ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: тұқымның егістік қасиеттеріне сертификаттар, себуге әзірленген тұқымды өңдеу жөнінде ұсыныстар алынды, Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығының орман қоры орман өрттерінен және заңсыз ағаш кесуден сақтап қалынды, Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің саны 25-ке дейінгі студенттердің орман шаруашылығын жүргізу жөнінде өндірістік тәжірибеден өтуі жүзеге асырылды, 171 гектар тұрақты орман тұқымы учаскелерін құру жөнінде алқаптар іріктеп алынды және ұсыныстар әзірленді; 622 гектар уақытша орман тұқымы учаскелері таңдап алынды; 7 гектар тұрақты орман тұқымы плантациялары отырғызылды; 100 гектар артықшылығы бар екпелер іріктеп алынды; 157 дана артықшылығы бар ағаштар іріктеп алынды; 9320 гектар алқапта генетикалық резерваттар бөлінді; 341 гектар тұрақты орман тұқымы базасының объектілері қорғалады және қамтамасыз етіледі; 671500 дана жақсартылған сападағы отырғызу материалдары өсіріледі;
2008 жылдың орман орналастыру шараларына дайындық жұмыстары жүргізілді: топокарталар, ішкі шаруашылық жер орналастыру жоспарлары, аудандық және облыстық карталар сатып алынды.
Далалық орман орналастыру жұмыстары жүргізілді: Алматы облысында - 706,8 мың гектар, Маңғыстау облысында - 242,4 мың гектар; тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша орман орналастыру жобаларының өндіріске енгізілуіне авторлық қадағалаулар мен тексерулер жүргізілді.
Орман мекемелерінде камералдық орман орналастыру жұмыстары жүргізілді: Павлодар облысында - 178,3 мың гектар: Максим-Горький - 27,6 мың гектар, Павлодар - 53,5 мың гектар, Өрлітөбе - 46,5 мың гектар және Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде - 50,7 мың гектар; Ақмола облысында - 248,3 мың гектар, соның ішінде орман мекемелерінде:»Бұқпа»- 22,8 мың гектар, Бұланды - 48,0 мың гектар, Куйбышев - 47,8 мың гектар, Кіші-Тоқты - 19,6 мың гектар, Ұрымқай - 34,1 мың гектар және»Көкшетау»мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - 76,0 мың гектар.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жиынтық орман орналастыру жобасы жасалды.
Камералдық жұмыстар орындау үшін бағдарламалық қамтамасыз ету жетілдірілді.
Жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:
2006 жылғы іздестіру бойынша камералдық жұмыстар: Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 90,3 мың гектар; Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 50,7 мың гектар; Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының орман көмкермеген жерлері ормандануының және жабайы жемісті екпелерін қалпына келтірудің жұмыс жобасы - 2700 гектар; Солтүстік Қазақстан облысы Соколов орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 50 гектар; Алматы облысы Қаскелең орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 45 гектар; Ақмола облысы Көкшетау орман селекциялық орталығының ұйымдастыру-шаруашылық жоспарының жұмыс жобасы 192 гектар; жұмыс жобалардың сәулет-құрылыс мемлекеттік сараптамасын қамтамасыз ету, оның ішінде: Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының орман көмкермеген жерлері ормандануының және жабайы жемісті екпелерін қалпына келтірудің жұмыс жобасы - 1 дана, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 1 дана, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 1 дана, Солтүстік Қазақстан облысы Соколов орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 2 дана, Алматы облысы Қаскелең орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 2 дана, Ақмола облысы Көкшетау орман селекциялық орталығының ұйымдастыру-шаруашылық жоспарының жұмыс жобасы - 2 дана, Ақмола облысы Көкшетау орман селекциялық орталығын ұйымдастыру мен суландырудың жобасының техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу - 192 га; Ақмола облысы Көкшетау орман селекциялық орталығын ұйымдастыру мен суландырудың жобасының техника-экономикалық негіздемесін әзірлеудің сәулет-құрылыс сараптамасын қамтамасыз ету - 1 дана.
Жаңа далалық іздестіру жұмыстары жүргізілді: Жамбыл облысы Байзақ орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 30 гектар, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 15 гектар, Қостанай облысы Затобол орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 50 гектар.
