2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі) (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 436-440-қосымшалар) (үзінді) (2007.13.07. берілген өзгерістермен)

2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 436-440-қосымшалар)
(үзінді)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Мыналардың:

436, 437, 438, 439, 439-1, 440-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1085 Қаулысымен 436-қосымша өзгертілді

 

Қызметтік қолдану үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

436-ҚОСЫМША

 

Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.

 

Қызметтік қолдану үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

437-ҚОСЫМША

 

Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

438-ҚОСЫМША

 

618 - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық

жүйені құру» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 314000 мың теңге (үш жүз он төрт миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1355 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес тиімділігін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану негізінде арттыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ашу, оның жолын кесу және тергеу бойынша қаржы полициясы органдары жедел-қызмет іс-әрекеттерінің процесін автоматтандыру; қаржы полициясы органдарының Қазақстан Республикасының басқа да органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру; ақпараттық қауіпсіздік жүйесімен бірге қаржы полициясы органдарының бірыңғай ақпараттық деректер банкін құру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Экономикалық және қаржылық қылмыстардың ашылуының артуы жылына 50%, ҚР ЭСЖҚА қызметкерлері жұмысының өнімділігін 30% арттыру. Экономикалық тиімділік коэффициенті 1.23; экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ашылуын арттыру; криминалды экономиканың деңгейін түсіру; мемлекет бюджетіне салық салудан жасырылған немесе криминалды айналымға тартылған қаражаттардың қайтарылуын арттыру; экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстардың деңгейін төмендету.

 

Қызметтік қолдану үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

439-ҚОСЫМША

 

Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 439-1-қосымшамен толықтырылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

439-1-ҚОСЫМША

 

618 - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

007 «Білім беру объектілерін дамыту»

деген республикалық бюджеттік бағдарламаның

 

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 162800 мың теңге (жүз алпыс екі миллион сегіз жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 43-бабы; «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5 және 23-баптары; «Салық полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 мамырдағы № 643 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіби кадрлар даярлау үшін қаржы полициясы органдары оқу орындарының тиімді іс-қимыл жасауы.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тыңдаушыларды даярлаудың жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету мақсатында қаржы полициясы органдарының оқу орнының оқу процесіне тиісті жағдайлар жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қаржы полициясы академиясының оқу корпусын қайта құру және күрделі жөндеу жүргізу (қажетті жұмыстардың жалпы көлемінен 100%).

Түпкілікті нәтиже: Қаржы полициясы академиясы тыңдаушыларының оқу жағдайларын жақсарту.

Уақтылығы: жұмысты жүргізу кестесіне және бекітілген шарттарға сәйкес.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерге сәйкес.

 

Қызметтік қолдану үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

440-ҚОСЫМША

 

Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.