7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: білім беру жүйесінің педагог қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу.
Материалдық-техникалық базасын нығайтуға біліктілігін арттыру институттарына активтер сатып алу:
Ақмола облысы - 3 бірліктен кем емес;
Ақтөбе облысы - 459 бірліктен кем емес;
Алматы облысы - 1002 бірліктен кем емес;
Атырау облысы - 7 бірліктен кем емес;
Шығыс Қазақстан облысы - 2 бірліктен кем емес;
Жамбыл облысы - 4703 бірліктен кем емес;
Батыс Қазақстан облысы - 2485 бірліктен кем емес;
Қарағанды облысы - 1003 бірліктен кем емес;
Қостанай облысы - 603 бірліктен кем емес;
Қызылорда облысы - 4001 бірліктен кем емес;
Маңғыстау облысы - 252 бірліктен кем емес;
Павлодар облысы - 1070 бірліктен кем емес;
Солтүстік Қазақстан облысы - 1004 бірліктен кем емес;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 41 бірліктен кем емес;
Алматы қаласы - 2 бірліктен кем емес;
Астана қаласы - 2 бірліктен кем емес.
Түпкі нәтиже: педагог кадрларын қайта даярлау жүйесінің сапасын арттыру және олардың біліктілігін арттыру, облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын модернизациялау арқылы жаңа педагогикалық технологияларды енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жоспарланған орташа құны:
кабинет - 1568,4 мың теңге,
оқу әдістемелік әдебиеттермен көрнекті құралдар -0,5 мың теңге,
көлік - 1533,0 мың теңге,
интерактивті және электрондық тақта -725,0 мың теңге,
ұйымдастыру техникасы - 171,0 мың теңге,
компьютерлер - 100,0 мың теңге,
оқу әдебиеттеріне арналған жиһаз -154,4 мың теңге,
баспа құралдары - 1470,0 мың теңге,
мультимедиялық жобалар - 545,0 мың теңге,
мектептік көшіру электрондық зертханасы - 620 мың теңге.
Уақтылығы: 12 жылдық білім беру кадрларын қайта даярлау үшін облыстық (қалалық) біліктілікті арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын уақытында нығайту.
Сапасы: жаңа технологияларды енгізу негізінде педагог қызметкерлерді қайта даярлау жүйесінің сапасын арттыру және олардың біліктілігін арттыру.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
277-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Жастар саясатын жүргізу"
деген 040 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 652517 мың теңге (алты жүз елу екі миллион бес жүз он жеті мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 200 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 қаулысы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы" 1999 жылғы 28 тамыздағы № 73 өкімі; "Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілде № 1165 қаулысы; "2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы; "Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 734 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жастарды әлеуметтендіру процесінде дамыту үшін ұйымдық, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау; патриоттық тәрбиелеу жүйесін мақсатты дамыту арқылы азаматтардың менталитетінде жоғары патриоттық сезімін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін қолдау; жастарды еңбек нарығына ықпалдастыру үшін жағдайлар жасау; жастардың құқықтары мен мүдделерін әлеуметтік қорғау; халықаралық жастар ынтымақтастығын кеңейту; жастар арасында азаматтылық пен патриоттылықты дамыту дарынды жастарды қолдау, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету; жастардың білім деңгейін көтеруге ықпал ету; "Жасыл ел" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жастар мен студенттерді құрылыс еңбек отрядтарына тартуды ұйымдастыру; саналы азаматтық қатынастардың құрылымын оқыту бойынша халықтың мақсатты тобы үшін мінез-құлықтың оң үлгілерін құру арқылы патриоттыққа тәрбиелеуге ықпал жасау үшін ұйымдастырушылық алғышарттары мен азаматтардың саналы азаматтық ынтымақтастық сезімін қалыптастыруға арналған шаралар жүйесін, мемлекет пен азамат арасындағы органикалық міндеттемелік байланыстар құру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: коммерциялық емес жастар ұйымдарының базасында қосымша 8 әлеуметтік қызметті құру;
республика жастарының көшбасшылық қасиетіне оқытуға және дамытуға бағытталған 15 жалпыреспубликалық іс-шара;
жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша жастар ақпараттық бюллетенін, әдістемелік оқу-құралдарын және нұсқамалар шығару;
"Жасыл ел" бағдарламасын іске асыру шеңберінде көгалдандырумен және сәулеттендірумен айналысатын кәсіпорындарда жастарды еңбекпен қамту және олар атқаратын қызметке ақы төлеу - 12 мың сарбаз;
"Жасыл ел" отрядтарының 12 мың сарбазын киім-кешекпен қамтамасыз ету;
"Жасыл ел" жастар еңбек отрядтарының 1 республикалық және 15 облыстық штабтары қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
республиканың 16 қаласында "Жасыл ел" бастамасын түсіндіріп таратуға бағытталған кемінде 45 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізу;
кемінде 8 дөңгелек үстел өткізу;
"Жасыл ел" бастамасын түсіндіріп таратуға бағытталған клипті радио мен теледидарда трансляциялау;
азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жүйесін дамытуға бағытталған 13 республикалық іс-шара;
экскурсиялық, өлкетану жұмыстары бойынша бағдарламаны әзірлеу;
патриоттық мазмұндағы балалар және жасөспірімдер кітаптарын шығару;
азаматтылық пен патриотизмді қалыптастыру бойынша жастар үшін тақырыптық кездесулер ұйымдастыру;
оқу процесін жастар арасына патриотизм сезімін орнатуға бағытталған жаңа әдістемелермен және материалдармен интеграциялау.
Түпкі нәтиже: еліміздің жастар ұйымдары мен бастамашы топтары көшбасшыларының 80 пайызғы өз жұмысын мемлекеттік-патриоттық негізде құрады;
кемінде 2 млн. жас адамдарды қоғамдық-саяси процеске белсене қатысуға тарту;
жастар ұйымдарының жұмысына кемінде 700 мың жас адам қатысатын болады;
ормандар мен ағаш өсіруді қайта өндіру, орманды сақтау, қорғау және қайта өндіру саласындағы жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған елді мекендерді көгалдандыру және сәулеттендіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға жастарды тарту - 12 мың сарбаз;
қазақстандықтардың Қазақстан Республикасымен азаматтық сәйкестендіру деңгейін көтеру;
азаматтардың патриоттық қозғалысқа қатысу қызығушылығын арттыру;
азаматтардың патриоттық санасын арттыру мемлекеттік саясатын іске асыруды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етуді күшейту;
азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жүйесін дамытуға бағытталған шараларды жандандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық деңгейдегі бір іс-шараны өткізуге арналған орташа шығыстар - 3000,0 мың теңге;
"Жасыл ел" бір сарбазының қызметіне ақы-төлеуге арналған орташа шығыстар - 20,0 мың теңге;
"Жасыл ел" бір сарбазын киім-кешекпен қамтамасыз етуге арналған орташа шығыстар - 8,3 мың теңге;
"Жасыл ел" жастар еңбек отрядтарының бір іс-шарасын өткізуге арналған орташа шығыстар - 1300,0 мың теңге;
Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің бір іс-шарасын өткізуге арналған орташа шығыстар - 3900,0 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспарларында белгіленген мерзімдерге сәйкес іс-шаралар өткізу
Сапасы: жастардың әлеуметтілігі, оқуы және кешенді өзін-өзі ұстау білуі, еліміздегі жастардың кемінде 50 пайызының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени процестерге жауапты азаматтық қатысуын нығайту;
азаматтардың санасы мен ой-өрістерінде патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді арттыру.
278-ҚОСЫМША. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
279-ҚОСЫМША. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
280-ҚОСЫМША. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
281-ҚОСЫМША. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
282-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне электрондық үкімет
шеңберінде адами капиталды дамытуға мақсатты берілетін даму трансферттері"
деген 045 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1784242 мың теңге (бір миллиард жеті жүз сексен төрт миллион екі жүз қырық eкі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамуы мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамының құрылуы" 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті жою.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Орта білім беру ұйымдарына арналған компьютерлік сыныптарды құру тұрғындарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану көптеп оқыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
2007 жылы:
- орта білім беру ұйымдарына арналған 600 компьютерлік сыныптары құрылады, соның ішінде: Ақмола облысында - 20, Ақтөбе облысында - 20, Алматы облысында - 75, Атырау облысында- 15, Шығыс Қазақстан облысында - 55, Жамбыл облысында - 50, Батыс Қазақстан облысында - 15, Қарағанды облысында - 75, Қостанай облысында - 30, Қызылорда облысында - 25, Маңғыстау облысында - 20, Павлодар облысында - 20, Солтүстік Қазақстан облысында - 15, Оңтүстік Қазақстан облысында - 130, Астана қаласында - 20, Алматы қаласында - 20;
- 200 000 кем емес адам оқытылады;
- ақпараттандыру технологиялар бойынша айлықтар өткізіледі.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында тұрғындардың компьютерлік білім алу көрсеткіштерін жоғары деңгейге жеткізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір классты құруына орта есеппен алғанда 1 382 мың теңге жоспарлануда, бір тыңдаушыға 3 900 теңге құрайды.
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздігін азайту және компьютерлік білім тұрғындардың санын алған 20 пайызға дейін ұлғайту.
Уақтылығы: іс-шаралардың орындалуы бекітілген мерзімдерге сай келісіммен жүзеге асырылады.
Сапасы: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздіктің азаюына септігін тигізетін компьютерлік кластарға келушілерге Интернет ақы ұсыну және үйрету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 282-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
282-1-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
046»«Мемлекеттік білім беру жүйесінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12 467 398 мың теңге (он екі миллиард төрт жүз алпыс жеті миллион үш жүз тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
«Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «2007-2010 жылдарға арналған»Мемлекеттік - жеке серіктестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 67-ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа сапалы білім беру қызметтеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: типтік жалпы білім беру мектептердің жаңа инфрақұрылымын жасақтау, оқушыларға нормативтік талаптарға сәйкес жағдайлар жасау.
ҚР Үкіметінің 2007.31.10. № 1017 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: