Ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум (Вашингтон, 2006 ж. 28 қыркүйек)

Ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық жөніндегі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
мен Америка Құрама Штаттарының Ауыл шаруашылығы министрлігі
арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум
(Вашингтон, 2006 ж. 28 қыркүйек)

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Ауыл шаруашылығы министрлігі,

ауыл шаруашылығы және азық-түлік секторларындағы ынтымақтастықты нығайту ниетін білдіріп;

сауда байланыстарын кеңейтудегі өз міндеттемесін растап;

күшті стратегиялық серіктестікті құруға ұмтылуын білдіріп;

ауыл шаруашылығы саудасы мен инвестициялардағы іскерлік белсенділік үшін жағдайды жақсартуға ұмтылуын білдіріп;

Кохран стипендиясы бағдарламасы, мұғалімдермен алмасу жөніндегі бағдарлама, Норман Борлаг халықаралық стипендиясы мен таяуда болған Америкалық Аграрлық өндірістік Сауда-инвестициялық миссиясы қосқан үлестердің құндылығын тани отырып;

сенім, теңдік және өзара пайда принциптерін негізге алып;

мынадай өзара түсіністікке келді:

 

 

1-бап

Мақсаты

 

Осы Меморандум Тараптардың ауыл шаруашылығы, азық-түлік және аграрлық бизнес секторларындағы ынтымақтастығын кеңейтуге және нығайтуға мүмкіндік туғызады.

 

 

2-бап

Ынтымақтастық салалары

 

Тараптар өзара тиімді болып табылатын салаларда ынтымақтастық жасауға ниет етеді. Осы ынтымақтастық мыналарды қамтиды, алайда тек бұлармен ғана шектелмейді:

- ауыл шаруашылығының биотехнологиясын түсінуге ықпал ету;

- жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігін және денсаулығын қорғауға бағытталған Тараптар мемлекеттері біруақытта қатысушылар және мүшелер болып табылатын халықаралық шарттарда және халықаралық ұйымдардың ережелерінде белгіленген ветеринария-санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдануға ықпал ету;

- ауыл шаруашылығының озық технологияларын меңгеруді жылжыту;

- қол жететін су және жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін су- және топырақты сақтайтын технологияларды меңгеруге ықпал ету;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.