«Алматы қаласының телекоммуникация желілерін жетісанды нөмірлеуге көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2006 жылғы 27 қазандағы № 433-П Бұйрығы

«Алматы қаласының телекоммуникация желілерін жетісанды нөмірлеуге көшіру туралы»
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің
2006 жылғы 27 қазандағы № 433-п Бұйрығы

 

Қазақстан республикасы Премьер-Министріндегі «Телекоммуникация саласын туралы» 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 17-52-007391 жиналыс хаттамасының 8 тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Алматы қаласының желісі жеті санды нөмірлеуге көшіру уақыты болып 2006 жылдың 25 қарашасының 26 қарашасына ауған түні анықталсын.

2. Желіні қайта қосу жұмыстары: аналогты автоматты телефондық станцияларда 2006 жылғы 25 қарашаның 23 сағатта, сандық автоматты станцияларда 2006 жылғы 26 қарашаның 00.00 сағатта басталсын.

3. Алматы қаласында телекоммуникация қызметтерін ұсынатын байланыс операторлары:

- өз желілерін нөмірлеудің жаңа жоспарына көшіру бойынша ақпаратты 2006 жылғы 15 қарашаға дейін «Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс басқармасы» Мемлекеттік мекемеге ақпаратты ұсынсын;

- қайта қосу түніндегі телефондарын (тұрақты және ұялы) көрсете отырып, жауапты және жүзеге асырушы тұлғаларды ұсынсын;

- өзінің мамандарының түнде болуын қамтамасыз етсін;

- қажет болған жағдайда қайта қосу түнінде үлкен операторлардың қызметкерлерін Шұғыл орталығында болуын қамтамасыз етсін;

- көшіруден 30 күн бұрын өзінің абоненттері мен халықаралық операторларды (партнерларды) Алматы қаласы желісінің жаңа нөмірлік жоспарға өтуі туралы хабардар етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.