7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 2005 жылы басталған 2 тақырып бойынша және 2006 жылы басталған 3 тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зертеулерді аяқтау; 1 жаңа тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді бастау.
Түпкі нәтиже: жер сілкінісінен мүмкін болатын зиянды азайту, жаңа технологиялармен және нормативтік құжаттармен құрылыс индустриясының базасын дамытуды қамтамсыз ету, тиімді, экологиялық таза құрылыс материалдарын шығаруды дамыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 2820,0 мың теңгеден 24000,0 теңгеге дейін құрайды.
Уақтылығы: жасалатын шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапасы: қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелері ғылыми-техникалық өнімнің халықаралық талаптармен сәйкестігі, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың оң қорытындысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
360-ҚОСЫМША
233-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1222492 мың теңге (бір миллиард екі жүз жиырма екі миллион төрт жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2006-2008 жылдарға арналған әр түрлі мақсаттағы перспективалық жаңа материалдарды әзірлеу» ғылыми-техникалық бағарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 274 қаулысы; «Инфекцияға қарсы жаңа препараттар жасаудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы № 703 қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауы; «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: технологияларды және жабдықтарды жетілдіру мен өнеркәсіптің қайта өңдеу салаларында жаңа өндірістерді құруға бағытталған отандық ғылыми әзірлемелер негізінде отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бәсекеге қабілетті өнімді шығару жөніндегі тәжірибелік өндірістерді ұйымдастыруды қоса алғанда, машина жасау, аспап жасау, тау-кен ісі және металлургия, химия мен фармацевтика саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: І бөлімнің іс шаралары бойынша:
1) жартылай өткізгіш материалдар, наноматериалдар, қорытпалар мен композициялық материалдар алу саласында ҒЗТКӘ жүргізілді;
2) жүйелік әрекет ететін инфекцияға қарсы жаңа препарат жасалды.
II бөлімнің іс-шаралары бойынша:
1) көлденең және еңістік бұрғылауды, ұңғыларға күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндік беретін мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауға арналған жүк көтерушілігі 125, 160 және 200 тонналық жаңғыртылған, ұтқыр бұрғылау кешендерінің тәжірибелік үлгісінің жұмыс жобалық-конструкторлық құжаттамасы әзірленді;
2) машиналар мен тетіктерді автоматтандырған жобалау бағдарламалық кешені әзірленді. Өнеркәсіптің мұнай-газ саласы үшін САLS-технологиялары негізінде. Тік отырғызылған ұңғының негізгі діңгегінен бүйірлік қосымша діңгектерді кесуге бағдарлау үшін технологиялар мен құрылғылардың тәжірибелік үлгісі әзірленді;
3) қатып қалған мазутты сұйытуға арналған жобалық-техникалық құжаттама әзірленді және тиімділігі жоғары ұтқыр жаңа қондырғы жасалды;
4) өнімділігі жылына 1500 тонна болатын Қазақстанның базальт жынысының ерітіндісін алу үшін жаңа тиімділігі жоғары плазмалық электр магниттік реактор жасалды;
5) технологиялық процестерді басқаруды бақылау үшін жаңа өлшеу құралдарының тәжірибелік үлгілері дайындалды;
6) поликапиллярлық оптика негізінде аспаптардың сериялық үлгілерінің прототиптеріне сынау жүргізілді;
7) Борлы кен орындарының кендерін, Қаратау кварциттерін, техногендік шикізатты өндірудің, байытудың және қайта өңдеудің, таха металдар алудың технологиялық регламенттері әзірленді;
8) күрделі кендік, техногендік, кондициялық емес шикізатты өндірудің, байытудың және қайта өңдеудің жаңа процестерін өнеркәсіптік игеру үшін техникалық регламенттер әзірленді;
9) жүннің жума суларынан жүн майын алудың және ланолиннан стерин спиртін алудың әдістері жасалды;
10) өндірістер қалдықтарын пайданала отырып, егіс алаңдарын қоректік элементтердің қосымша санымен 1,4 - 1,8 есе қамтамасыз етуге, сирек металдар концентратын жанама алуға, пигменттер мен сорбенттерді алуға мүмкіндік беретін өзіндік құны төмен тиімділігі жоғары қолдануы ұзартылған күрделі-аралас тыңайытқыштарды алу технологиясы әзірленді;
11) жаңа отандық бірегей дәрмектік және өсім реттегіш субстанцияларды және препараттарды әдісі мен технологиялары, тәжірибелік-өнеркәсіптік партиялары әзірленді;
12) ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын 30-50%-ға ұлғайтуға мүмкіндік беретін табиғи шикізат және техногендік қалдықтар негізіндегі экологиялық таза органдық-минералдық тыңайытқыштар мен өсім стимуляторларын алудың технологиясы әзірленді;
13) оттан қорғаудың көбікті материалдардың технологиясы әзірленді және оның тәжірибелік партиясы мен шығарылатын өнімге техникалық құжаттама алынды;
14) GMP стандарттары бойынша «Арглабин» және «Салсоколлиннің» капсулденген нысандарын алудың технологиялық регламенті әзірленді.
Түпкі нәтиже: І бөлімнің іс-шаралары бойынша:
1) әзірленген технологиялар мыналарды алуға мүмкіндік береді:
- жартылай өткізгіш материалдарды алу үшін пайдаланатын материалдар: отандық шикізаттан 99,999 % тазалығы жоғары техникалық кремний, 99,95 % тазалығы бар силан және 1.10-5% қоспасы бар жартылай кристалды кремний;
- механикалық беріктігін және тозуға төзімділігін 2-3 есеге, ыстыққа төзімділігін 200-400оС ұлғайтатын беткі наноқұрылымдар;
- беткі катализаторлардың каталиттік белсенділігін 2 есеге ұлғайтуға мүмкіндік беретін нанотехнологиялар;
- наноқұрылымдық аккумуляторлардың сыйымдылығы мен қызмет ету мерзімін 2 есеге ұлғайтуға мүмкіндік беретін технология;
- конструкциялық материалдардың қызмет ету мерзімін 2-3 есеге ұлғайтуға мүмкіндік беретін материалдар мен қорытпаларды алу технологиясы;
2) бактериялар (туберкулез, бруцеллез), вирустар (ВИЧ, В, С гепатиттері), вирустық-бактериалдық ассоциаттар туындатқан аурулардың және микроорганизмдердің антибиотикке төзімді штаммаларымен шарттасқан аурулардың деңгейін төмендету.
II бөлімнің іс-шаралары бойынша:
1) республиканың мұнай өндіру компанияларын 3500-4000 м. тереңдікке дейін бұрғылау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін шетелдік соған ұқсас құралдармен кен орындарының жағдайларына бейімделген отандық өндірістің ұтқыр бұрғылау кешендерімен жарақтандыру;