Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын 1 білім алушыны даярлауға жұмсалатын орташа шығыс - жылына 261600 теңге; запастағы офицерді даярлауға - жылына 21752 теңге; докторантты даярлауға - жылына 60100 теңге; аспирантты даярлауға - жылына 122400 теңге, клиникалық ординаторды даярлауға - жылына 134100 теңге, магистрантты даярлауға - жылына 169400 теңге.
Айлық стипендия мөлшері: бір студент - 6434 теңге; бір интерн - 11652; Президенттік - 12868 теңге; атаулы - 9329 теңге; докторант - 29 359 теңге; аспирант -23 000 теңге; клиникалық ординатор - 22 041 теңге және магистрант - 22 041 теңге. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын 1 білім алушының қысқы және жазғы каникулдар кезінде жол жүруіне 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу.
Мемлекеттік жоғары медициналық білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу.
Уақтылылығы: жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді денсаулық сақтау саласының білікті мамандарының күтілетін бітірушілер саны кемінде 1721 адам, запастағы офицерлер кемінде 597, ғылыми кадрлар мен жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білімі бар мамандар кемінде 233 адам, оның ішінде докторанттар кемінде 30, аспиранттар кемінде 63, клиникалық ординаторлар кемінде 90, магистранттар кемінде 44.
Сапа: жоғары оқу орнын үздік бітірген жоғары кәсіптік білімді бітірушілердің күтілетін үлесі бітірушілердің жалпы санының 14,5 пайызы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
295-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 22 740 211 мың теңге (жиырма екі миллиард жеті жүз қырық миллион екі жүз он бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:«Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың медициналық қызмет көрсетуге қол жетімдігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтау объектілерін салуды және қайта жаңартуды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттерді қаржылық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: пайдалануға берілген денсаулық сақтау объектілерінің саны.
Түпкі нәтиже: халықтың медициналық көмекке қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беру.
Уақтылығы: қызметтерді берушілермен жасалған шарттарға сәйкес құрылысын салу және қайта жаңарту жөніндегі жұмыстардың көлемін орындау.
Сапасы: республикада нәрестенің (ананың) өлімін, туберкулезбен сырқаттанушылықты азайту, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту қамтамасыз етілетін болады.
*Ескертпе:
«2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес Инвестициялық жобалардың тізбесі, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес бекітілген іс-шаралар, трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
296-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 2 250 666 мың теңге (екі миллиард екі жүз елу миллион алты жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы; «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7 , 19, 24-баптары; «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 126 қаулысы; «Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеті жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1216 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықтың жұқпалы, паразиттік және кәсіби, соның ішінде аса қауіпті жұқпалы аурулары пайда болуының, таралуының алдын алу және азайту; шекараны жұқпалы және аса қауіпті аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау; АҚТҚ инфекциясының алдын алу және оның таралу қарқынын бәсеңдету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: індетке қарсы және алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізу үшін табиғи ошақтар мен басқа да эндемиялық өңірлерге кемінде 30 баруды жүзеге асыру, аса қауіпті жұқпалы аурулар ошақтарында індетке қарсы және алдын алу іс-шараларын өткізу, обаға қарсы күрес станцияларын аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың ошақтарында алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды өткізуге арналған дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтардың, автокөліктің кемінде 925 бірлігін, соның ішінде обаға қарсы күрес станциялар үшін кемінде 676 бірлігін, Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция үшін жабдықтың кемінде 38 бірлігін, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары үшін кемінде 196 бірлігін, ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық үшін кемінде 15 бірлігін сатып алу, Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясын және Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясын күрделі жөндеуді жүргізу.
Түпкі нәтиже: тіршілік ету ортасының адамға зиянды әсер ету факторларын жоюға немесе азайтуға бағытталған індетке қарсы және алдын алу іс-шаралар кешенін аяқтау, жұқпалы, паразиттік аурулардың, жаппай уланулардың пайда болуын және таралуын болдырмау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: сатып алынатын дезинфекциялық препарат бірлігінің орташа құны 0,449 теңге, медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтар, автокөлік бірлігінің орташа құны 307,2 мың теңге.
Уақтылығы: бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес санитарлық - індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларын орындау;
жабдықты жеткізуге жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: халықтың жұқпалы, паразиттік және кәсіби ауруларын азайту есебінен елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту; індеттік мәні бар көліктегі объектілердің санитарлық-гигиеналық жай-күйін жақсарту; халықтың АҚТҚ/ЖҚТБ туралы хабардар болу деңгейін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
297-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қанды,
оның компоненттерін және препараттарын өндіру»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 525806 мың теңге (бес жүз жиырма бес миллион сегіз жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік материалдық қор туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 12-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 18-бабы; «Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5 , 15-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2003 жылға дейін Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сырқаттарды сапалы қанмен, оның компоненттерімен және препараттармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық емдеу-алдын алу ұйымдарын, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарды қан препараттарымен (алмастырғыштармен) және оның компоненттерімен қамтамасыз ету, Республикалық қан орталығының республиканың аумағындағы төтенше жағдайлардағы жұмысқа дайындығы және жұмылдыру тапсырмасын орындау үшін жұмылдыру резервін ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: дайындалатын және өңделетін қанның болжамды орташа жылдық мөлшері 20500 литр; жобалау-сметалық құжаттамаға және мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес Республикалық қан орталығын күрделі жөндеуді аяқтау; Республикалық қан орталығын жарақтандыру үшін медициналық жабдықтың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, ұйымдастыру техникасының кемінде 155 бірлігін және 1 бірлік санитарлық автокөлік сатып алу.
Түпкі нәтиже: республикалық медициналық ұйымдарының қанға, оның компоненттері мен препараттарына қажеттілігін қамтамасыз ету, жұмылдыру резервін толықтыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 литр қанды қайта өңдеудің орташа құны - 15,9 мың теңге; бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және мемлекеттік сараптамаға сәйкес көлемде күрделі жөндеуді аяқтау; жабдықтың бір бірлігін сатып алу құны 917,4 мың теңге.
Уақтылығы: қан мен оның компоненттеріне қажеттіліктің туындауына орай оларды уақтылы жеткізу.
Сапасы: қабылданған нормативтерге сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
298-ҚОСЫМША
226-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Арнайы медицина резервін сақтау»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 16 271 мың теңге (он алты миллион екі жүз жетпіс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 28-бабы; «Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 15-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің органдары мен мекемелерінің жұмылдыру дайындығын және жұмылдыруын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі денсаулық сақтау органдары мен мекемелерге республикалық масштабта әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құрылатын мекемелер мен құрамаларды жинақтау үшін әскери міндеттілерді есепке алу мен брондауды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауының жұмылдыру резервін жинақтау, сақтау және мүліктерді ауыстыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жұмылдыру резервінің мүліктерін сақтау, жаңарту.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінің жұмылдыру дайындығын көтеру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір қызметкерді ұстау орташа шығыс - 358,3 мың теңге.
Сапасы: арнайы медициналық қамтамасыз етудің жұмылдыру резервін 100 пайыз дайындығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
299-ҚОСЫМША
226-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1731451 мың теңге (бір миллиард жеті жүз отыз бір миллион төрт жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 22, 26-баптары; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7 , 47-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 988-35қ. қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: алдын алудың, емдеу мен диагностикалаудың жаңа технологияларын енгізу негізінде азаматтардың денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әлеуметтік елеулі аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу мен оңалтуды жетілдіру, халықтың ауруының гигиеналық, эпидемиологиялық мониторингін, қадағалау мен алдын алуды жетілдіру, республикада денсаулық сақтау ісін басқару және ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша диагностикалық, емдеудің, оңалту, сауықтыру бағдарламаларының жаңа әдістерін, әзірлеу және сынау; бәсекеге қабілетті отандық жаңа препараттарды әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: