7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 3000,0 - 3200,0 мың гектар алаңда және 100 кәсіпорындарда карантиндік зиянкестердің, өсімдік аурулары мен арамшөптердің таралу ошақтарын айқындау;
195 - 220,0 мың гектар алаңда анықталған карантиндік зиянкестердің, өсімдік аурулары мен арамшөптердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою;
карантиндік объектілердің бар болуына жүргізілген шамамен 35 мың лабораториялық сараптама нәтижесінде деректер алу;
Республикалық карантиндік зертхананы, 7 бірлік оргтехникамен, 27 бірлік зертханалық приборлармен және құрал-жабдықтармен жарақтау;
шамамен 240 сорт үлгілеріне және 4000 дана әртүрлі жеміс-жидек дақылдарының және басқа дақылдардың өсірілген тірі өсімдіктеріне жүргізілген зерттеулер кезінде деректер алу;
Республикалық жеміс-жидек дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомнигін ауыл шаруашылығы техникасымен жарақтау (бауға арналған фреза - 1 бірлік);
дәнді дақылдардың өсу кезеңінде карантинге жатқызылған материалдың шамамен 70 сорт үлгілеріне жүргізілген зерттеулер кезінде деректер алу;
Республикалық дәнді дақылдарын интродукциялық-карантиндік питомнигін 2 бірлік ұйымдастыру техникасымен, 4 бірлік ауыл шаруашылығы техникасымен, 5 бірлік зертханалық жабдықтармен жарақтау.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы аумағына карантиндік объектілердің таралуын алдын алу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ауыл шаруашылығы дақылдары мен 1 гектар егістік жердегі карантиндік зиянкестер мен арамшөптерге қарсы химиялық күрес жүргізу іс-шараларына жұмсалатын жалпы шығындар шамамен 3131,3 теңгені құрайды;
ауыл шаруашылығы дақылдары мен 1 гектар егістік жердегі карантиндік зиянкестер мен арамшөптердің ошақтарын анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізуге жұмсалатын жалпы шығындар шамамен 39,5 теңгені құрайды;
1 кәсіпорынды зерттеуге жұмсалатын жалпы шығындар шамамен 16192,0 теңгені құрайды;
карантиндік объектілердің бар болуына 1 зертханалық сараптама жүргізуге жұмсалатын жалпы шығын 631 теңгені құрайды;
дәнді дақылдардың өсу кезеңінде карантиндік материалдың 1 сорт үлгісіне зерттеу жүргізуге жалпы шығын 141,9 теңгені құрайды;
1 сорт үлгісіне және 1 дана жеміс-жидектер және басқа дақылдардың өсірілген тірі өсімдіктеріне зерттеу жүргізуге жұмсалатын жалпы шығын 914 теңгені құрайды.
Уақтылығы: ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы оңтайлы мерзімдерде жүргізілген химиялық өңдеу - 100%.
Сапасы: карантиндік зиянкестер мен арамшөптерге қарсы химиялық өңдеулердің уақтылы және сапалы жүргізілуімен қанағаттанған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер - 90% астам.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
105-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Тұқымдық және көшет материалының сорттық және себу
сапаларын анықтау» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 177840 мың теңге (бір жүз жетпіс жеті миллион сегіз жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 4-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы;»"Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар Бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 454 бұйрығымен бекітілген Сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру ережесі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді 2004 жылғы 22 қыркүйекте № 3082).
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігін арттыру, өсімдік шаруашылығы өнімнің сапасын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бүкіл алқапқа егілу сапасы тексерілген тұқымдар себуді қамтамасыз ету, барлық отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілер, мемлекеттік сортсынау учаскелері мен станциялар, мемлекеттік тұқым ресурстары үшін ауыл шаруашылығы өсімдік тұқымының сапасына дер кезінде және білікті сараптама жүргізу, олардың қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін айқындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: