ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- кемінде 100 бірлік мемлекетаралық стандарттарды талдау және жүйелеу;
- кемінде 120 бірлік мемлекеттік стандарттарды әзірлеу;
- стандарттау, метрология, сертификаттау саласында кемінде 300 халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды сатып алу;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мәртебесінде кемінде 25 техникалық регламенттерді әзірлеу, сондай-ақ оларды халықаралық талаптарға сәйкес сараптау.
- республикада қолданыстағы ТСН-ның 12 мемлекеттік жіктеуіштерін жүргізу, Жіктеуіштер депозитарийінің деректер қорын енгізу;
- жасалған эталондардың саны кемінде 9 бірлік;
- кемінде 80 қызметкердің эталондарға қызмет көрсетуі, жасалатын эталондарды пайдалануға беру, жабдықтарға сервистік қызмет көрсету, кемінде 5 маманның халықаралық семинарларға қатысуы;
- салыстырып, тексеру зертханаларын құру және өлшем құралдары үшін салыстырып, тексеру жұмыстарын ұйымдастыру;
- кемінде 25 метрологиялық қызметтерінің өлшем құралдарының тексеру және калибрлеу нәтижелері бойынша зертханааралық салыстыруды ұйымдастыру және жүргізу;
технологиялық жабдықтың, ғимараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ «Сол жақ жағалау» КС 110/10-ға 10 Кв 2 ұяшықты сатып алу және орнату;
- кемінде 3 өлшеу зертханасын және халықаралық талаптарға сәйкес персоналды сертификаттау жөніндегі органды аккредиттеу, халықаралық талаптарға сәйкес кемінде 30 маманды даярлау;
- электр қауіпсіздігіне, электрлік магниттік сыйымдылыққа сынақтар жүргізу үшін мемлекеттік сынақ орталығын зертханаларын ұйымдастыру және жабдықтармен жарақтандыру;
- кемінде 2 маманды шет елдердің жетекші институттардың мамандармен тәжірибе алмасу арқылы эталондарда жұмыс істеуге оқыту;
- кемінде 3 салалық және (немесе) өңірлік семинарлар жүргізу;
- аккредиттелген туралы органды және 3 зертхананы халықаралық деңгейде акредиттеу;
- кемінде 3 зертхананы зертханааралық салыстырмалы сынақтар жүргізу.
Түпкі нәтиже: техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін жетілдіру және дамыту, шетелдердің қажетті халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарын сатып алу, қолданыстағы мемлекеттік стандарттардың халықаралық талаптармен үйлестіру және қайта қарау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, әзірленіп жатқан техникалық регламенттерге дәлелдемелік дерек ретінде мемлекеттік стандарттарды әзірлеу;
Техникалық реттеудің мемлекеттік заңнамалық базасын жетілдіру, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетін арттыруға және оның шетел мемлекеттерінің нарығына жылжытуға жәрдемдесу, инвестициялық климатты жақсартуға жәрдемдесу;
ТЭА жіктеуіштер депозитарийінің деректер қорын енгізу арқылы мемлекеттік органдар мен мүдделі тұлғаларға өзектендірілген жіктеуіштерді ұсыну;
мемлекеттік стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестірудің пайызын 60 %-ға дейін ұлғайту;
ұзындық және салмақ өлшемдерінің республикадан тыс әкетілетін санын 80%-ға қысқарту;
республиканың экономика салаларындағы өлшемдердің қолда бар түрлерінің 70% метрологиялық қажеттіліктермен қамтамасыз ету;
азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, қоршаған ортаның және сауда-коммерциялық операциялардың жағдайын бақылау кезінде пайдаланылған өлшем құралдарын салыстырып, тексерудің кемінде 30%-ын қамту;
геометрлік шамаларды өлшеу жөніндегі метрологиялық қызметтерді зертханааралық салыстырудың кемінде 8%-ын, тығыздық пен тұтқырлық өлшемдері бойынша кемінде 10%, электрлік өлшемдер бойынша кемінде 13%-ын қамтамасыз ету;
Эталон орталығы ғимаратының барлық технологиялық жабдығының үздіксіз және апатсыз жұмыс істеуі, мамандар үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жасау;
саудадағы техникалық кедергілерді жою мақсатында қазақстандық зертханалардың өлшем нәтижелерін халықаралық деңгейде тану;
электрлік өлшемдер саласында кәсіпорындардың сынақ базасымен қамтамасыз етілуі 90%, өнімнің қауіпсіздігі 60%;
техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау;
- эталондардың талдауын жүргізу, эталондардың белгісіздігін есептеу, мемлекеттік эталондардың дәлдігін арттыру ұсынысымен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебін құрастыру;
қазақстандық сертификаттардың сәйкестігін халықаралық деңгейде тану үшін негіз жасау;
- зертханалардың құзыреттілігін растау;
халықаралық практикаға өту және зертханалар алынатын зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде тану үшін негіздер жасау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1 нормативтік құжатқа талдау жүргізудің орташа құны - 71 мың теңге,
1 стандартты әзірлеудің орташа құны - 913 мың теңге,
сатып алынатын 1 нормативтік құжаттың орташа құны - 39 мың теңге,
1 техникалық регламентті әзірлеудің орташа құны - 4500 мың теңге,
1 техникалық регламентті сараптаудың орташа құны - 550 мың теңге,
1 мемлекеттік жіктеуішін өзектендірудің және енгізудің орташа құны - 476 мың теңге;
эталондарды құруға арналған шығындар, эталонның орташа құны 3 млн. теңгеден 75 млн. теңгеге дейін құрайды;
1 эталонды ұстауға арналған шығындар жылына орташа 3 877 мың теңгеге дейін;
тексеру зертханаларын құруға арналған шығындар, 1 тексеру жабдықтарының орташа құны 1 млн. теңгеден 35,0 млн. теңгеге дейін құрайды;
метрологиялық қызметтің жалпы санының кемінде 8%-ын техникалық құзыреттілігін растау;
Эталондық орталық ғимаратының 1 шаршы метрін ұстауға арналған шығынның шартты құны 17,5 мың теңгені құрайды;
бір өлшеу зертханасын акредиттеуге арналған шығындар орташа есеппен кемінде 13 000 мың теңге;
персоналды оқыту жүргізуге арналған шығын бір маманға орташа есеппен кемінде 400 мың теңге;
өлшеу құралдарын сынауға арналған шығындарды төмендету;
республиканың эталондық базасының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, бір маманды оқытуға арналған орташа шығындар кемінде 16 мың теңге; 1 семинарды өткізуге арналған шығындар - 1000 мың теңге; 1 сарапшыны тартуға арналған орташа шығын 6000 мың теңге; бір мамандарды даярлауға арналған орташа шығын 571 мың теңге;
бір зертхана үшін салыстырмалық сынақ жүргізуге арналған орташа шығын 1608,7 мың теңге.
