«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 Қаулысы (үзінді) (2007.29.12. берілген өзгерістермен)

Предыдущая страница

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: суландыру ғимараттары мен ауыл шаруашылық су пайдалану жүйелерін қызметін жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: шаруашылықаралық каналдар мен гидротехникалық ғимараттардағы апатты аудандарды қалпына келтіру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: гидромелиоративтік ғимараттар мен шаруашылықаралық каналдардың 13 ерекше апатты аудандарындағы техникалық жағдайын жақсарту.

Түпкі нәтиже: ауыл шаруашылық су пайдаланушыларға суды тоқтаусыз беруді қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: арықтардың пайдалы әсер ету коэффициентін 80% дейін жоғарылату.

Уақтылығы: жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын 2007 жылғы желтоқсанда аяқтау.

Сапасы: орындалған жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын құрылыс нормаларының талаптары мен ережелеріне сәйкестендіру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

142-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Аграрлық ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар»

деген 055 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 630 мың теңге (алты жүз отыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ашқан жаңалықтары, өнер табыстары, шығарған және шығарылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары мен мал тұқымдары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өндіру салаларындағы технологиялық және техникалық әзірлемелері үшін, сондай-ақ отандық ғылымның дамуына едәуір үлес қосқан аграрлық ғылым саласындағы республиканың ғалымдары мен мамандарын қолдау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғылыми жетістіктері үшін ғалымдарға сыйақы төлеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: аграрлық ғылымның басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстардың жаңа нәтижелерін алу.

Түпкі нәтиже: талантты жастарды ғылымға тарту мақсатында ғылыми еңбекті ынталандыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: сыйақылардың мөлшері: бірінші сыйлық - 200 айлық есептік көрсеткішті, екінші - 150 айлық есептік көрсеткішті, үшінші - 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Уақтылығы: іс-шараларды белгіленген мерзімінде орындау.

Сапасы: аграрлық ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдарды, сондай-ақ талантты жас ғалымдарды қолдау.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

143-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілетін арттыру»

деген 056 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 669359 мың теңге (алты жүз алпыс тоғыз миллион үш жүз елу тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттігін арттыру жобасын қаржыландыру бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен қарыз тарту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 854 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекелестік қабілетін жақсарту жолымен ауыл шаруашылығы саласының экономикалық жағдайының дамуын қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауыл шаруашылығы білімдеріне қол жеткізе алатын және аграрлық ғылыми зерттеулердің жетістіктерін енгізу негізінде осы заманғы ауыл шаруашылығы технологияларын пайдаланатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің пайызын арттыру; жаңартылған және жаңғыртылған зертханаларға қол жеткізе алатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеушілердің пайызын ұлғайту; халықаралық стандарттарға сай келетін өнім өндіретін қайта өңдеу кәсіпорындарының санын ұлғайту.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597(бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: техникалық регламенттерді үйлестіру; облыстық және аудандық деңгейлерде білімді және технологияларды тарату мен беру жөнінде жүйе құру; гранттар бөлу.

Түпкі нәтиже: көптеген азаматтардың ауыл шаруашылығы біліміне қол жеткізуі; азаматтардың халықаралық стандарттарға сай өнімдерге қол жеткізуі.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: консультанттар тобын ұстап тұру, халықаралық және жергілікті консультанттарды қызметке тарту бойынша шығындар инвестициялық жобалар бойынша бекітілген лимиттерден аспайды. Қысқа мерзімдегі жергілікті консультанттың 1 адам/ай қызметі 127 мың теңгеден, халықаралық консультанттікі - 2 286 мың теңгеден аспайды.

Уақтылығы: бағдарлама бойынша іс-шаралар осы бағдарлама паспортымен көзделген мерзімдерде жасалады.

Сапасы: көзделген іс-шаралардың 100%-дық орындалуы.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

144-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін және ауыл тұрғындарын өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету»

деген 057 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 110000 мың теңге (бір жүз он миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6 және 15-баптары; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің ақпараттық деңгейін көтеру арқылы агробизнестің жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: 50 мыңнан кем емес шаруа (фермер) қожалықтарына және агроөнеркәсіптік кешенінің басқа да субъектілеріне өтеусіз негізде ақпараттық-маркетингтік, анықтамалық, баға ақпараттарын ұсыну.

Түпкі нәтиже: агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің ақпараттық қызметке қол жеткізуін кеңейту.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне ақпараттық қызметтерді ұсынудың бір субъектіге орташа шығыны 2200 теңге, агробизнесті қалыптастыру тиімділігін арттыру және саланың табыстылығын шамамен 0,5 - 1% арттыру күтілуде;

агробизнестің қызмет аясы тиімділігін жоғарылату.

Уақтылығы: бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде орындау.

Сапасы: 30% кем емес агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық-маркетингтік, анықтамалық, баға ақпараттарымен қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

145-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жөніндегі жобаға кредит беру» деген 086 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 22073 мың теңге (жиырма екі миллион жетпіс үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Қарыз туралы (Ауыл шаруашылығын екінші жекешелендіруден кейінгі қолдау жобасы) Шарт жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Қарыз туралы келісім (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 255 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: фермерлердің, ауылдық шағын және орта кәсіпорындардың, ауылдық жерлердегі бизнес өкілдерінің қаржылық қызметіне қол жеткізуін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: екінші деңгейдегі банктер арқылы жеңілдік несиелер алудағы ауыл аудандары тұрғындарының қамтылу %-ын ұлғайту; 2009 жылға дейін ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің жобаға қатысушы екінші деңгейдегі банктердің несиелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету; жобаға қатысушы лизингтік компаниялар арқылы лизинг негізінде жеңілдік несиелер алудағы ауылдық аудандар тұрғындарының қамтылу %-ын ұлғайту; 2009 жылға дейін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің жобаға қатысушы лизингтік компаниялардың лизинг негізінде берілетін несиелеріне қол жеткізулерін қамтамасыз ету; ауылдық жерлердегі микроқаржылық мекемелердің қызметтерімен қамтылу %-ын ұлғайту, олардың микроқаржылық операцияларын жоғары деңгейге көтеру.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597(бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына 22073 мың теңге жалпы сомасына тікелей кредиттер және лизингтік негізде кредиттер бөлу.

Түпкі нәтиже: ауыл шаруашылығын коммерциялық несиелер жүйесін дамыту, микроқаржыландырудың тұрақты жүйесін дамыту арқылы ауыл тұрғындарының, шағын шаруақожалықтардың ішкі айналым қаржыларын толықтыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: ауыл тұрғындарына, шаруақожалықтарына, өңдеуші кәсіпорындарға, және орта кәсіпорындармен жоба аясындағы бизнес өкілдеріне, екінші деңгейдегі банктер, лизинг компаниялары және микроқаржылық мекемелер беретін несиелердің жалпы көлемін арттыру.

Уақтылығы: соңғы қарыз алушылардың қосалқы жобаларын уақытылы қаржыландыру.

Сапасы: екінші деңгейдегі банктер мақұлдаған несиелер алу мақсатындағы тапсырыстар толық көлемде қанағаттандырылады, ауылдағы микроқаржыландыруды дамыту, микронесие алған тұрғындардың пайызын арттыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

146-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға ағымдағы нысаналы трансферттер»

деген 111 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 195808 мың теңге (бір жүз тоқсан бес миллион сегіз жүз сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жыл 10 қаңтардағы Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті атқарушы органдарға жүктелген функцияларды жоғары деңгейде тиімді орындалуын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті атқарушы органдардың аппаратын ұстап тұру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

жергілікті атқарушы органдардың аппаратына жүктелген функцияларды және міндеттерді уақтылы және сапалы орындау.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

147-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Электрондық үкімет құру»

деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 345054 мың теңге (үш жүз қырық бес миллион елу төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексі; Қазақстан Республикасында «Электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін қалыптастыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы 1627 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: басқарушылық шешімді қабылдау және бизнесті дамыту үшін қазіргі заманғы, біріктірілген және жоғары тиімді ақпаратты ортаны ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды белсенді ынталандыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстанның барлық аумағын қамтитын саланың ауқымды желін құру және алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны енгізу есебінен, агроөнеркәсіп кешенін сипаттайтын жедел ақпаратты жинау, қайта өңдеу және сақтаудың біріккен жүйесін ұйымдастыру;

- мемлекеттік электронды қызметке және агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық инфрақұрылымына ауыл тұрғындарының қол жетуін қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласын басқару жүйесін біріккен автоматтандыруды қолданушылардың біріккен ұжымды жүйені алу және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру саласында ақпаратты пайдалану ретінде мақсатты топтың ақпараттық ресурстарын біріктіруді қамтамасыз ету;