ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 1 объект аяқтау, 7 объектілер бойынша құрылыс жұмыстары көлемінің орындалуы.
Түпкі нәтиже: гидротехникалық құрылыстардың дұрыс қызмет көрсетуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың туындау қаупін төмендету.
Уақытылығы: бекітілген жұмыс жоспарына және жасалынған шарттарға сәйкес.
Сапасы: Қазақстан Республикасы құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
130-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Су берумен байланысы жоқ республикалық су шаруашылығы объектілерін пайдалану» деген 034 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 542 687 мың теңге (бір миллиард бес жүз қырық екі миллион алты жүз сексен жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 135-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: шекаралас мемлекеттермен бірлесіп пайдаланатын объектілерін қоса алғанда су берумен байланысты емес су шаруашылығы объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: су берумен байланысты емес, республикалық меншіктегі су қоймалары мен басқа да гидротехникалық құрылыстардың функцияларын қамтамасыз ету; трансшекаралық өзендерде орналасқан су шаруашылығы объектілерін бірлесіп пайдалану.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: республикалық меншіктегі 129 су шаруашылығы объектілері мен 10 мемлекетаралық объектілерге пайдалану іс шаралар жүргізу.
Түпкі нәтиже: 118 республикалық және 10 мемлекетаралық объектілердің техникалық жағдайы жақсарады және ауылдық тауар өндірушілерге суармалы су қажетті көлемде уақтылы берілуі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 республикалық су шаруашылығы объектісіне пайдалану іс шараларын жүргізуге орта есеппен 8,9 миллион теңге және 1 мемлекетаралық объектіге орта есеппен 39,2 миллион теңге жұмсалады.
Уақтылығы: республикалық меншіктегі су шаруашылығы объектілеріне және мемлекетаралық объектілерге пайдалану іс шаралары бекітілген жұмыс пен қызмет көрсету жоспарына сәйкес жүзеге асырылуы.
Сапасы: су шаруашылығы объектілерін пайдалану Ережелеріне сәйкес республикалық су шаруашылығы объектілерінде техникалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
131-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ормандардың сақталуын және тұрақты дамуын қамтамасыз ету»
деген 036 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2488766 мың теңге (екі миллиард төрт жүз сексен сегіз миллион жеті жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» 1997 жылғы 15 шілдедегі 9-бабы; 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы; 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы; "Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1271 қаулысы; «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту ірі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы; «Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы № 267 Қаулысы; "2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл Ел» Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін арттыру, орман ресурстарын ұтымды және сарқып тауыспай пайдалану, оларды күзету, қорғау және молықтыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: орман дақылдары тұқымдарының егістік сапасын, олардың энтомологиялық және фитопатологиялық залалдану деңгейін айқындау; орман шаруашылығы саласындағы студенттер үшін оқу тәжірибелерін өткізу; тұрақты орман тұқым базасын қалыптастыру және мұрагерлік қасиеттері жақсартылған отырғызу материалын алу; орман орналастыру, аңшылық ісін ұйымдастыру жұмыстарын және орман шаруашылығын жобалауды өткізу; ормандардың мемлекеттік есебі мен кадастрын жүргізу; орман және аңшылық шаруашылықтары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми-әдістемелік талдамалармен қамтамасыз ету; Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру; ормандарды авиациямен күзетуді қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: