7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде кәсіптік орта оқу орындарында білім алушы студенттер стипендияларын төлеуге стипендия мөлшерін нормативке жеткізу жолымен қаржылай көмек көрсету.
Облыстар бойынша ортажылдық стипендиаттардың контингенті - 42420, оның ішінде: Ақмола - 2029, Ақтөбе - 2000, Алматы облысы - 2007, Атырау - 1425, Шығыс Қазақстан - 3179, Жамбыл - 2512, Батыс Қазақстан - 1392, Қарағанды - 5930, Қостанай - 2918, Қызылорда - 1503, Маңғыстау - 1524, Павлодар - 2286, Солтүстік Қазақстан - 2162, Оңтүстік Қазақстан - 4474, сонымен қатар Алматы қаласы - 4404, Астана қаласы - 2675.
Түпкі нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде орта кәсіптік оқу орындарында білім алушылардың оқу үлгерімдерінің көрсеткіштерін көтеру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: стипендияның ай сайынғы төлеу айырмасы 1 оқушыға 2817 теңгені құрайды.
Уақтылығы: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде орта кәсіптік оқу орындарында білім алушылардың стипендиясының айырмасын уақтылы төлеу.
Сапасы: барлық оқушылардың 84 пайызын стипендиямен қамтамасыз ету.
*) республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
255-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Мәдениет пен өнер саласында үзіліссіз оқуды қамтамасыз ету"
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1684939 мың теңге (бір миллиард алты жүз сексен төрт миллион тоғыз жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 9 , 13, 15, 25, 26, 30, 36, 40, 44, 46-баптары, "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақ ұлттық музыка академиясын ашу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 31 наурыздағы № 269 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1782 қаулысы; "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 892 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1619 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық мәдениет мұқтаждықтарын өнер мен мәдениет саласындағы кәсіптілігі жоғары мамандармен: концерттік ұйымдарда, оқу, мәдени-ағарту орындарында орындаушы-солистік жұмыстар үшін музыканттармен, музыкалық театрлар оркестрлерінің әртістерімен, дирижерларымен, композиторларымен, музыкалық фольклор мамандарымен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: музыкалық білімнің бастауыш, орта және жоғары буындарын әдістемелік біріктіру; үлгі және икемді эксперименттік оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде үздіксіз оқу процесін қамтамасыз ету; атқарушы және педагогикалық мектептерді, баршаға ортақ буындар жүйесін қалыптастыру; оқытудың жаңа прогрессивтік әдістерін әзірлеу және енгізу; ғылыми-зерттеу және ғылыми әдістемелер жұмыс; музыкалық мәдениет, педагогика проблемаларының іргелі әзірлеушілерін жүзеге асыру; музыкалық тану әдебиетін басып шығару; Қазақстан аумағында тұратын халықтардың музыкалық мәдениетімен байланысты халықтық-дәстүрлік жанрлар мамандықтарын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
білім алушылардың орташа жылдық контингенті - 2785;
негізгі құралдарды сатып алу:
Қазақ ұлттық музыка академиясының негізгі кұралдарды сатып алуы кемінде: концерттік шағын рояль - 10 дана; үш секциялы диван - 3 дана; дыбыс шығару құралы - 1 дана; типография - 1 комплект; дәрі-дәрмектерге арналған шкаф - 1 дана; лазерлі терапия аппараты "Рикта" - 1 дана; дәрігердің чемоданы - 1 дана, ксилофон - 2 дана, маримба - 1 дана, оркестр қорнарлары - 1 дана, вибрафон - 1 дана, үлкен концерттік барабаны - 1 дана, үлкен шеру барабаны - 3 дана, шағын концерттік барабаны - 3 дана, шағын шеру барабаны - 3 дана, оркестр қақпақысы - 2 комплект, тыбыс құрлыма - 3 дана, Там-Там - 1 дана, туба - 14 дана, эйфониум - 4 дана, сузафон - 4 дана, саксафон альт - 9 дана, саксафон тенор - 11 дана, саксафон баритон - 7 дана, саксафон сопрано - 7 дана, электргитара - 1 дана, басгитара - 1 дана, қақпақысы - 1 комплект, комбокөбейткіш бас - 1 дана, комбокөбейткіш гитарасы - 1 дана, бонго - 1 дана, конго - 1 дана, перкуссияға арналған үстел - 1 дана, труба - 4 дана, трамбон тенор - 4 дана, арфа - 4 дана.
Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының негізгі құралдарды сатып алуы кемінде: микшерлік пульт - 1 дана, жарық түсіргіш құралдарын басқару пульті - 1 дана, софитті көтергіштерді басқару пульті - 1 комплект, қадағалау пушкасы - 4 дана, шкаф - 1 комплект, ұсталық әмбебап станогы - 2 дана, театрлық проекциялық құрал - 4 дана, күшті көбейткіш - 1 дана, дыбыс қатайтқыш күшейткіші - 4 дана, фортепиано - 3 дана, тігін машинкелер - 2 дана, вибрафон - 1 дана, капсулды вокалды радиомикрофон - 2 дана, екі жолды акустикалық жүйе - 2 дана, электрлік урмалы бұрғы - 2 дана, дробилка - 1 дана, комбокөбейткіш бас-гитарасы - 2 дана, компрессор ксимбао - 1 дана, конги (музыкалық аппараты) - 1 дана, маримба (музыкалық аппараты) - 1 дана;
- екі мекеменің ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеуден өткізу.
Түпкі нәтиже:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жоғары кәсіптік білімді мамандарға деген 2007 жылғы қажеттіліктен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша өнер және мәдениет саласында жоғары кәсіптік білім алғандар үлесі - 75 пайыз;
- екі жоғары оқу орнының күрделі жөндеу бойынша қажеттілігін республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету дәрежесі - 29 пайыз;
- 2007 жылғы қажеттіліктен республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орындарын жарақтандыру - 67 пайыз.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- бір студентке жұмсалатын орташа ағымдағы шығыстар (күрделі жөндеусіз) - 506,1 мың теңге.
Уақтылығы:
өнер және мәдениет саласында жоғары кәсіптік білім алған азаматтар саны - 409.
Сапасы:
- білім алушылардың жалпы санынан оқудан шығарылған студенттердің үлесі 9 пайыздан артық емес;
- бітірушілердің жалпы санынан жоғары оқу орындарын үздік бітірген жоғары кәсіптік білімді бітірушілердің үлесі кемінде 10 пайыздан.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
256-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Ұшқыштарды бастапқы даярлауды қамтамасыз ету"
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 65463 мың теңге (алпыс бес миллион төрт жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мемлекеттік авиациялық орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру және маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 қарашадағы № 1085 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтық авиация, Қазақстан Республикасының Қарулы күштер және басқа да күш құрылымдарындағы ұшқыштар құрамының дайындық сапасын көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Азаматтық академия авиациясында және басқа да мемлекеттердің авиациялық оқу орындарында ары қарай дайындау үшін Қазақстанның азаматтық авиациясындағы ұшқыштар құрамының және Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының әскерге дейінгі тұлғалардың бастапқы дайындығының сапасын жоғарылату және ұшу дайындығымен байланысты басқа да қызмет, әуе кеңістігінде ұшуды орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 50 курсант - орташа жылдық контингентін оқыту.
Мемлекеттік басқару органы бекіткен тізбеге сәйкес Мемлекеттік авиациялық орталыққа негізгі құралдарды алу.
Түпкі нәтиже: Қазақстанның азаматтық авиациясындағы ұшқыштар құрамының және Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтында және басқа мемлекеттердің әуе оқу мекемелерінде азаматтық авиация академиясында оқу үшін бастапқы азаматтық ұшқыштық дайындық.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 курсантқа бір айдағы орташа оқу құны (күрделі қаржы шығындарды есептемегенде) 71,4 мың теңге құрайды.
Уақтылығы: ұшу дайындықты өткізу оқу бағдарламасын орындау. Негізгі құралдарды жеткізу планына сәйкес.
Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияның ұшқыштық құрамының сапасын жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 220 қаулысына
257-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Балаларды оңалту"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 263377 мың теңге (екі жүз алпыс үш миллион үш жүз жетпіс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері жөнінде" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11, 13-баптары; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 37-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балалардың денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан келген әлсіз және ауру балалар, жетім балаларды, республиканың экологиялық қолайсыз аймақтарынан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы от басынан шыққан балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды, дамуында проблемалары бар балаларды тексеру және кеңес беру. Дамуында проблемалары бар балаларға туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін түзету-оңалту көмек көрсету. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың интеллектуалды және психофизиологиялық мүмкіндіктерін дамыту.