7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. Арнаулы (түзету) ұйымдары үшін:
- 0,1-9 сыныптары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жасау - 18 атау;
- 0, 1, 4 сыныптары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер аудару - 8 атау.
2. 1 сыныптары үшін орысша және қазақша тілдерде электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленген - 10 атау.
3. Мектепке дейінгі 5-жастағы балаларды дайындау үшін оқу-әдістемелік кешендер басып шығарылған, тәжірибеден өткізілген және тасымалданған - 52 атау.
4. 2007-2008 оқу жылында 7, 11 сынып оқушыларын оқу әдебиетімен қамтамасыз ету:
- республикалық білім беру ұйымдары:
7-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 46 атау;
орыс тілінде - 47 атау;
11-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 134 атау;
орыс тілінде - 126 атау;
- шетелдегі қазақ диаспорасы бойынша:
11-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 102 атау.
5. 12-жылдық мектептерге 4, 5-сыныптары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленген:
4-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 16 атау;
орыс тілінде - 16 атау;
5-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 46 атау;
орыс тілінде - 47 атау;
12-жылдық мектептер үшін 4, 5-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін басып шығарылған, тәжірибеден өткізілген және тасымалдаған:
4-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 42 атау;
орыс тілінде - 42 атау;
5-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 46 атау;
орыс тілінде - 47 атау.
6. Оқу әдебиеттеріне сараптама жасау 1179 атау.
7. "Өзін өзі тану" пәні бойынша:
- 5-10 сыныптар үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленген - 21 атау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Жоспарланған оқу әдебиетінің орташа бағасы:
1. Арнаулы (түзету) ұйымдары үшін 1 басымдылық парағының орташа бағасы:
- оқулықтарды әзірлеу - 30000 теңге;
- оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу - 22000 теңге;
- оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді аудару - 18000 теңге.
2. 1-сыныптар үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу 1 оқу әдебиетінің бағасы - 1500000 теңге.
3. Мектепке дейінгі 5-жастағы балаларды дайындау үшін оқу-әдістемелік кешендердің 1 экземпляр басып шығару - 430.
4. 2007-2008 оқу жылында республикалық білім беру ұйымдары және шетелдегі қазақ диаспорасы үшін 7, 11 сынып оқушылары үшін оқу-әдістемеліктің 1 экземпляры:
- оқулықтар - 430 теңге;
- оқу-әдістемелік кешендер - 200 теңге.
5. 12-жылдық мектептерге 4, 5-сыныптары үшін:
- оқулықтың 1 басымдылық парағын әзірлеу - 24000 теңге, оқу-әдістемелік кешендердің 1 басымдылық парағын әзірлеу - 18000 теңге;
- оқулықтың 1 экземплярын басып шығару - 430 теңге, оқу-әдістемелік кешендердің 1 экземплярын басып шығару - 200 теңге.
6. Оқу әдебиетін сараптау - 4658 теңгe.
7. "Өзін өзі тану" пәні бойынша:
- оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің 1 басымдылық парағын әзірлеу - 19393 теңге.
Түпкі нәтиже:
білім деңгейін көтеру үшін оқушылар мен оқытушылардың оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сұраныстарын қамтамасыз ету.
Уақтылығы: республикалық жалпы орта білім беру ұйымдары және шетелдегі қазақ диаспорасын оқу жылының басына қарай оқу әдебиетімен қамтамасыз ету - 100 пайыз.
Сапасы: мемлекеттік сараптаманың болымды қорытындысымен оқу әдебиетін дайындау, аудару және басып шығару.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
247-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1485895 мың теңге (бір миллиард төрт жүз сексен бес миллион сегіз жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 24, 36, 37-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі; "Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бүгінгі өркениеттің түбегейлі жаңару жағдайында ойлау мен іс-әрекетке қабілетті жан-жақты дамыған, үйлесімді адамды тәрбиелеу, дарынды балаларды әлеуметтік, құқықтық және парасаттық жағынан қорғау, парасаттық мүмкіндікті қалыптастыруға ықпал жасау, республиканың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға халықты қанағаттандыру үшін оқушыларға тереңдетілген және жоғары деңгейдегі білім беруге себеп жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан келген дарынды балаларды оқыту. Оқушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламалар бойынша бейімдік пәндер арқылы тереңдете даярлау. Адамның жеке бейімділігін, шығармашылық қабілетін дамыту және азаматтыққа тәрбиелеу. Дарынды балаларды табуға қажетті жағдайлар жасау. Оқушыларды олимпиадаларға, жоғары оқу орындарына түсуге іріктеу және даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. Оқушылардың орташа саны: мемлекеттік мекемелерде - 3036, оның ішінде: әскери мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқыту бойынша - 1350, музыка мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқыту бойынша - 480, мемлекеттік тілі мен әдебиетін тереңдете оқыту бойынша - 370, жаратылыс-математика ғылымын тереңдетіп оқу бойынша - 836.
"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының оқушыларының саны - 560.
"Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығының бір кіруі - 288 құрайды.
2. Басты құралдар алу:
1) 6 республикалық мемлекеттік мекемелер үшін, оның ішінде:
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы республикалық Шымкент әскери мектеп-интернатына 9-дан кем емес (қыздыратын электр пеші - 1 дана, су өлшейтін прибор - 2 дана, жылу энергиясын өлшейтін прибор - 3 дана, электр энергиясын өлшейтін прибор - 2 дана, физика кабинеті- 1 комплект);
Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернатын 9-ден кем емес (кондиционер - 6 дана, күзет жүйесінің байқау бейнесі - 1 дана, физика кабинеті - 1 комплект, компьютерлік класс -1 комплект);
Б. Момышұлы атындағы республикалық мамандандырылған Алматы әскери мектеп-интернатына 6-дан кем емес (цифрлік фотокамера - 1 дана, физика кабинеті - 1 комплект, үрлеп ойнайтын музыкалық аспаптар оркестрі - 4 дана);
Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатына 13-тен кем емес (музыкалық аспаптар - 11 дана, комплектелген эстрадалық соқпалы аспабы - 1 комплект, сипау сырғанағы - 1 дана);
Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатына 6-дан кем емес (асханалық жабдықтар - 4 дана, күрестік кілемге арналған төсеу - 1 дана, физика кабинеті - 1 комплект);
О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатына 2-ден кем емес (физика кабинеті - 1 комплект, биология кабинеті - 1 комплект);
2) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығына, "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығына 75-тен кем емес.
3. 5 республикалық мектеп-интернаттарға күрделі жөндеу жүргізу, оның ішінде:
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты, Б. Момышұлы атындағы республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты, Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты, Республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты.
Түпкі нәтиже:
оқушыларға тереңдетілген және жоғары деңгейдегі білім беруде халықты қанағаттандыру үшін республиканың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру. Мектеп-интернаттарды басты құралдармен қамтамасыз етудің үлесі сұраныстың 20 пайызын құрайды, мемлекеттік мекемелерді күрделі жөндеуден өткізудің үлесі сұраныстың 10 пайызын құрайды.