Астана қаласы мен оның қала шетіндегі аймағы жағдайында қаланы көгалдандыру мен сортаң және батпақты жерлерінде ағаш екпелерін құрудың тәсілдері мен технологияларын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағын кеңейту жөнінде табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленді; «Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының түзетілген табиғи-ғылыми және техника-экономикалық негіздемесі жасалды; орманды пайдалану ақысын есептеу ставкаларының әдістемесі әзірленді; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ақысын есептеу ставкаларының әдістемесі әзірленді; орман қорына жыл сайынғы есеп жүргізілді, Іле-Алатауы, Баянауыл,»Алтын Емел,»Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтары аумағында туризм инфрақұрылымын дамытудың түзетілген техника-экономикалық негіздемесі жасалды; Қазақстанның Қызыл кітабына енгізу үшін аз танылған сирек және бірегей өсімдіктер бірлестігі зерттелді; Қазақстанның оңтүстік-шығысында ителгінің таралымы қалпына келтірілді;»Жануарлар дүниесінің кадастры, мониторингі және есебі» автоматтандырылған бағдарламасын әзірлеуге техникалық тапсырма дайындау, жануарлар дүниесінің мониторингі мен есебі; 2008 жылы жануарлар дүниесі объектілерін алудың биологиялық негіздемесі жүргізілді; киіктер санының жай-күйі туралы есеп жүргізілді; сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарлардың есебін және бақылауын (мониторингін) ұйымдастыру және таралымдардың жай-күйіне үнемі жедел баға беріп отыру жүргізілді.
«Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қазақ мемлекеттік жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансына берілген ғимаратқа ішінара күрделі жөндеу жүргізілді.
Жер бөлу, жобаны табиғи жағдайға алып шығу - 8000 гектар; 11 млн. дана отырғызу материалы өсірілді; 0,042 мың гектар орман тұқымы плантациялары құрылды; 9 тұқым ағаш тұқымдарын аудандастырудың бірінші кезеңі өткізілді; 5000 гектар орман дақылдары отырғызар алдында топырақ өңдеп отырғызылды; 5100 гектар бұрнағы жылдары отырғызылған орман дақылдарымен толықтырылды, 2,7 млн. дана отырғызу материалы сатып алынды; 19602,8 гектар екпелерге күтім жасалды; 33043 гектар орман екпелері қорғалды; 2008 - 2009 жылдары отырғызу үшін 15000 гектар жер дайындалды; 7700 гектар орман екпелеріне күтім және күтіп-баптау үшін кесу жасалды; жер пайдаланушылардың шығындары өтелді; техника жөнделді.
2006 жылғы іздестіру бойынша камералдық жобалау жұмыстары: Астана қаласының шетіндегі аймағының шегінде (оңтүстік бағыты) қорғаныштық және ландшафты-рекреациялық екпелер құрудың жұмыс жобасы - 15000 гектар; Ақмола облысы Шортанды орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен оны суландырудың жұмыс жобасы 69 гектар; «Жасыл Аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орман дақылдары тұқымы плантациясын суландырудың жұмыс жобасы - 155 гектар; Астана қаласының шетіндегі аймағы шегінде қорғаныштық және ландшафты-рекреациялық екпе ағаштар құрудың жұмыс жобасын табиғи жағдайға алып шығу (оңтүстік бағыт) - 15000 гектар; Астана қаласының шетіндегі аймағында қорғаныштық екпе ағаштар құрудың жұмыс жобалары бойынша сәулет-құрылыс мемлекеттік сараптамасын қамтамасыз ету (оңтүстік бағыты) - 2 дана; Ақмола облысы Шортанды орман питомнигінің және «Жасыл Аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен оны суландырудың жұмыс жобасының сәулет-құрылыс мемлекеттік сараптамасы қамтамасыз етілді - 3 дана; Астана қаласының жасыл аймағын құрудың жұмыс жобасын авторлық қадағалау - 4 дана.
