677 оқу-жаттығу жиынын, 360 республикалық жарыс өткізу және спорт түрлерінен 480 халықаралық жарысқа қатысу.
Жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін даярлау. Кемінде 2560 адамды, республика құрама командалары спортшыларын диспансерлік қадағалау және емдеу.
Спорт түрлерінен республиканың ұлттық құрама командаларын сапалы ұйымдастыру мақсатында Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы үшін автокөлік (шағын автобус, автомобиль), кемінде 52 дана спорттық құрал-жабдықтар сатып алу.
Олимпиадалық спорт түрлерінен КCPO және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар спортшыларды және жаттықтырушыларды - олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионатының жеңімпаздарына - кемінде 110 адамға заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмірлік материалдық қамсыздандыру төлеу.
Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарында спортшыларды даярлауды жақсарту үшін кемінде 6 дана спорттық құрал-жабдық, синхронды жүзуге арналған музыкалық аппаратура - 1 дана, қарда жүру құралы - 1 дана, ретракт - 1 дана, автокөлік - 2 дана, тұрмыстық және кеңселік құрал-жабдық сатып алу. Спортшыларды велоспорт, бокс, күрес және атлетикадан олимпиадалық даярлықтың мамандандырылған орталықтарында даярлауға жағдайлар жасау үшін автокөлік (4 автобус, 9 автомобиль), кемінде 80 дана спорттық құрал-жабдық, велоспорттан, бокс, күрес және атлетикадан олимпиадалық даярлық орталықтарында дайындық жағдайларын жасау үшін тұрмыстық және кеңсе жабдықтарын, кемінде 5 дана медициналық жабдықтар сатып алу.
Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының денсаулығын жақсарту үшін республикалық спорттық медицина және оңалту орталығына кемінде 5 дана медициналық жабдық және спортшылардың допингке қарсы зертханасына арналған құрғақ блоктық термостат, майсыз компрессор және масс-спектометр сатып алу. Алматы қ. Олимпиадалық даярлау орталығының спорттық-сауықтыру базасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Түпкі нәтиже: жоғары деңгейдегі спортшылар даярлау жүйесін жетілдіру. Ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында республиканың құрама командалары мүшелерінің халықаралық жарыстарда, соның ішінде Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарында қысқы спорт түрлері бойынша Азия ойындарында, Орталық Азия ойындарында, Спартакиадаларда табысты өнер көрсетуі және материалдық-техникалық базаны жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір спортшыны даярлауға және қатыстыруға кететін шығынның орташа құны - 1414,2 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының халықаралық деңгейдегі рейтингін арттыру және әлемдік спорт аренасында Қазақстан спортының беделін нығайту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты қағидаттарын енгізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
62-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Туризм мен спортты институционалдық дамыту»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 54600 мың теңге (елу төрт миллион алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2001 жылдың 13 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы; «Экономиканың басым секторларында пилот кластерлерін жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 663 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: туристік өнімді халықаралық нарыққа және мемлекет ішінде өткізу мақсатында интерактивтік технологияларды енгізу, Қазақстан және оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты тарату, туризм инфрақұрылымын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: туристік қызметтің әлемдік нарығына отандық туристік өнімді шығару, туризм индустриясына жаңаша технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: