ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтуші тыңдаушылардың орташа саны -6900.
2. түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығына басты құралдар алу - 6 бірліктен кем емес.
Түпкі нәтиже: білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асыру бойынша 2007 жылғы шараларды педагог кадрлармен қамтамасыз ету.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауда сұранымды қамтамасыз ету үлесі - 30 пайыз.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір орындаушыны оқытудың құны - 16868 теңге.
Уақтылығы: жұмыс жүргізу кестеге сәйкес.
Сапасы: Білім саласына сапалы жағдай жасау үшін мамандардың кәсіптік білімі мен іскерлігін қолдану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
261-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Сейсмологиялық ақпарат мониторингі"
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 221 944 мың теңге (екі жүз жиырма бір миллион тоғыз жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 1 , 5 , 14, 15-баптары; "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 1 , 7 , 8 , 17, 25-баптары; "Республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында қиратқыш жерсілкіністерінің залалын төмендету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттық лимиттері сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қыртысының алдағы қозғалысы туралы уақытылы болжау және ақпараттандыру арқылы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының сейсмологиялық қауіпті аудандарында жерсілкіністерін болжау мақсатында кешенді зерттеулер ұйымдастыру және өткізу, материалдық-техникалық базаны нығайту және сапалы ғылыми қызмет үшін сейсмикалық стансаларды қайта жарақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бақылаудағы аумақ пен іргелес аудандардағы жерсілкіністері туралы деректерді тіркеу және өңдеу; далалық аспаптармен бақылау жүргізу және стационарлық станциялар желісінде сапалы әрі үздіксіз сейсмикалық, геофизикалық, гидрогеохимиялық, гидрогеодинамикалық, деформографиялық, ойысөлшеу, сейсмобиологиялық ақпарат алу, алған ақпаратты алғашқы өңдеуден өткізу; зерттелетін аумақты сейсмикалық бақылау тәртібі бойынша тақырыптық жұмыстар жүргізу; Қазақстан Республикасының аумағында сейсмикалық мониторингті жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының аумағында қатты жерсілкіністердің эпицентрлік аймақтарында уақытша сейсмикалық және геофизикалық станциялардың және өзге де бақылау түрлерінің жұмысын жандандыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы директивалық органдарының өкімі бойынша жұмыстар орындау; бақылаудағы аумақ бойынша барлық байқалған және күшті жерсілкіністер туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын мерзімінде хабарландырып отыру; Білім және ғылым министрлігі жанындағы жерсілкіністерін болжау жөніндегі ведомствоаралық Комиссияға мезгілінде материалдар беріп отыру; жерсілкіністерінің оперативтік каталогтарымен бюллетендерін жасау, сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеохимиялық, деформографиялық және басқа да ақпараттар мұрағатын құрастыру; аспаптық бақылау деректерін тіркеу, жөнелту және өңдеу үрдістерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізу; жерсілкіністер болжамдары бойынша бақылау жүргізу және материалдарды өңдеу үшін жаңа әдістер мен техникалық құралдарды енгізу. Бақылауларды, тапсыруларды және деректерді өңдеуді автоматтандыру үшін сейсмикалық стансалардағы аппаратураны жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сейсмологиялық станцияның базасын материалдық-техникалық нығайту мақсатында негізгі құралдар сатып алу, олардың саны кемінде: Цифрлық сейсмикалық аппаратура - 2 дана; дебит өлшегіші - 1 дана; спектрліфотометр - 2 дана; газды хроматограф - 2 дана; автоматты титралау блогы - 8 дана; алау фотометрі - 2 дана; иономер - 2 дана; электромагнитті импульстарды тіркеуші - 2 дана; геофизикалық тіркеуші - 3 дана; дербес компьютер - 10 дана; УАЗ автомашинасы - 2 дана; спутниктік байланыс жер станциясының аппаратурасы - 3 дана; тұрақты токтың реттелуші көзі - 13 дана; перманенттік станция - 1 дана; электронды тахеометр - 1 дана; бензоэлектрондық агрегат - 5 дана.
Қазақстан Республикасының аумағындағы жерсілкіністер каталогы; алғашқы бақылау материалдарының (сейсмограммалардың, цифрлық сейсмограммалардың, деформограммалардың, күшті қозғалыстар жазбасының, геофизикалық, гидрогеогиялық, сейсмобиологиялық бақылаулар және жер қабығы қозғалыстарын қазіргі бақылау бойынша алғашқы материалдары) мұрағаттары; бақылау түрлері бойынша деректердің базалары; сейсмикалық ("Сейсмо", "Бадис", "Уақытша қатарлар", "Карточка", "Кapмex"); геофизикалық ("Магнитка", "Теллурика"), гидрогеологиялық ("Беохим"), қазіргі қозғалыстар ("Қабық"); өлшеу параметрлері негізінде жерсілкіністердің күн сайынғы оперативті болжамдары (барлығы 365 болжам);
Сейсмологиялық стансалардың беретін өңделген ақпараттарының сапалығы мен автоматты оперативтік үрдерісінің сенімділік арттыру үшін 35-і стационарлық сейсмологиялық станциялар болып табылатын 60 қадағалау пунктіндегі құрылғыларды жаңарту.
Түпкі нәтиже: сейсмикалықты, жер асты термоминералды сулардың газдыхимиялық және динамикалық режимдеріне, геофизикалық жүйелердің варияцияларына, жердің беткі қабатының қазіргі заманғы қозғалысына, жануарлардың жүріс-тұрысына режимдер бақылаулар жүргізу. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс сейсмобелсенді аудандарында қатты жерсілкіністерін болжау мақсатында ақпаратты тіркеу, жинау, тапсыру, өңдеу және сақтау процестерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізу;
жерсілкінісін болжау бойынша уақытылы ақпарат ұсыну;
қадағалау пункттеріндегі сұранысты қанағаттандыру үлесі - 90 пайыз.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 қадағалау пунктін ұстауға арналған орташа шығыстар - 3 699,1 мың теңге;
1 қадағалау пунктін жабдықтауға арналған орташа шығыстар - 1423,0 мың теңге.
Уақтылығы: жұмыстарды өткізу кестесіне сәйкес.
Сапасы: болжаудың нақтылы жер қыртысы қозғалыстарымен сәйкес келуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
262-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету және білім беру
қызметтерінің сапасын талдау"
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 589383 мың теңге (бес жүз сексен тоғыз миллион үш жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі жүйесінің ұйымдарын басқаруды жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысы; "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттық лимиттері сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім берудегі жалпы әлеуметтік үрдістерді ескере отырып, білім беру жүйесін әдістемелік жетілдіруді қамтамасыз ету білім беруді басқару жүйесін жетілдіру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен оқу-бағдарламалық құжаттамалар тәртібін сақтауды әзірлеу және талдау, дене тәpбиесі мен спорт жөнінде бағдарламалар әзірлеу, ЖОО-да оқытатын қазақ тілінде электронды мультимедиялық бағдарламаларды әзірлеу, 12 жылдық оқу бойынша стандарттар мен оқу бағдарламаларын әзірлеу және аудару. Республикалық ұйымдарында 12 жылдық оқу мерзімі енгізілген мектептердің бастапқы сатысы үлгісін сынау бойынша эксперименттік жұмыстар бағдарламаларын іске асыру. Білім беру ұйымдарының беретін оқу құралдаpының сапасы мен қабылдау деңгейін өлшеу, білім беру ұйымдарында оқу материалдарын оқытылу сапасын анықтау, оқушы контингенттерін құру механизмін жетілдіру. Институционалды және мамандандырылған аккредиттеуді жүргізу; институционалды және мамандандырылған аккредиттеуді жүргізу үшін стандарттар, өлшемдер мен баспа ресімдерін әзірлеу; сапаны қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық желілерге қатысу; білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау жөніндегі Лиссабон конвенциясын іске асыруға байланысты нормативтік құжаттарды әзірлеу және іс-шараларға қатысу, біліктілікті растау және беру жұмысшы кадрлар және техникалық мамандар мен қызмет көрсету еңбегінің кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалауды өткізу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесінің балаларға ерте жастан алғашқы түзету педагогикалық көмек көрсетуі бойынша әдістемелік құралдарды дайындау - 2;