Уақтылығы:
жұмыстарды орындаудың күнтізбелік жоспарларына сәйкес.
Сапасы:
- отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін жағдайлар жасау және оны әлемдік нарыққа ықпалдастыру;
- стандарттарды пайдаланушыларға сауалнама жүргізу, кәсіпкерлердің пікірлері, мемлекеттік стандарттарды үйлестіру деңгейі;
- техникалық регламенттерді әзірлеу және қабылдау арқылы адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін өнімдер мен процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- әзірленетін техникалық регламенттердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін белгілеу, мүдделі тұлғаларды ауқымды ортасын талқылау үшін тарту;
- нәтижесінде жіктеу және техникалық-экономикалық ақпараттарды кодтау жүйесінде тиімді әрекет ететін саудадағы техникалық тосқауылдарды жою;
- қажетті деңгейдегі эталондық базаны құру, өлшеудің нақтылы мен дұрыстығын арттыру, өлшеу техникасын, экономиканың өсуін және сауданың дамуын, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуы үшін халықаралық талаптарға сәйкестігін жетілдіру;
- өлшеудің ұлттық жүйесінің халықаралық талаптарға бейімделуі;
- мемлекеттік эталондар жаңғыртатын және беретін шама бірлігінің дәлдігін арттыру, өлшеудің сенімді емес нәтижелерінен болатын экономикалық шығындарды жою;
- тұтынушылардың отандық өнімдер сапамен және қауіпсіздігімен қанағаттандыру деңгейі;
- тұтынушылардың өлшеудің дәлдігімен қанағаттандыру деңгейі;
- мамандар үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау;
- республикада халықаралық деңгейде жүзеге асырылатын өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс нәтижелерін тану;
- қоғамның белсенділігін арттыру, оның техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, ДСҰ талаптарын орындауға қатысуы;
- қазақстандық сертификаттарды шет елдерге сәйкестігін тану;
- өнім қауіпсіздігін сынау және бағалау нәтижелерінің сенімділігі мен дәлдігін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
366-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы
нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 902951 мың теңге (тоғыз жүз екі миллион тоғыз жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 12-бабы; «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 6-бабы; «Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 28 және 29-баптары; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 8-бабы; «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері шеңберіндегі келісімдер мен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1992 жылғы 22 маусымдағы № 540 қаулысы; «Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 67 қаулысы; «Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі кейбір мәселелер» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы № 557 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: құрылыс саласын халықаралық талаптарға жауап беретін сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы қазіргі заманғы мемлекеттік нормативтермен қамтамасыз ету, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі кезіндегі техникалық кедергілерді жою, экономиканың базалық салаларының объектілерін салу үшін жобалаудың нормативтік базасын жаңарту және жетілдіру, сондай-ақ мемлекет бюджеті есебінен салынатын әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі объектілерін салу үшін типтік жобалармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласында мемлекеттік нормативтерді, сондай-ақ үдемелі материалдарды, инженерлік жабдықтарды және тұрғын үй-азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстағы технологияларды пайдалана отырып, жобалық ұсыныстар, техникалық шешімдер әзірлеу және қайта өңдеу;
біздің заңнамалық базамызға бейімделген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің өзара мүдделерін көрсететін объектілерді жобалау және құрылысы үшін нормалардың талаптарымен үйлестірілген мемлекетқаралық нормалар мен ережелерді, стандарттарды сатып алу;
құрылыс саласын мемлекеттік тілдегі мемлекеттік нормативтермен қамтамасыз ету;
тұрақтылық, беріктік, жарылыс-өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету проблемалары бойынша іздестіру, жобалау, салу үшін жалпы техникалық нормативтік құжаттар базасын қалыптастыру; сметалық-нормативтік құжаттамаларды жетілдіру және сметалық нормалардың нормативтік базасын кеңейту;
сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік нормативтерді әзірлеу және қайта өңдеу; үлгілік жобаларды әзірлеу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: