2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 355-381-қосымшалар) (үзінді) (2007.13.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы тұрғындарының демалуы мен тұруы үшін инфрақұрылымды дамытуға арналған шарттарды қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласындағы Президент саябағының, Арай саябағының, Есіл өзені бойындағы парктің бас алаңның құрылысы, Есіл өзенінің арнасын, Есіл өзенінің бойындағы паркті қайта жаңғырту, Қызылорда қаласының су құбыры және кәріздер желісін қайта жаңарту және кеңейту (І кезекте), Есіл өзені бойынша кеме жүздіруді ұйымдастыру (І кезекте Сары-Арқа көшесінен Президент резиденциясына дейін) жөніндегі орындалған жұмыстардың көлемдері.

Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы тұрғындарының қолайлы тұруына және демалуына арналған объектілерді іске қосу.

Қаржылық-экономикалық тиімділік: республика үшін экономикалық тиімділік Қазақстан Республикасы тұрғындарының демалуы мен тұруы үшін қолайлы орта жасау жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі.

Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сай.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.

 

Ескерту: *) заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шаралар (бекіту күні мен № немесе ЖСҚ мемлекеттік сараптаманың қорытындысын көрсете отырып), трансферттерді игеру шеңберіндегі сандық және сапалық көрсеткіштер, күтілетін нәтижелер тиісті жергілікті бюджет бағдарламалардың паспорттарында көрсетілген.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2003 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

379-ҚОСЫМША

 

233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Приозерск қаласының

инфрақұрылымын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»

деген 037 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 100000 мың теңге (бір жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21, 24 және 27-баптары.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Приозерск қаласы халқы үшін өмір тіршілік жағдайларын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сумен жабдықтау, су бөлу, жылумен жабдықтау және санитарлық жай-күймен қамтамасыз ету, Приозерск қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

- сарқынды суларды қайта айдау станцияларының 5 сорабын жөндеу;

- Приозерск қаласының № 2 су тоғанын жөндеу, 648 шаршы метр жабынды жөндеу және 648 шаршы метрге қалыңдығы 10 см. құйма құю, 2000 шаршы метр сылақ;

- 9,8 км. жылумен жабдықтау желісін жөндеу;

- әрлей отырып, қазандық жөндеу - 1 қазандық;

- тұрғын үйлерді жөндеу - 8 кіреберіс;

- 1 апатты үйді бөлшектеу;

- 3,7 км. көше жарығын жөндеу;

- қасбет жөндеу - 1972 шаршы метр.

Түпкі нәтиже:

- тұрғын үй коммуналдық және коммуналдық шаруашылығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Қаржы экономикалық нәтиже:

- сарқынды суларды қайта айдау станцияларының 1 сорабына кететін шығын - 558,5 мың теңге;

- № 2 су тоғанын жөндеуге (жалпы құрылыс жұмыстары) кететін шығын - 6901,9 мың теңге;

- 1 м жылумен жабдықтау желісін жөндеуге кететін шығын - 6291 мың теңге;

- әрлей отырып, қазандық жөндеуге кететін шығын - 7348,5 мың теңге;

- 1 кіреберісті жөндеуге кететін шығын - 29125 мың теңге;

- апатты үйді бөлшектеуге кететін шығын - 3749,6 мың теңге;

- 1 м. көше жарығын жөндеуге кететін шығын - 1069,9 мың теңге;

- 1 шаршы метр қасбетті жөндеуге кететін шығын - 375,3 мың теңге.

Уақытылығы:

- Жөндеу жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес сумен және жылумен жабдықтау жүйелеріне ағымдық жөндеудің, мемлекеттік тұрғын үй қорын жөндеуді орындау.

Сапасы:

- бекітілген МЕМСТ-ке сәйкес халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету;

- толық су бөлумен қамтамасыз ету;

- жылу энергиясын үздіксіз тасымалдау;

- мемлекеттік тұрғын үй қорының нормативтік жай-күйін қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

380-ҚОСЫМША

 

233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне

мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін

ажырату шеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға ағымдағы нысаналы

трансферттер»

деген 111 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 108101 мың теңге (бір жүз сегіз миллион бір жүз бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті органдардың қызметін, оларға жүктелген функцияларын барынша нәтижелі орындауына қол жеткізу үшін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Жергілікті органдар аппараттарын ұстау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік органдар деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде әкімшілік функцияларды толық беру.

Түпкі нәтиже: жергілікті органдарға берілген функцияларды жүзеге асыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік қызметшілерді ұстау.

Уақтылығы: іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындау.

Сапасы: іс-шараларды толық көлемде орындау.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

381-ҚОСЫМША

 

233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»

деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 123700 мың теңге (бip жүз жиырма үш миллион жеті жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті жою.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қызметтер спектрін, ақпараттық ресурстарға және Интернетке қол жеткізушілікті кеңейту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан кyтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы халқының индустрия және сауда саласындағы хабардарлық деңгейін көтеру.

Түпкі нәтиже: ақпараттық теңсіздікті төмендету.

Уақытылығы: мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған шарттармен белгіленген мерзімдерге сәйкес.

Сапасы: Қазақстан Республикасы халқының Индустрия және сауда саласындағы ақпаратқа жедел қол жетімділігі.