7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын дайындау және қайта даярлау көлік-коммуникациялық саласы жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығына оқу-зертханасы сатып алынады - 48 атау кем емес.
Түпкі нәтиже: техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын дайындау және қайта даярлау көлік-коммуникациялық саласы жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығының процесіне оқу-зертханасы енгізіледі, қолданыстағы (Санитарлық ережелер және Құрылыстық нормалар және ережелер) нормаларына сәйкес білім алушыларға тиесілі жағдай жасалды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: оқу-зертхана құралдарының 1 атауының орташа құны - 301,0 мың теңге.
Уақтылығы: шарттарда көрсетілген мерзімге сәйкес материалдық-техникалық базаны жаңа оқу жылында нығайту.
Сапасы: білім алушылардың білім сапасын арттыру және жаңа технологияларды білім процесіне енгізу.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
288-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
""Ғылым қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру"
деген 053 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1873791 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз жетпіс үш миллион жеті жүз тоқсан бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Еліміздегі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытуға ықпал ету. Ғылымды дамытуға жеке және кәсіпкерлік сектордың қатысуын ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ізденушілік, бастамашылық және тәуекелдік сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізу;
ғылыми зерттеулерді іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және жобалық ұйымдардың тиімді әрекет ететін жүйелерінің элементтерін дамыту.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жекеше қаржыландыруға ынталандыру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуы.
Түпкі нәтиже: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жеке тұлғалармен және кәсіпкерлік сектормен қаржыландыруды ынталандыру.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды күнтізбелік жоспарға сәйкес орындау.
Сапасы: еліміздегі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ету.
289-ҚОСЫМША. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 289-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
289-1-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
057 «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның жарғылық
капиталын ұлғайту» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 15299654 мың теңге (он бес миллиард екі жүз тоқсан тоғыз миллион алты жүз елу төрт мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 Заңы; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы; «Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық одан әрі дамуы жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығы; «Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы 375 қаулысы; «Теледидар, радиохабары және радиобайланысы республикалық қазыналық кәсіпорынын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 7 қазандағы № 1419 қаулысы; «Қазақтелерадио», телехабарларды, радио хабарларын тарату және радио байланысы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны мен «АРТБС» республикалық мемлекеттік кәсіпорынын «Қазақтелерадио» ашық акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпанындағы № 298 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ғылыми-технологиялық даму үшін:
- «Самғау» Ұлттық ғылыми-тенхнологиялық холдингі» АҚ-ға берілген мемлекеттік активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
- телекоммуникацияның бәсекеге қабілетті секторларын қалыптастыру және дамыту үшін, оның ішінде деректер берудің қазіргі заманғы технологияларын енгізу жолымен қолайлы жағдайлар жасау арқылы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1. Экономиканың жекелеген салаларында ғылыми-техникалық даму бойынша стратегиялық басымдықтарды айқындау, «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ға кіретін компаниялар тобын басқарудың тиісті даму бағдарламасын, корпоративтік моделін әзірлеу, «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның әкімшілік шығыстарын төлеу.
2. Қазақстан Республикасының барлық облыстарын қамтитын, облыс және аудан орталықтарын, сондай-ақ облыстық бағыныстағы қалаларды қоса алғанда, ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымдар құру, телерадио хабарлары желісін орнықты жұмыс істету және техникалық жаңғыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру арқылы телерадио коммуникацияларын дамытуға жәрдемдесу.
ҚР үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
тікелей нәтиже: «Самғау» ұлттық ғылыми-технолгиялық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыру;
түпкі нәтиже: экономиканың жекелеген салаларындағы ғылыми-технологиялық даму жөніндегі стратегиялық басымдықтарды анықтау;
«Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның капиталдық салымдарын қаржыландыру мүмкіндігі;
Техникалық жабдықтау және жаңғырту арқылы Қазақстан Республикасының аумағындағы теледидар және радиобағдарламаларды трансляциялаудың сенімділігі мен сапасын арттыру;
- жарықтар дабылының аялық кедергіге қатынасын кем дегенде екі есе (3 дБ) ұлғайту;
- дыбыстық сүйемелдеу арналарын псофометриялық шудан қорғануын алып жүруде кем дегенде екі есе (3 дБ) арттыру;
- радиотеледидарлық жабдықтардың техникалық үзіліс ұзақтығын электржабдықтау авариясы кезінде 80 пайызға төмендету;