7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 8000 га тыңайған жерлерді қалпына келтіру, фитомелиоранттармен 1000 га алқаптық егісті жүргізу, 3,0 га аумақтағы көшет-бұталарын өсіруге арналған түлімбақтарды кепілдікке беру, 5 га аумақтағы көшет-бұталарын егу жөніндегі жұмыстарды жүргізу, сүт өнімдерін берудің көлемін 600 т ұлғайту және 15 млн. мөлшерінде халықтың қосымша табысы, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту халықтың еңбекпен шұғылдануына 350 бірлікке артуына алып келеді; Жобаны іске асырудың одан кейінгі жылдары үшін дайындық жұмыстарын (топырақ дайындау, тұқым және жабдық сатып алу) жүргізу.
Оларды іске асыру нәтижесінде Қазақстанның Қызылорда облысының жартылай қуаң және суармалы аумақтарында фермерлерді ауыл шаруашылығын жүргізудің тиісті экологиялық тұрақты әдістеріне үйрету арқылы су және жерді пайдаланудың жүйелерін қалайша тұрақты басқаруға болатындығын көрсететін іс-шаралар жүргізу.
"Дарьял-У" радио локальды станциясында құрамында полихлордифенилдер бар 15 мың конденсаторларды кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды орындау.
Түпкі нәтиже: жерді қалпына келтіру және олардың тозуының алдын алу жөніндегі үлгілік жобаның іске асырылуы, шөлейттену және жердің тозуымен күрес проблемалары жөніндегі шешімдерді қабылдау процесіне халықтың барлық тобын ақпараттандыру және қатысуын қамтамасыз ету. Полихлордифенилдердің қоршаған ортаға ысырабын болдырмау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ықшамдап өңдеу әдісін қолдана отырып, жер өңдеу шығынын 42 $/га-дан 24 $/га-ға дейін төмендету; шабындықтарды қалыптастыруға жұмсалған шығыннан 20 пайыз көлемінде пайда көру; мал басы санының 15 пайыз көбейту.
Уақтылығы: жер танаптарын Жобаны іске асыру жоспары бойынша өңдеу.
Сапасы: өсімдіктің табиғи түрде қалпына келуіне (сырттан аралас болмай тұра), 50 жылдан кем емес уақыт керек, ал жоба бойынша жүргізіліп жатқан шаралар бұл уақытты 20 жылға қысқартуға мүмкіндік береді; жемшөп жерлерін жасаудың жоғарғы өнімділігі жердің табиғи жолымен қалпына келу процесіне қарағанда көміртегін сіңіруді 3-4 есе көбеюіне әсер етеді. Конденсаторларды кәдеге жарату кезінде Балқашқа полихлордифенилдердің түсу қауіпі алынып тасталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
387-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Гидрометеорологиялық мониторинг жүргізу»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2172739 мың теңге (екі миллиард бір жүз жетпіс екі миллион жеті жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 59-бабы; «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 16-1-бабы; «Бүкілдүниежүзілік метеорологиялық ұйым конвенциясына қосылу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі № 296 қаулысы; «Табиғи ортаның жай-күйін бақылайтын станциялардың мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 қаңтардағы № 38 қаулысы; «Қазгидромет» және «Қазавиамет» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысы; «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысы; «Мемлекеттік су кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1378 қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халық өмірінің, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарды гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: гидрометеорологиялық мониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жүйелі гидрометеорологиялық бақылауларды жүргізу, гидрометеорологиялық ақпаратты жинау, қорыту және талдау, ауа райының болжамдарын жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іе-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік органдарға ұсынылатын Қазақстан аумағы бойынша күн сайынғы 254 гидрометеорологиялық бюллетен, Қазақстан аумағы бойынша ауа райының ай сайынғы 12 бюллетені, 14 облыс бойынша 2 және 3 тәулікке ауа райының 5110 болжамы, 14 облыс бойынша ауа райының апталық 728 болжамы, ықтимал қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың Қазақстан облыстары мен әкімшілік орталықтарында пайда болу мүмкіндігі туралы олардың қаупі немесе туындау фактісі жағдайында апаттық ескертулер, мемлекеттік органдарға ұсынылатын күн сайынғы 254 гидрологиялық бюллетен шығару, күн сайынғы 124 қаркөшкініне арналған бюллетень шығару, күн сайынғы 44 сел тасқынына арналған бюллетень шығару, Каспий теңізі бойынша күн сайынғы 52 бюллетень шығару.
Қазақстан Республикасы жер үсті суларының режимі мен ресурстары туралы ақпарат алу және осы ақпаратпен 2 мемлекеттік органды (Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және Қазақстан Республикасы Ауы шаруашылығы министрлігі) қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: гидрометеорологиялық мониторингті жүргізуге қолданыстағы желінің орташа өлшемді шығындарының есебі: бір метеорологиялық станцияға - 3973,5 мың теңге; бір гидробекетке - 895,3 мың теңге; бір метеобекетке - 461,8 мың теңге; бір агрометеобекетке - 637,1 мың теңге; бір аэрологиялық станцияға - 24504,6 мың теңге; бір қар көшкіні станциясына - 6065,0 мың теңге; бір қар өлшеуіш бағытқа - 1034,3 мың теңге.
Түпкі нәтиже: халықты, мемлекеттік органдарды қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың туындауы туралы ескерту үшін сенімді гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қолайсыз табиғи құбылыстар туралы анықтамалар беру.
Уақтылығы: мемлекеттік органдарға халықты ақпараттандыру үшін хабарландыру схемасына сәйкес мүмкіндігінше ертерек гидрометеорологиялық ақпаратты беру.
Сапасы: гидрометеорологиялық болжамдардың дәл болуы: пункт бойынша тәуліктік - 88 пайызға, облыс бойынша тәуліктік - 91 пайызға, облыс бойынша 2 тәулікке - 85 пайызға, облыс бойынша 3 тәулікке - 83 пайызға, ауа райының қауіпті құбылыстарының - 85 пайызға, апатты гидрометеорологиялық құбылыстар (АГҚ) және ауа райының күрт өзгеруі (АРКӨ) туралы дауылды ескертулер - 85 пайызға, айлық ауа райы болжамдарының - 65 пайызға, ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдардың дәл болуы - 80 пайызға, агрометеорологиялық болжамдардың дәл болуы - 82 пайызға.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
388-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесін құру және дамыту»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 466641 мың теңге (төрт жүз алпыс алты миллион алты жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексі; «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысы; «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы (екінші кезең)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеке өңірлер және республикада жалпы экологиялық жағдайдың автоматтандырылған мониторингін жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Қоршаған Ортаны Қорғаудың Тұтас Ақпараттық Жүйесін» (ҚОҚ ТАЖ) әзірлеу және енгізу; ҚОҚ ТАЖ жүйе асты ретінде құрамына енетін ақпараттық жүйені әзірлеу, дамыту және енгізу; ҚОҚ ТАЖ қамтамасыз ететін барлық түрлерін (әдістемелік, ақпараттық, бағдарламалық, техникалық және өзге де) таңдау, әзірлеу және енгізу; шешімдерді қабылдаудың тиімділігін көтеру; мәліметтерді беру, өңдеу, іздестіру кезінде және есеп беруді қалыптастыру кезіндегі жеделдікті көтеру; мәліметтерді беру және өңдеуді автоматтандыру, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметтер Қоймасын құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғаудың Тұтас ақпараттық жүйесін әзірлеу, дамыту, енгізу, сонымен қатар:
- Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Мәліметтер Қоймасын (МҚ) құру, сонымен бірге МҚ жобалау, мәліметтер сөресін жобалау, МҚ мәліметтерді енгізу және тазалау рәсімдерін жобалау және іске асыру, МҚ-ны ҚОҚ ТАЖ ақпараттық жүйесімен ықпалдастыру;
- «Ахуалдық орталық», «Қоршаған орта жағдайының мониторингі», «Жобаларды экологиялық сараптамалаудың мемлекеттік жүйесі», «Табиғат пайдаланушылар қызметіне мемлекеттік бақылау», «Табиғат қорғау іс-шараларына инвестициялау мониторингі», «Қоршаған ортаны қорғау саласында нормативті база» ақпараттық жүйелерін әзірлеу, дамыту, енгізу және даналау;
- ақпараттық жүйесін жүйелі ықпалдастыру.
Түпкі нәтиже: қоршаған ортаны қорғаудың Тұтас ақпараттық жүйесін құрудың бірінші кезеңін іске асыру.
Уақытылығы: келісім-шарттар жасау, тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсету, сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес жасалады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: шешімдерді қабылдау және басқаруды қолдау үшін ақпараттар алу, ақпаратты іздеу және алуда мәліметтерді беру және өңдеу кезінде жеделдікті көтеру.