Жаңа далалық іздестіру жұмыстары жүргізілді: Астана қаласының шетіндегі аймағында 2015 жылға дейінгі кезеңге 155 мың гектар ауданда екпе ағаштар құрудың техника-экономикалық негіздемесі - 155 гектар; Астана қаласының шетіндегі аймағы шегінде қорғаныштық және ландшафты-рекреациялық екпе ағаштар құрудың жұмыс жобасы (Солтүстік бағыт - 5000 гектар, Шығыс бағыт - 5000 гектар, және Оңтүстік-Шығыс бағыт - 5000 гектар) - 15000 гектар.»
«Жасыл Аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы 10 бірлік трактормен, 1 бірлік автобуспен, 2 бірлік өрт сөндіру машинасымен, 1 бірлік дискілі маламен, 8 бірлік мотоциклмен, 4 бірлік культиватормен, 2 бірлік отын автоқұйғышымен, 4 бірлік УАЗ автомашинасымен жарақтандырылды, ақпараттық және аппараттық жарақтандыру жүзеге асырылды және геодезиялық приборлар сатып алынды.
«Орман шаруашылығына қызмет көрсету және орманды авиациялық қорғау Қазақ базасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынмен 6 180 ұшу сағаты жүргізілді.
Түпкі нәтиже: орман питомнигінде стандартты отырғызу материалы алынды, орман қорының сақталуы қамтамасыз етілді, ормандарды молықтыру және орман өсіру алқаптары кеңейтілді, орман орналастыру жобалары, жобалық іздестірулер мен техника-экономикалық негіздемелер алынды, орман өрттері қамтыған алқаптар азайды, орман қорының бір жану алқабы 1 гектарға дейін қысқарды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 гектар уақытша орман тұқымдары учаскелерін құру 1252 теңге, 1 артықшылығы бар ағаш іріктеу - 5277 теңге, 1 га орман орналастыру жұмыстары 71,21 теңге, 1 га жобалық іздестіру 6446 теңге, 1 га жасыл аймақ құру бойынша жобалық іздестіру 1380 теңге, 1 га орман отырғызу 14725,8 теңге, 1 га орманды авиациямен күзету және аэрокөрілімдік орман-патологиялық бақылау 136,1 теңге (бір ұшу сағаты: МИ-8 МТВ - 214 мың теңге, МИ -8Т - 180 мың теңге, АН-2, А-22 - 55 мың теңге, ЯК-18, цесна - 50 теңге, МИ-2-61 - 88 мың теңге) құрайды.
Уақтылығы: өртке қарсы және ормандарды қалпына келтіру іс-шараларын, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, материалдық-техникалық жарақтандыру, орман тұқымы плантацияларында ағаш отырғызу және перспективалы нысандағы отырғызу материалын өсіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарын өртке қарсы жабдықтау жобаларын және республиканың орман күзеті мекемелерінде ұйымдастыру-шаруашылық жоспарының жобаларын әзірлеу, жобаларға сәйкес ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу, орман қорын күзету бойынша авиациялық жұмыстар туралы ережеге және ұшу жоспарына сәйкес авиациямен орман күзету жұмыстарын орындау.
Сапасы: келіп түскен бүкіл тұқым қорының тұқымын анализбен жүз пайыз қамту және оны сертификаттау, питомниктер мен орман дақылдарында отырғызу материалының шығымы нормативтеріне сәйкес тұқымның өсіп-өну пайызы, мұрагерлік сапасы жақсартылған отырғызу материалын алу, геоақпараттық жүйе технологияны қолдану арқылы орман орналастыру жұмыстарының құнын төмендету және бағдарламамен қамтамасыз етуді жетілдіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өртке қарсы құрылғысы үшін іздестіру жүргізу, көп жылғы деректермен салыстырғанда бір өрттің орташа алқабының артып кетуіне жол бермеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
132-ҚОСЫМША
212 ң Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Балық ресурстарын мемлекеттік есепке алу және оның кадастры»
деген 037 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 119500 мың теңге (бір жүз он тоғыз миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 22, 47-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балық қорларын ұтымды пайдалану, балықтың құнды түрлерінің гендік қорын сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: санының өсуіне мониторинг жүргізу, балықтың жай-күйін және кәсіпшілік балық табындары қорын бағалау; оларды тұрақты пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: