7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 25 елді мекендегі 63 бақылау бекетінде 16 көрсеткішке дейінгі атмосфералық ауаның жай-күйі туралы деректер, 10 көрсеткіш бойынша 41 бақылау пунктіндегі атмосфералық жауын-шашынның және 32 бақылау пунктіндегі қар жамылғысының жай-күйі туралы деректер, 68 су объектісінде, оның ішінде 18 бақылау пунктіндегі трансшекаралық су объектілері бойынша 50 көрсеткішке дейінгі жер үсті сулары жай-күйі туралы деректер, 17 елді мекендегі, 5 көрсеткішке дейінгі топырақтың жай-күйі туралы деректер, радиациялық жай-күйдің деректері (72 бақылау пунктіндегі гамма-фон, 40 бақылау пунктіндегі жиынтық бета-белсенділікке атмосфералық жауын-шашын сынамаларын іріктеу және талдау туралы деректер), Бурабай кешенді станциясындағы аялық мониторинг деректері; Арал өңіріндегі қоршаған ортаның және халық денсаулығының жай-күйі туралы деректер, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аумағындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы, Балқаш көлі бассейнінің, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі, Щучье-Бурабай курорттық аймағының, Нұра өзенінің бассейніндегі қоршаған ортаның жай-күйі туралы деректер, уытты құрауыштарды трансшекаралық тасымалдауға мониторинг бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат алу. Мемлекеттік органдарға ұсынылатын қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық бюллетендердің шығарылуы, халықты ақпараттандыру.
Зымыран-ғарыштық қызметтің әсер етуіне ұшыраған Қазақстан Республикасы аумақтары учаскелерінің экологиялық жай-күйі туралы деректерді алу.
Қоршаған орта жай-күйіне аэроғарыштық мониторинг деректерін алу (алау қондырғыларында ілеспе мұнай газды жағу кезінде атмосфераның ластануы туралы, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің акваториясы мен жағалау аймақтарының көмірсутекті ластану туралы, мұнай операцияларын жүргізу кезінде топырақтың мұнаймен ластануы туралы).
Түпкі нәтиже: экологиялық жүйелерге қауіпті антропогендік құбылыстардың теріс әсер етуінің алдын алу үшін қажетті, қоршаған ортаның жағдайы туралы шынайы деректермен мемлекеттік органдарды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүргізуге қолданыстағы бақылау желінің орта салмақтағы шығындарының есебінен мынаны құрайды:
айына атмосфералық ауаның, атмосфералық жауын-шашынның және қар жамылғысының жай-күйіне мониторинг бойынша - 7728,5 мың теңге;
айына құрлықтағы жер үсті сулардың және теңіздердің жай-күйіне мониторинг бойынша - 3574,2 мың теңге,
айына топырақтың жай-күйіне мониторинг бойынша - 414,8 мың теңге,
айына радиациялық мониторинг бойынша - 395,7 мың теңге.
1 айға бір станцияға аялық мониторинг жүргізудің құны - 176,8 мың теңге.
1 айға Арал өңіріндегі қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына мониторинг жүргізудің құны - 792,3 мың теңге.
1 айға Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 1619,4 мың теңге.
1 айға «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 1260,8 мың теңге.
1 айға Щучинск-Бурабай курорттық аймағына мониторинг жүргізудің құны - 1184,5 мың теңге.
1 айға Балқаш көлі бассейнінің қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 1006,9 мың теңге.
1 айға Нұра өзені бассейнінің қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 760,7 мың теңге.
1 айға уытты құрауыштарды трансшекаралық тасымалдауға мониторинг жүргізудің құны - 1200,8 мың теңге.
1 айға зымыран-ғарыштық қызметтің әсер етуіне ұшыраған Қазақстан Республикасы аумағының учаскелерінің жай-күйіне экологиялық мониторинг жүргізудің құны - 2083,3 мың теңге.
Уақтылығы: қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайын мемлекеттік органдарды ақпараттандыру.
Сапасы: экологиялық жүйелерге қауіпті антропогендік құбылыстардың теріс әсерін болдырмау үшін мемлекеттік органдарды уақытылы ақпараттандыруға мүмкіндік беретін, тиімді жұмыс істейтін экологиялық жүйе.
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 390-ҚОСЫМША алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
391-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
««Қазаэросервис» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 874000 мың теңге (сегіз жүз жетпіс төрт миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы; «Бүкілдүниежүзілік метеорологиялық ұйымы конвенциясына қосылу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі № 296 қаулысы; «Қазгидромет» және «Қазавиамет» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазавиамет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы № 758 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтық авиация әуе кемелерінің шарттық негізде ұшуларын сапалы метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен тиімділігіне жәрдемдесу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауа райын бақылауды жүргізу, метеорологиялық деректерді жинау, талдау және қорыту, ауа райы болжамын жасау және метеорологиялық қызмет көрсету, метеорология қызметтерін техникалық қайта жарақтандыру.
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сатып алынған метеорологиялық жабдықтар ИКАО және Бүкілдүниежүзілік метеорологиялық ұйымның халықаралық стандарттарына сәйкес қазіргі заманғы халықаралық деңгейде жедел, дәл және сенімді метеорологиялық қамтамасыз етуге азаматтық авиацияның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Адам қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, авиацияда оның болжамы 100 пайыз дәл болуы тиіс жалпы ауа райы болжамдарымен қатар қауіпті құбылыстарды болжаудың да сапасын арттырады.
Осы жабдықтармен жабдықтау барысында әуежайлардың метеорологиялық қызмет органдарының жұмысы үздіксіз жүреді, бұл метеорологиялық жағдайлар бойынша рейстерді кешіктірмей, ұшулардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
«Метеор-Метеоячейка» метеорологиялық радиолокаторы 300 км радиуста найзағай, нөсер сияқты ауа райы құбылыстарын бақылауды қамтамасыз етеді, бұл синоптикке барлық осы құбылыстарды уақтылы болжауға мүмкіндік береді, сөйтіп әуе кемелерінің экипаждарына берілетін ақпараттың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Жұмыс станциялары ауа райының барлық өзгерістеріне жедел ден қоюға, болжамға уақтылы түзетулер енгізуге мүмкіндік береді, сөйтіп берілетін ақпараттың сапасын арттырады.
Қазіргі заманғы жаңа жабдықтармен жұмыс істеу еңбек сапасы мен өнімділігін арттырады, өйткені аспаптар оңай пайдаланылады, синоптиктер мен ұшуларды басқару жөніндегі диспетчерлердің жұмыс орындарына деректер беруде өте сенімді әрі ұтқыр.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының әуежайларындағы азаматтықты авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету сапасын арттырады және әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігіне, тұрақтылығына әрі тиімділігіне жәрдемдеседі.
Уақтылығы: құрылымдық бөлімшелердің метеорологиялық жабдықтарын халықаралық стандарттардың талаптарына сай қазіргі заманғы метеорологиялық жабдықтармен техникалық қайта жарақтандыруды жүргізу.
Сапасы: азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру жөнінде авиациялық метеорологиялық станцияларға жүктелген функцияларды барынша тиімді атқаруға қол жеткізу, Қазақстан Республикасындағы әуе кемелері ұшуларының тұрақтылығына, тиімділігіне және қауіпсіздігіне жәрдемдесу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жаңа метеорологиялық жабдықтар мен аспаптарды қолдану есебінен көрсетілетін қызметтердің көлемін ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру.