«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 Қаулысы (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 240-291-қосымшалар) (үзінді) (2007.31.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының әртүрлі ойыстарынан келген жетім балаларды, экологиялық қолайсыз аймақтардан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы от басынан шыққан балаларды, дарынды балаларды оңалту, балалардың саны 5921. Дамуында проблемалары бар балаларды табу және іріктеу; диагностикалық тексерулерді, оңалту сабақтарын өткізу, балалар саны орта есеппен 1418.

"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы үшін 45-тен кем емес негізгі құралдар алынады.

Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы үшін 12-ден кем емес негізгі құралдар алынады.

Түпкі нәтиже: балаларды салауатты өмір сүруге және өзінің денсаулығы мен өзгелердің денсаулығына қамқорлықпен қарауға үйрету.

Емдеу профилактикалық және сауықтыру шараларды жетілдіру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: жетім балаларды, экологиялық қолайсыз

аймақтарынан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы от басынан шыққан балаларды, дарынды балаларды сауықтыру, оңалтудың және олардың демалысын ұйымдастырудың құны айына 1 балаға орта есеппен шаққанда (капиталды шығыстарды ескермегенде) 2804 теңгені құрайды;

диагностика жасау, тексеру, оңалту сабақтарын өткізудің құны айына 1 балаға орта есеппен шаққанда 3163 теңгені құрайды.

Уақтылығы: келісім шарттарға сәйкес.

Сапасы: балалардың денсаулығын нығайту үшін ерте анықтау, іріктеу және олардың денсаулығын нығайтуға ықпал тигіздіретін оңалту қызметтерін көрсету.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

258-ҚОСЫМША

 

225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлау"

деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 47 177 186 мың теңге (қырық жеті миллиард бір жүз жетпіс жеті миллион бір жүз сексен алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 9 , 13, 15, 25, 26, 30, 36, 40, 43, 44, 46-баптары; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетінің Египет университеті туралы келісімді бекіту туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі № 460-II Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6-бабы; "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысы; "Мемлекеттік білім гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы; "Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысымен бекітілген ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгілік Ереже; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 125 қаулысы; "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысы; "Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарынан мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы; "Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың барлық салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді жоғары білікті мамандармен және Қазақстан Республикасының Қарулы күші үшін запастағы офицерлермен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік, экономикалық, зияткерлік және мәдени дамуын жақсарту мүмкіндігін қарастыру; мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандарды сапалы даярлау және; запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттерін әскери даярлау; жоғары кәсіптік білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту; жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еңбекпен қамтылған жоғары кәсіптік білімі бар азаматтардың пайызын көбейту.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

1) Мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқу нысанының орташа жылдық контингентін оқыту 103714 адамға дейін, оның ішінде Қазақстан Республикасында білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі магистранттар - 4 309 адамға дейін;

2) Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша студенттер мен тыңдаушыларды қабылдау - 28 590 адамға дейін, магистранттар - 2520 адамға дейін, Phd докторларды - 100 адам;

3) М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы үшін сатып алынған оқулықтардың саны - 800 бірліктен кем емес;

4) Жоғары кәсіптік білім алатын азаматтар санынан, барлық санаттағы стипендиаттардың орташа жылдық контингенті - 83 136;

5) Мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім бағдарламалары бойынша білім алушылардың орташа жылдық саны - 3 004 адамға дейін;

6) Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алатын күндізгі оқу нысаны стипендиаттарының орташа жылдық саны - 2 331 адамға дейін;

7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына орташа жылдық контингенті 585 оқушыға дейін даярлау, оның ішінде қабылдау 180 адам;

8) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 85 бірліктен азымес негізгі құралдар сатып алу;

9) Азаматтық авиация академиясының жаттығу және жазғы практикадан өтетін студенттерінің орташа жылдық саны - 28 адамға дейін;

10) Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша білім алушылардың орташа жылдық саны - 7070, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің наряды бойынша қабылдау - 3000 адам;

11) Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттары саны - 3000 адамға дейін;

12) Ұлттық жоғары оқу орындарына тартылғандар саны - 40 ставка;

13) Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында білім алушылардан жол жүру өтемақысын алатындар саны - 104 045 адамға дейін.

Түпкі нәтиже:

1) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша берілген мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары кәсіптік білімді мамандар 2006 жылғы қажеттілігінен мемлекеттік білім тапсырысы бойынша жоғары кәсіптік білім алғандар үлесі - 50%;

2) Жоғары оқу орнын бітіргендер санынан еңбекпен қамтылған жоғары кәсіптік білімді мамандар пайызы - 60% дейін;

3) жобалық-сметалық құжаттама ұсынған жоғары оқу орындарының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігін республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету дәрежесі - 20% дейін;

4) Ағымдағы жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды даярлау үшін шетелдік консультанттарды тартудағы қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі - 50%.

Қаржылық-экономикалық нәтиже:

1) Бір студентті және магистрантты оқытудың орташа құны мәртебелісіз жоғары оқу орындарында - 184,9 мың теңге, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарында 2007 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 250,0 мың теңге;

Қазақстан Республикасында білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде магистрантты оқытудың орташа құны - 381,0 мың теңге;

аспирантты оқытудың орташа құны - 114,2 мың теңге;

PhD докторын оқытудың орташа құны - 1270,0 мың теңге;

2) Стипендия орташа мөлшері:

студенттер мен магистранттар стипендиясының әдеттегі мөлшері - 6961 теңге;

Даярлық бөлімнің тыңдаушыларына - 5469 теңге;

Қазақ әйелдер педагогикалық институтының күндізгі бөлім студенттеріне - 3217 теңге;

өндірістен қол үзе отырып, оқитын аспиранттарға - 23000 теңге;

Докторанттар стипендиясының ең аз мөлшері - 29359 мың теңге;

3) Жетім балалар құрамындағы студенттер үшін тамақтану шығысының нормалары 310 теңгеден кем емес, ата-анасының қамқорлығынсыз (қорғанышсыз) қалған балалар құрамындағы студенттер үшін - 124 теңгеден кем емес;

4) Жаттығу және жазғы практика өтетін Азаматтық авиация академиясының бір студентіне жұмсалатын орташа шығыстар - 3336 мың теңгеден кем емес;

5) М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті үшін бір оқулық сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар - 1,0 мың теңгеден кем емес;

6) Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы бір офицерді даярлауға орташа шығыстар - 80 мың теңгеден кем емес.

Уақтылығы:

Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша жоғары кәсіптік білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 10 000 халыққа - 18 адам.

Сапасы:

1) Бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша мемлекеттік білім тапсырысы бойынша 1 курсқа қабылданғандардың орташа баллы - 60 кем емес, кешенді тестілеу бойынша мемлекеттік білім тапсырысы бойынша 1 курсқа қабылданғандардың орташа баллы - 50 кем емес;

2) Жаңадан қабылданғандарды стипендиямен қамтамасыз ету пайызы - 100 %, оқуын жалғастырушылар - 75 пайыздан кем емес;

3) Білім алушылардың жалпы санынан, оқудан шығарылғандардың үлесі -  2%;

4) Оқу бітіргендердің жалпы санынан, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орнын үздік бітірген жоғары кәсіптік білімді түлектердің үлесі - 10%-дан кем емес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

259-ҚОСЫМША

 

225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

"Білім беру жүйесін ақпараттандыру"

деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 4000 мың теңге (төрт миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңы 101-бабының 3-тармағы; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1459 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттандыру коммуникациялық технологияларды білім процесіне енгізу арқылы білім процесінің сапасы көтерілуі және білім жағдайын мониторлау және талдау арқылы жасалған растық деректердің негізінде сапалық басқармалық шешімдерді қабылдау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: "Қамқоршылық" бірыңғай ақпараттық жүйесінің техникалық құжатын әзірлеу.