«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 Қаулысы (үзінді) (2007.29.12. берілген өзгерістермен)

Предыдущая страница

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жобамен қамтылған облыста, өз кезегінде аудандық деңгейдегі 600 консультантты оқытқан 60 оқытушы-жаттықтырушылар; өсімдік шаруашылығында сақтандыру мен тауар биржалары жөніндегі нормативтік-құқықтық базасын талдау; жергілікті консалтингтік компания мен халықаралық жеке консультанттар оқытқан жобаға қатысушы банктер мен лизингтік компаниялардың кредит беру бөлімдерінің 280 қызметкері; ауылда жұмыс істейтін микроқаржылық ұйымдардың әлеуметтік мүмкіндіктері зерттеледі және талдау негізінде кейінгі жылдары жобаны іске асыру кезінде микроқаржыландыру үшін қаржы ресурстарын беру және олардың мамандарын оқыту үшін микроқаржылық ұйымдар іріктеп алынады.

Түпкі нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің бизнес-жоспар жасау, кредиттік құжаттарды рәсімдеу бойынша мүмкіндіктері ұлғаяды; микроқаржылық ұйымдардың функционалдық мүмкіндіктері нығайтылады; банктердің аграрлық секторға сенімдері молайып және ауыл бизнесіне несие ресурстарының келуі артады.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: консультанттар тобының, халықаралық және жергілікті консультанттардың қызметін сатып алуға байланысты шығындар инвестициялық жобалар бойынша бекітілген лимиттерден аспайды. Қысқа мерзімді жергілікті консультанттың 1 адам-ай қызмет көрсетуі 234 мың теңгеден аспайды, халықаралық консультанттың - 3 334,5 мың теңге.

Уақтылығы: бағдарлама бойынша іс-шаралар осы бағдарлама паспортында көзделген мерзімдерде орындалады.

Сапасы: Ауылдық қаржылық консультациялық қызметке қанағаттанған фермерлер санының артуы, ауылда микроқаржы мекемелері мен екінші деңгейдегі банктердің қызмет көрсету сапасы артады.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

116-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»

деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 12 739 138 мың теңге (он екі миллиард жеті жүз отыз тоғыз миллион бір жүз отыз сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; "2002-2010 жылдарға арналған»"Ауыз су" салалық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық елді мекендерді, қалалар мен кіші қалаларды қажетті көлемде және сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауылдық елді мекендерді, қалалар мен кіші қалаларды қажетті көлемде және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: ауыз сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңғырту және салу бойынша жұмыс көлемінің орындалуы.

Түпкі нәтиже: Қазақстан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауыз сумен жабдықтау объектілерін пайдалануға енгізу.

Уақтылығы: жасалынған шарттар бойынша жұмыс жоспары-кестесіне сәйкес.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

117-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Жұқпалы аурулардан сақтануды қамтамасыз ету»

деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 5746698 мың теңге (бес миллиард жеті жүз қырық алты миллион алты жүз тоқсан сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8 , 11, 12, 20, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31,  32, 35-баптары; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 9 , 13-баптары; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдардың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1431 қаулысы; «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан азаматтарын және жануарлар әлемін адамдар, жануарлар және құстар үшін ортақ аурулардан диагностика жасау, алдын алу және жою іс-шараларын жүргізу арқылы қорғау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикада жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу; ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллез және/немесе туберкулезінен қолайсыз пункттерді сауықтыру; жануарлар мен құстардың тез тарайтын жұқпалы ауруларының ошақтарын оқшаулау және жою; шекаралас мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен құстардың тез тарайтын жұқпалы аурулары енуіне тосқауыл қою; уақтылы диагноз қою.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: жануарлар мен құстардың ауруларына диагноз қоюдың қолданыстағы әдістерін жетілдіру; мемлекеттік мекеменің атқаратын қызметін жақсарту мақсатында қажетті зертханалық құрал-жабдықтар мен техникалармен жарақтау: термостат - 4 бірлік, стерилизациялаушы және кәдеге жаратушы автоклав - 4 бірлік, Дьюара ыдысы - 30 бірлік, ұштық жинақтамасы бар механикалық тамызғыштар жиынтығы - 10 бірлік, түрлі сұйықтықтармен жұмыс істеу үшін автоматтандырылған мөлшерлеуші қондырғы - 6 бірлік, бағдарламамен қамтамасыз етілген компьютер - 4 бірлік, лазерлік принтер - 4 бірлік, түрлі-түсті принтер - 4 бірлік, сканер - 4 бірлік, УАЗ автокөлігіне орналасқан жылдам жылжымалы зертхана - 2 бірлік, ГАЗ автокөлігіне орналасқан жүк тасымалдайтын автокөлік - 1 дана; жануарлар мен құстар ауруларына диагноз қою бойынша 19 - 24 миллион зерттеу жүргізу, 90,0 - 110,0 миллион бас жануар мен құсты иммунизациялау, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың туберкулезі және/немесе бруцеллезі бойынша 65-75 қолайсыз пункттерді сауықтыру, жануарлар мен құс ауруларының ошақтарын 100% жою;

Қазақстан Республикасы аумағына жануарлар мен құс ауруларының шекаралас мемлекеттерден енуіне жол бермеу.

Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының азаматтары, жануарлар әлемі және құстар үшін эпизоотиялық қолайлықты қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: орташа шығын 1 диагностикалық зерттеуге - 93,59 теңгені, бір алдын-алу іс-шарасына - 27,05 теңгені, бір ошақты туберкулез және бруцеллез ауруларынан сауықтыруға - 7 429,84 мың теңгені және Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар мен құс ауруларының ошағын жоюға және жануарлар және құстың жіті инфекциялық аурулары таралуының алдын алуға - 550 000,0 мың теңгені құрайды.

Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде орындау.

Сапасы: Қазақстан Республикасында мал және құс ауруларының таралуын 100% болдырмау.

 

 

118-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

119-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру қажеттіліктерін қамтамасыз ету» деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 7058162 мың теңге (жеті миллиард елу сегіз миллион бір жүз алпыс екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 3 , 4 , 6 , 9 , 10, 11, 12-баптары; «Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 3 ,  9 ,12-баптары; «Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысы; «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы акционерлік қоғамын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігін және жұмылдыру қажеттіліктерін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік азық-түліктік астық резервін дер уақытында жаңарту және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін астық сатып алу, мемлекеттік азық-түліктік астық резервін сақтау және орнын ауыстыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.27.07. № 637 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- 543 мың тоннаға дейін көлемдегі астықты мемлекеттік астық ресурстарына сатып алу;

- есеп беру кезеңінің соңына 250,0 мың тоннаға дейін көлемдегі ағымдағы жылғы егіннің астығын мемлекеттік азық-түліктік астық резервіне орналастыру;

- 500,0 мың тонна көлемдегі мемлекеттік азық-түліктік астық резервін республиканың астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау;

- 17,0 мың тоннаға дейін көлемдегі мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жеке меншік астық қабылдау кәсіпорындарынан мемлекеттік астық базаларына орнын ауыстыру.

Түпкі нәтиже:

- есеп беру кезеңінің соңына шамамен 45% көлемдегі ағымдағы жылғы егіннің астығын мемлекеттік азық-түліктік астық резервіне орналастыру (ғылыми негізделген нормалар бойынша 30% кем емес);

- республика тұрғындарының астықпен азық-түліктік қамтамасыз ету үлесі - шамамен 16-17%;

- астықты мемлекеттік сатып алуға қатысушы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің саны - 1500 кем емес.

Қаржылық-экономикалық нәтиже:

- мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын 3 сыныпты жұмсақ бидайдың 1 тоннасының орташа бағасы - 14,0-18,0 мың теңге;

- мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын 1 тонна астықтың сақтау құны - 130,0-дан -140,0 теңгеге дейін;

- мемлекеттік астық ресурстарының 1 тоннасының орнын ауыстыру бағасы - 1200,0-дан - 1300,0 теңгеге дейін.

Уақтылығы: мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу, сақтау және орнын ауыстыру белгіленген мерзімде жүзеге асырылады:

Сапасы: жоғарғы сапалы 100% астық сатып алу, астықтың 100% сандық-сапалық сақталуы, мемлекеттік ресурстарға сатып алынған астықтың 3,5% дейінгі көлемінің орнын ауыстыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

120-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету» деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 203594 мың теңге (екі жүз үш миллион бес жүз тоқсан төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 159-бабы; «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 10-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемені құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 83 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дала жұмыстарын бастауды, тұқым себудің мерзімі мен көлемін, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауды жоспарлау үшін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін сапалы агрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету; өсімдік шаруашылығы өнімінің түсімділігін, жалпы өнімі мен сапасын арттыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: топырақ ылғалдылығының жай-күйіне, дала жұмыстарының басталуы алдында топырақ ылғалдылығы қорларын, тұқым себу мерзімдерін, дәнді дақылдарды жинаудың агрометеожағдайларын бағалау және болжау, агрометеорологиялық көрсеткіштерді былтырғы жылғымен салыстырғанда, талаптарда қардың қалың жиналу жағдайын және басқаларды талдау метеопараметрлеріне 100% бақылау жүргізу; жаздық дәнді дақылдар егістігінің жағдайына ғарыштық мониторинг жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін бағалау, топырақтың құнарлылығын сақтау және көтеру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: