«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 Қаулысы (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 240-291-қосымшалар) (үзінді) (2007.31.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Қаржылық-экономикалық нәтиже:

Бір оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің бір жылдық құны (күрделі шығындарды қоспағанда):

1) мемлекеттік мекемелерде - 295,47 мың теңге;

2) мемлекеттік кәсіпорындарында - 71,92 мың теңге.

Уақтылығы: оқу бітіруші оқушылардың іс жүзіндегі саны 850 адамнан кем емес.

Сапасы: республикалық мемлекеттік мекемелерді "жақсы" және "өте жақсы" бағалармен аяқтаған оқушылардың үлесі 65 пайыздан кем емес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

248-ҚОСЫМША

 

225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

"Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстарды, республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды өткізу"

деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 377 801 мың теңге (үш жүз жетпіс жеті миллион сегіз жүз бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 18, 19, 24, 36, 37-баптары; "Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: танымға және өркениетке тұлғаның дамуын дәлелдеу. Дарынды балалар мен жастарды тани білудің, іріктеудің, қолдаудың, дамытудың және білім жоғары деңгейін қамтамасыз етудің жүйесін жасау, қазіргі өркениетті түпкілікті өзгертудің жаңа жағдайында ойлауға және әрекет етуге қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру, дене тәрбиесі саласында практикалық жұмыстарды жүзеге асыру, мектеп жасындағы балалар, оқушы жастар арасында дене тәрбиесін жетілдіру; республикалық шараларды ұйымдастыру, жеке адамның дербес бейімділігін, шығармашылық қабілетін дамыту және азаматтыққа тәрбиелеу, халықаралық спорттық универсиадаларға қатысу, дарынды білім алушыларды тани білу, республикалық конкурстар, көрмелер, спорттық кешендік іс-шаралар өткізу, балалардың мәдени демалысын ұйымдастыру, дарынды балаларды іздестіру, тәрбиелеу, оқыту және қолдау жөніндегі практикалық қызметті дамыту үшін басқару жүйесін құру, дарынды балаларды тани білу үшін қажетті жағдайлар жасау, халықаралық олимпиадаларға, жарыстарға, конкурстарға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, әлеуметтік, құқықтық және дарынды балаларды мен жастарды интеллектуалдық жағынан қорғау, интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға себеп жасау. Қазақстан Республикасында жеке адамның дарындылығын дамытудың инновациялық білім технологиялары саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: халықаралық республикалық олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, семинарлар, конференцияларға, көрмелерге, семинарларға, спорттық шараларға, универсиадаларға, спартакиадаларға, чемпионаттарға, мәдени демалыстарға қатысушы оқушылардың саны - 50 мыңнан астам.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталықтарына 14 бірліктен кем емес басты құралдарды алу.

Түпкі нәтиже: балалардың өзін-өзі билеуінің кәсіби деңгейі. Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары қажеттілігінің 58 пайызын жарақтандыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: халықаралық, республикалық олимпиадаларға, ғылыми жобалар жарыстарына, спорттық шараларға, универсиадаларға, спартакиадаларға, чемпионаттарға және тағы басқа іс-шараларға қатысушыларының 1 адамына арналған шығынның орташа есебі - 7,3 мың теңге.

Уақтылығы: кесте бойынша жұмыс жүргізу.

Сапасы: халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалар жарыстарының, спорттық шаралардың, универсиадалар, спартакиадалар, чемпионаттардың жеңімпаздарының үлесі ағымдағы жылда қатысушылардың жалпы санының 0,7 пайызын құрайды.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

249-ҚОСЫМША

 

225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

"Білім беру және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау"

деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 8030867 мың теңге (сегіз миллиард отыз миллион сегіз жүз алпыс жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 14 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының ғылымын дамыту, экономиканың барлық саласына жоғары деңгейлі және бәсекелік мүмкіндігі бар кадрларды дайындау сапасын жоғарлату және жеке адаммен қауымның қажеттіліктерін қанағаттандыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: білім және ғылым объектілерін салу және қайта жаңғырту жолымен білім және ғылым мекемелерін қазіргі уақыттық әлеуметтік-экономикалық жағдайға жеткізу, білім берудің барлық деңгейіндегі ұйымдарда оқушылардың білім алу жағдайын жақсарту, білім беру және ғылым ұйымдарының желісін дамыту.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.26.12. № 1291 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: қолданысқа берілген объектілер саны - 4 объект;

құрылыстық-монтаждық жұмыстарды атқару - 14 объект бойынша белгіленген ретпен бекітілген жобалық-сметалық құжаттама - 1 объект бойынша пайдалануға берілген білім беру объектілерінің саны - 6 объект; құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін орындау - 14 объект бойынша.

жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстардың көлемін орындау - 1 объект бойынша.

Түпкі нәтиже: жоғары деңгейлі және бәсекелік мүмкіндігі бар кадрларды дайындау сапасын жоғарлату үшін білім және ғылым объектілерін қолданысқа беру.

Уақтылығы: Бекітілген келісімдерге сәйкес жұмыс өндіру графигі бойынша жұмыстар көлемін атқару.

Сапасы: Қазақстан Республикасы территориясында іске асырылатын құрылыс нормалары және ережелеріне байланысты.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

250-ҚОСЫМША

 

225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру объектілерін салуға және

қайта жаңартуға берілетін нысаналы даму трансферттері"

деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 32 425 627 мың теңге (отыз екі миллиард төрт жүз жиырма бес миллион алты жүз жиырма жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарын дамуының 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тиімді мектепке дейінгі және жалпы орта білім желісін әзірлеу және қол жетімділігін қамтамасыз ету; қолда бар оқу орындарының желісін сақтау және оны одан әрі дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: білім беру объектілерін салу және қайта жаңғыртуды іске асыру үшін жергілікті бюджеттерге қаржылық көмек беру.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

қолданысқа берілген мектептер саны - жобалық қуаты 34974 оқушы орнымен 68 объект;

қолданысқа берілген мектепке дейінгі балалар мекемелер саны - жобалық қуаты 1500 орындық 8 объект;

құрылыстық-монтаждық жұмыстарды атқару - жобалық қуаты 91188 орындық 145 объектіде.

Түпкі нәтиже: халыққа жалпы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін білім беру объектілерін қолданысқа беру, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды толығымен қамту үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайын жасау.

Уақтылығы: Бекіткен келісімдерге сәйкес жұмыс өндіру графигі бойынша жұмыстар көлемін атқару.

Сапасы:

3 ауысыммен оқитын мектептер жойылады;

- мектепке дейінгі ұйымдарға деген қажеттілігі 0,27 пайызға төмендейді;

- апатты мектептердің саны 33 пайызға төмендейді;

- оқу орындарының жалпы санына қажеттілік 27,7 пайызға төмендейді;

- мектептері жоқ ауылдық жерлердің саны 0,8 пайызға төмендейді.

*Ескерту:

"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы "Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес инвестициялық жобалардың тізбесі, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес бекітілген іс-шаралар, трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспортында көрсетіледі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

251-ҚОСЫМША

 

225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

"Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау"

деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 842150 мың теңге (сегіз жүз қырық екі миллион бір жүз елу мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 13, 33, 37-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Жолаушылар мен жүк тасымалдаудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені жетілдіру Тұғырнамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 сәуірдегі № 594 қаулысы; "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеке тұлғаның таңдаған мамандығында орта кәсіптік білім және біліктілік алу жолымен интеллектуалдық, мәдени және рухани даму қажеттілігін қанағаттандыру, орта кәсіптік білімі бар білікті мамандармен қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: орта кәсіптік білім беру оқу орындарында елімізге аса маңызды мәні бар мамандар даярлау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

Орта есеппен жылына 3165 оқушылар оқыту. Стипендиямен қамтылған білім алушылардың саны - 60 пайыздан кем емес.

Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу.

Негізгі құралдарды сатып алу:

Селезнев атындағы Алматы хореография колледжіне - 8 бірліктен кем емес;

О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжі - 30 бірліктен кем емес;

Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі - 4 бірліктен кем емес;

Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі - 14 бірліктен кем емес;

Ақмола қаржы-экономикалық колледжі - 13 бірліктен кем емес.

Көлікте жеңілдікпен жүруге қаржылай өтемақы алушы оқушылардың саны 3,2 мыңнан кем емес.

Түпкі нәтиже:

ағымдағы жылда оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа тұрған және жоғарғы оқу орнына түскен оқушылардың бөлігі 70 пайыздан кем емес.

Жоспарланған оқудан шығарылған оқушылардың бөлігі - 6 пайыз аспауы керек.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: жылына бір оқушыны дайындауға кететін орта шығын (күрделі шығынды қоспағанда) - 252,6 мың теңге.

Уақыттылығы: орта кәсіптік оқу орындарындағы дипломды алып, оқуды бітірген білім алушылардың саны 800 оқушыдан кем емес;

білім бағдарламаларының орындалуы, білім жоспарына сәйкес.

Сапасы: жоспарланған орта кәсіптік білімімен "өте жақсы" бағамен колледжді бітірген оқушылардың бөлігі - 10 пайыз.

Мемлекеттік аттестациядан қорытынды болымды нәтижеден колледж бітірген оқушылардың жоспарланған үлесі - 100 пайыз.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

252-ҚОСЫМША

 

225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

"Білім беру саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"

деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 139239 мың теңге (бір жүз отыз тоғыз миллион екі жүз отыз тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 9-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1180 қаулысы; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы.