ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау:
Тікелей нәтиже: кейіннен элиталық тұқымды өндіруді қажетті көлемде қамтамасыз ету үшін 6000-8000 тонна дәнді, дәнді бұршақты, майлы және көкөніс дақылдарының, күріштің, қант қызылшасының, жүгерінің, картоптың, біржылдық және көпжылдық шөптердің, мақтаның бірегей тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындардың орнын толтыру; жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын 17,2 га алқапқа салуды және 7,5 га алқапта жеміс дақылдарының аласа діңді телітушілерінің аналығының және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің аналықтары алқаптарының аяқталмаған өндірісін ұстауды қолдауды қамтамасыз ету;
52000-56000 тонна дәнді, дәнді бұршақты, майлы және көкөніс дақылдарының, күріштің, қант қызылшасының, жүгерінің, картоптың, мақтаның, біржылдық және көпжылдық шөптердің элиталық тұқымдарының және 90000-110000 дана жеміс дақылдары көшеттерінің құнын арзандату арқылы отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің элиталық және будандық тұқымдарға қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: егісте жоғарғы репродукциялы тұқымды пайдаланудың үлестік салмағының 85%-ға дейін, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелер аналықтарын салу алқабының 25 гектарға дейін артуы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінің айналым қаражаты 996 253 мың теңгеге көбейеді, арзандатылған тұқымның орташа құны: дәнді-дақылдар шамамен 19800 теңгені, картоп - 46 000 теңгені және мақта - 50 000 теңгені құрайды.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: себілетін тұқымның сапасы жақсарады, сапалы тұқымның үлесі 90% құрайды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту:
Тікелей нәтиже:
- сатылатын асыл тұқымды төлдің саны: ірі қара малдың - 10 600 - 12 600 бас, қой - 141 500 - 145 000 бас, жылқы - 2 990 - 3 500 бас, шошқа - 7000 - 9 000 бас, түйе - 1600 - 2 100 бас, түйе құс - 2 000 - 2 500 бас; асыл тұқымды жұмыртқа - 5 500 - 7 500 мың дана; жоғары өнімді бұқалардың ұрығы - 900 - 1 100 мың доза;
- мал және құс шаруашылығының асыл тұқымдық базасын қалпына келтіру мақсатында 70 бас отандық және шет елдік-селекциядан алынған аталықтар, сондай-ақ шет елдік селекциялық - 150 дана эмбриондар мен 5 811 доза бұқалардың ұрығы, 11 000 - 12 000 бас шет елдік селекциялық асыл тұқымды құстар сатып алынады;
- асылдандыру ісі үшін 97 данаға арнайы технологиялық жабдықтар және арнайы ауыл шаруашылығы және ұйымдастыру техникасы сатып алынады;
- асыл тұқымды мал шаруашылығының әрбір субъектісіне орташа есеппен 5 000,0 мың теңгеден астам қаржылай көмек көрсетіледі.
Түпкі нәтиже:
- отандық тауар өндірушілерге сатылатын асыл тұқымды төлдердің есебінен жыл сайын 30-40 асыл тұқымды шаруашылықтар қалыптасады;
- сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру бекеттерін қалпына келтіру және жаңадан салу (100-ге жуық) есебінен олардың саны көбейеді, бұл қолдан ұрықтандырылған аналықтардың санын 470,0 мың басқа жеткізуге мүмкіншілік тудырады, қолдан ұрықтандыру әдісімен қамту 35%-ға жетеді;
- қолдан ұрықтандыру үшін жоғары классты аталық бұқалардың ұрығын пайдалану малдың өнімділігін 10-12%-ға арттыруға мүмкіншілік береді және сәйкесінше мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 6-8%-ға ұлғаяды;
- аудандастырылған бағалы тұқымның гендік қорын дамыту және сақтап қалу: болжам бойынша асыл тұқымды мал басының өсуі 10-15% (қойлар 20% жоғары);
- құрылып жатқан асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінде 350-500-дей жұмыс орындары ашылады;
- келешекте екі отандық салт мініс жылқы тұқымдары шығарылады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: асыл тұқымды мал шаруашылықтарының қаржылай-экономикалық жағдайлары жоғарылайды, сатқан ірі қара мал, жылқы, түйенің әр басынан 15-18 мың теңге, қойдан - 3,5 - 5 мың теңге, шошқадан - 5 - 6 мың теңге табыс түседі.
Уақтылығы: берілген бағдарламада көзделген іс-шаралар көрсетілген мерзімде орындалады.
Сапасы: ауыл шаруашылығы малдарының өнімдік және тұқымдық сапалары жоғарылайды, асыл тұқымды малдың жалпы мал санынан үлесі 10% дейін болады, бірінші және элита классты асыл тұқымды малдың үлесі 30%-дан жоғары болады. Қазіргі уақытта республикада кейбір асыл тұқымды шаруашылықтарда малдың сүт өнімділігінің деңгейі 6000,0 кг-нан асып, еуропа елдерінің деңгейіне жетті.
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май және басқа да тауарлы материалдық құндылықтардың бағасын төмендетуге, өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын көтеруге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер:
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің 14 -16 миллион гектар аумақта басымды дақылдар бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын, тыңайтқыштарды (органикалықтардан өзге), тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алу бағасын төмендету.
Түпкі нәтиже: ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін, азық-түлік қауіпсіздігін және өндірістің агротехнологиялық айналымын қамтамасыз ету;
республиканың экспорттық әлеуетін және ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: отандық ауылшаруашылығы өнімін өндірушілері көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын, тыңайтқыштарды (органикалықтардан өзге), тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алу шығынын өтеу орта шамамен 15-17% құрайды.
Уақтылығы: бағдарламада көрсетілген іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: тұқым улағыштарды, тыңайтқыштарды гербицидтерді қолдану нәтижесінде өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сонымен қатар көктемгі - дала және күзгі егін жинау жұмыстарын уақтылы өтуін қамтамасыз ету.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау:
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 8 545,378 миллион куб суармалы су беру жөніндегі қызметтердің құнын арзандату.
Түпкі нәтиже: суармалы жерлердің тиімділігін және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: суармалы судың бір текше метрінің нақты құны ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесіне сәйкес анықталады.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындау.
Сапасы: суарылатын жерді сумен қамтамасыз етудегі үлесі 90% кем болмауы.
Жеміс дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпе ағаштарын егуді және өсіруді қамтамасыз ету:
Тікелей нәтиже: жеміс дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпе ағаштарын тиісінше 450-550 гектар және 650-750 гектар алқапқа егу.
Түпкі нәтиже: жеміс шаруашылығының және жүзім шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: көп жылдық екпе ағаштарын егуге кететін шығындардың 40%-ын субсидиялау 1 гектарға кететін шығынды тиісінше 402,7 мың теңгеге және 855,8 мың теңгеге азайтуға мүмкіндік береді.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындау.
Сапасы: республика тұрғындарын жеміс шаруашылығының және жүзім шаруашылығының сапалы өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жеміс дақылдары мен жүзім өнімдерінің сапасын және ассортиментін жақсарту есебінен отандық жеміс дақылдары мен жүзімді қайта өңдеу өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін көтеру.
Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын көтеруді субсидиялау: Тікелей нәтиже:
- сиыр етін өндірудің жалпы көлемі 348,3-тен 385,0 мың тоннаға дейін, шошқа еті - 196,5-тен 228,0-ге дейін, құс еті 45,7-ден 87,9 мың тоннаға дейін ұлғайтылуы;
- сиыр етінің, шошқа етінің және құс етінің импорттық үлесі 20,0 - 25,0-ға азайтылуы;
- ішкі нарықтың жоғары сапалы отандық өндірістен алынған сиыр етімен, шошқа етімен және құс етімен толықтырылуы.
Түпкі нәтиже:
- отандық ірі мамандандырылған кәсіпорындар мен шаруашылықтардың ет сатуды ұлғайтуы: сиыр етін - 11,2-тен 18,6 мың тоннаға дейін, шошқа етін - 8,0-ден 12,0 мың тоннаға дейін, құс етін - 30,2-тен 60,0 мың тоннаға дейін, немесе 2005 жылмен салыстырғанда, ретінше 18,6%-ға, 66,6%-ға және 100,3%-ға көтеруі.
Уақтылығы: осы кіші бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар белгіленген уақытта орындалады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: құрама жемнің құнын арзандату арқылы сиыр етінің, шошқа етінің және құс етінің отандық өндірісін ынталандыру және ішкі нарықтағы импорттық ет өнімінің үлесін азайту жөніндегі шараларды дер кезінде жүргізудің нәтижесінде отандық мамандандырылған кәсіпорындар мен шаруашылықтардың сатқан етінің өзіндік құны 25,0% - 30,0%-ға төмендейді, соған байланысты 1 кг еттің сатылу бағасы 20,0% - 25,0%-ға төмендейді.
Сапасы: ішкі нарықта отандық өндірістен алынған еттің бәсекелеске қабілеттілігі оның сапасының мал мен құсты азықтандыру, күтіп бағу және бордақылау жағдайын жақсартуға байланысты жоғарылауының арқасында арта түседі. Тұтынушы отандық жоғары сапалы сиыр етін, шошқа етін және құс етін арзандау бағамен сатып ала алады.
Қазақстанның мақта талшығының сапасын сараптамадан өткізуге:
Тікелей нәтиже: республикада өндірілетін мақта талшығының сапасын халықаралық стандарттар бойынша шамамен 300 мың сынама сараптамадан объективті түрде бума бойынша өткізуді қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: мақта талшығын тиімді кешенді түрде талдау;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүдделерін қорғау, олардың табыстарын өсіру;
одан әрі экспортқа шығару үшін өсірілген мақтаға оңтайлы баға;
«әділетті» бағаны белгілеу есебінен мақта саласының табысын және бюджетке салықтық түсімдерді арттыру;
қазақстандық тоқыма өндірісінің беделін арттыру және тоқыма өнімдерін әлемдік нарыққа шығару;
мақтаның шынайы сапасы туралы нақты ақпарат;