ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- экономикаға кредит беру көлемдерінің өсуі, өңірлік және салалық кредит беру лимиттерінің және 1 қарызгерге тәуекел бойынша лимиттерін арттыру;
- жаңа жоғары технологиялық компанияларға қатысу;
- инновациялық инфрақұрылымдарды дамытуға қатысу;
- перспективтік компаниялар жобаларын инвестициялау және инвестициялар тарту;
- республика өңірлерінде микрокредиттеу жүйесін дамыту;
- шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін кредиттердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- даму институттарын тиімді басқару.
Kazyna Capital Management» АҚ құру;
«Әлеуметтік инновациялық технологиялар» АҚ құру;
(Осы толықтырулар мен өзгерістер Республикалық бюджет комиссиясының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 4 және 2007 жылғы 14 мамырдағы № 6 хаттамаларына сәйкес енгізіліп отыр)
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес іс-шараларды іске асыру мақсатында еншілес ұйым құру;
- «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-та «Астана-Финанс» АҚ акцияларының шектеуші пакетін сақтау;
Түпкі нәтиже:
- Қазақстанның Даму Банкі тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- экономиканы ауқымды кредиттеу;
- инновациялық инфрақұрылымды дамыту;
- әлем бойынша жоғары технологиялық компанияларды сатып алуға қатысу;
- түпкі өнімнің экспортына бағытталған өндірісті дамыту;
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
- Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын арттыру;
- экономиканың барлық секторларында инвестициялық және инновациялық белсенділігін арттыру және ынталандыру.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес.
Сапасы: шикізаттық емес секторларды дамытуға бағытталған өндірістің көлемін ұлғайтумен қоса ел экономикасы құрылымын әртараптандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
370-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда(бұр.ред.қара)
2007 жылға арналған
019» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының
инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін нысаналы даму трансферттері
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2970546 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз жетпіс миллион бес жүз қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығы; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі 770 қаулысы; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1151 қаулысы; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 279 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 мамырдағы № 439 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тоқыма өнеркәсібін дамыту, Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне енуін жандандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: инфрақұрылымдарды құру және 15 жаңа иіру, тоқу және тігу өндірісін, дайын бұйымдар өндірісін салу үшін тоқыма секторына инвесторлар тарту жөнінде қолайлы инвестициялық ахуал жасау; дайын тоқыма өнімін өндіру үшін әлемдік брендтерді тарту; тиімділігі жоғары өндірістерді құру.
ҚР Үкіметінің 2007.12.02. № 97 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Әкелме инженерлік-коммуникациялық желілерді (сумен жабдықтау және құбыр, электрмен жабдықтау, газ құбыры, телефон орнату), кіреберіс темір жолдарын, автомобиль жолдарын және Бадам өзені арқылы автомобиль көпірін, кеден үшін қосымша құрылыстар (бақылау өткізу пункті, таразы, бақылау алаңы) салу.
Түпкілікті нәтиже:
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамыту, қазіргі заманғы жоғары технологиялық кәсіпорындарды салу, отандық экономиканың тоқыма және тігін өнімі импортына тәуелділігін еңсеру, қосымша жұмыс орындарын құру, дайын тоқыма өнімін өндіру үшін әлемдік брендтерді тарту, сапа мен ассортиментті жақсарту есебінен өнімнің бәсекеге қабілетін арттыру, өнімнің шығындарын төмендету, ұлттық экономиканы бәсекеге қабілетін арттыру және оны әлемдік экономикаға біріктіру.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
- өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, отандық мақта талшығын қосылған құны жоғары дайын өнімге дейін қайта өңдеу;
- өңірге инвестицияларды, қазіргі заманғы технологияларды тарту;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетін арттыру, әлемдік нарықтың дәстүрлі және жаңа сегменттерін бекіту және игеру есебінен экспорттың құрылымын түпкілікті өнім пайдасына өзгерту үшін ғылыми және өнеркәсіптік-технологиялық негіздерді құру;
- сапаны, ассортиментті жақсарту және өндіріс шығындарын төмендету есебінен өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы:
Арнайы экономикалық аймағын құру жоғары технологиялық өндірістер мен технологияны дамытуға, республиканың ғылыми және техникалық әлеуетін пайдалануды ұлғайтуға, тоқыма өнеркәсібі саласында бәсекеге қабілетті өнімнің жаңа буынын әзірлеу және өндіру үшін технологиялық негіз құруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
371-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
««Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның жарғылық капиталын
қалыптастыру» деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 200000 мың теңге (екі жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы; «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 12 сәуірдің 2004 жылғы Заңы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы; «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 616 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканы әртараптандыруға және жоғары қосылған құны бар тауарлар өндірісін ынталандыруға бағытталған Қазақстан Республикасының сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру; Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруі және Қазақстанның экономикалық негізделген шарттарда басқа да өңірлік интеграциялық бірлестіктерде мүшелігі; қазақстандық тауарлардың сыртқы рыноктарға қолжетімділігін кеңейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстанның сыртқы және ішкі саудасын дамытуға бағытталған сапалы талдау және зерттеулерді жүргізу; сауда саясаты мәселелері жөніндегі сыртқы экономикалық қызметтің мүшелеріне консультация беру; отандық бизнесті ДСҰ ережелерімен таныстыру жұмыстарын жүргізу; қажетті хабарламаларды беру мәселелері және жалпы қолданудың сауда шараларына қатысты ДСҰ-ға қатысушы елдердің мәселелеріне жауаптар жөнінде ДСҰ Хатшылықтарымен өзара іс-қимыл.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту халықаралық және ішкі сауда саласындағы жоғары білікті, соның ішінде сауда саласындағы экономикалық салдарын сапалы талдауды жүргізу үшін шетел мамандардың тобын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Түпкі нәтиже: Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі және Қазақстанның экономикалық негізделген шарттарда Қазақстанның экономикалық өсіміне бағытталған басқа да өңірлік интеграциялық бірлестіктерде мүшелігі, икемді кедендік-тарифтік саясатын қолдану, Қазақстанның ДСҰ-ға кіру, басқа өңірлік интеграциялық бірлестіктерде мүшелік процесі шеңберінде қабылдайтын міндеттемелердің сапасын арттыру қажеттігі; елдің экономикалық дамуында сапалы серпілісі үшін Қазақстанның әлем экономикасына ойдағыдай интеграциясы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстанның ДСҰ-ға кірудің және Қазақстан экономикасының дамуына арналған Қазақстанның басқа өңірлік интеграциялық бірлестіктерде мүшелігінің теріс салдарын барынша азайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
372-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру жөніндегі іс-шараларды
өткізу» деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14000000 мың теңге (он төрт миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы; «Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 483 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 214 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аумақтық дамуды жеделдету және өңірлік дамуға екпін түсіре отырып, Қазақстанда қалыптасқан жағдайларға барынша бейімделген өңірлердің, шикізаттық емес секторлардың бәсекеге қабілетін арттыру мақсатында Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жүктелген функциялардың барынша тиімді орындалуына қол жеткізу.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 214 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: кластерлік даму, өзін өзі ұйымдастыру және ішкі ресурстарды жұмылдырудың, әлеуетті инвесторларды экономиканың шикізаттық емес секторларына тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың тетіктерін енгізу жолымен өңірлік Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және дамыту.