2009.28.08 № 192-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
3) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлейді және бекітеді;
4-2) 2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-3) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеу кезінде бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға алатын комиссияның мөлшерін бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-4) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғамен ынтымақтастық мерзімін, оны ұзарту немесе тоқтату шарттарын айқындайды;
5) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны береді;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) бекітілген қағидаларға және біліктілік талаптарына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындайды;
6) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізеді;
7) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 7-1), 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылды
7-1) ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асырады;
7-2) 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 7-3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7-3) өзі айқындайтын тәртіппен ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асырады;
7-4) тотализаторлар мен букмекер кеңселері кассаларының тізілімін жүргізеді;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 7-5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ойын бизнесі қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 7-6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-6) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізімін жүргізеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Өзге мемлекеттік органдар ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Құмар ойындар саласындағы қызмет өтінім берушіге әрбір ойын мекемесіне он жыл мерзімге берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Бәс тігу саласындағы қызмет өтінім берушіге букмекерлік кеңсе не тотализатор қызметіне он жыл мерзімге берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Лицензиялық алымның, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері, оларды есептеу және төлеу тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен бап 4-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Лицензиялар туралы деректер лицензиардың электрондық тізіліміне енгізіледі.
10-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу
Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11-бап. Ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың (букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар кассаларының) орналасатын жері
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.
Казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау қажет болатын жағдайларды, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылу және бүліну қатері төнген, қорғаныс мұқтаждары мен елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардың казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын өзгертуіне тыйым салынады.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген аумақтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға тыйым салынады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) тұрғын емес үй-жайларда орналастырылуға тиіс. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады.
Букмекерлік кеңсе мен тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыға бәс тігуге қатысушыларға өздері нәтижесіне мөлшерлемелер жасаған оқиғаның дамуы мен нәтижесін байқауға мүмкіндік беретін жабдықты букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларынан тыс жерге орналастыруға, сондай-ақ бәс тігуге қатысушыларға букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың электрондық кассаларына қол жеткізу үшін, байланыс қызметтерін қоса алғанда, техникалық құралдарды немесе қабылданған мөлшерлемелер, төленген және төленбеген ұтыстар туралы ақпарат беруге тыйым салынады.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Көрінеу заңсыз ойын мекемесін ашу не ойын бизнесін ұйымдастыру үшін ғимаратты, үй-жайды немесе құрылысты беруге, сондай-ақ көрінеу заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру (ұйымдастыру) үшін ойын жабдығын, бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық беруге тыйым салынады.
12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелі орнатылуға тиіс.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматы орнатылуға тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Әрбір ойын автоматы тиісті ойын жабдығына қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңынмен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарға жəне (немесе) бəс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеуді жеке басты куəландыратын құжатты көрсету негізінде немесе құмар ойынға жəне (немесе) бəс тігуге қатысушыны сəйкестендірудің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тəсілін қолдана отырып, өткізілетін құмар ойындар жəне (немесе) бəс тігу қағидаларында көзделген мөлшерде жəне мерзімдерде, бірақ осы құмар ойынның жəне (немесе) бəс тігудің нəтижелері шығарылған кезден бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жүргізеді.
Бəс тігуге қатысушыға букмекерлік кеңсенің жəне (немесе) тотализатордың кассасында қабылданған мөлшерлемелер бойынша ұтыстарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген тəсілмен жүзеге асырылады. Ұтыстарды төлеуді есепке алу бірыңғай есепке алу жүйесінде көрсетіледі.
Бəс тігуге қатысушыларға букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың электрондық кассасында қабылданған мөлшерлемелер бойынша ұтыстарды төлеуді букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы ұтқан мөлшерлеме жасалған бірыңғай есепке алу жүйесінде бəс тігуге қатысушының электрондық ақшасының электрондық əмиянына ақша қаражатын есепке жатқызу арқылы ойын бизнесін ұйымдастырушының бірыңғай есепке алу жүйесіндегі электрондық ақшасының электрондық əмиянынан жүргізеді.
5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін казинодағы және ойын автоматтары залдарындағы қабырғаларға, терезе мен есіктің ойықтарына монтаждауға тыйым салынады.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы тоқсан бес пайыздан төмен болмауға тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассалары мен ойын орындары жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге барлық қатысушылардың әрекеттерін тіркейтін бейне жазу жүйелерімен жабдықталуға тиіс.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді)
7-1. Букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары металл есікпен, брондалған шынымен және жеке күзет ұйымының немесе аумақтық ішкі істер органы кезекші бөлімінің орталықтандырылған пультіне қосылған дабыл сигнализациясымен жарақтандырылуға тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8. Кассада немесе ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттарында құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға ұтысты төлеу үшін ақша жетіспеген жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушы осы Заңның 14-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, жетпеген сомаға міндетті резервтерді пайдалануы тиіс.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен мен бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық арқылы жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасын қабылдауды, оның бірыңғай есебін жүргізуді, бәс тігуге қатысушылардың мөлшерлемелерін өңдеуді және ұтысты төлеуді жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге міндетті.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы нәтижесіне бәс тігілетін оқиғаны өз бетінше айқындайды.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11. Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы ат спорты жарыстары (атшабыстар, ат жарыстары) және (немесе) ит жарыстыру шеңберінде болатын алдағы нақты оқиғаларға мөлшерлемелер қабылдайды.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 4 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор мөлшерлемелерді букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың тиісті кассасы және (немесе) букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың электрондық кассасы арқылы қабылдайды. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор бірыңғай есепке алу жүйесінде мөлшерлемелерді есепке алмай, оларды қабылдауға құқылы емес.
Букмекерлік кеңсе жəне тотализатор мөлшерлемелер бойынша есеп айырысулардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін бірыңғай есепке алу жүйесі арқылы ғана тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің тиісті электрондық кассасы арқылы мөлшерлемелерді қабылдауға міндетті. Бірыңғай есепке алу жүйесі арқылы мөлшерлемелер мен ұтыстар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін букмекерлік кеңсе жəне тотализатор уəкілетті орган тарапынан бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграциялау туралы хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғамен жəне төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлғамен есеп айырысуларды жүзеге асыру туралы шарт жасасуға міндетті.
2009.28.08 № 192-IV ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14. Букмекерлік кеңсе қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемелерді аппараттық-бағдарламалық кешен есептеген коэффициенттер негізінде және аккредиттелген спорт федерациялары өткізетін немесе халықаралық спорт ұйымдары, федерациялары, комитеттері аясында өткізілетін спорттық жарыстар шеңберінде болатын алдағы нақты оқиғаларға ғана қабылдайды.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықталуға тиіс. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемені қабылдағанға дейін бәс тігуге қатысушыны тіркеуді қатысушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін деректерді енгізе отырып, аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүргізуге міндетті.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 15-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
15-1. Ойын бизнесін ұйымдастырушы ойын мекемесінде, букмекерлік кеңсенің және тотализатордың үй-жайларында, казино мен ойын автоматтары залының кассаларында, букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассалары мен электрондық кассаларында, өзінің интернет-ресурстарында (олар болған кезде) көрнекі жерге құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуді орналастырады.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуде болжамды теріс салдар қамтылуға тиіс.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертудің мәтінін, эскиздерін уәкілетті орган бекітеді.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды
16. Мыналар:
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адам, оның ішінде өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісі болған кезде құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылатын заңды тұлға;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) салықтық берешегі бар немесе банкрот деп танылған заңды тұлғаның құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылған тұлға құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылатын заңды тұлға;
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
3) әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен жақын туыстары бар адам құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылатын заңды тұлға ойын бизнесін ұйымдастырушы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама түрде иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) басқара алмайды).
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
17. Осы баптың 16-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адам ойын мекемесінде басшылық лауазымға тағайындала алмайды.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 12-1-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
12-1-бап. Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешені
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Аппараттық-бағдарламалық кешен сервері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасының фискалдық режимімен қамтамасыз етілуге тиіс. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің сервері Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін ұйымдастырушы орналасқан жерде болуға тиіс.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы бәс тігу қорытындысының нұсқаларына ұтыстардың коэффициенттерін есептеуді, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды және олар бойынша төлемдерді есепке алуды аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүзеге асыруға тиіс.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Аппараттық-бағдарламалық кешен букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты жинауды және ұсынуды жүзеге асыруға тиіс.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар мәліметтерді беру бойынша автоматтандырылған өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында аппараттық-бағдарламалық кешендерді мемлекеттік кірістер органдарының және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз етуге міндетті.