Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру тәртібін, олардың тізбесі мен нысанын тиісті мемлекеттік органдар белгілейді.
2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Букмекерлік кеңсе жəне (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы уəкілетті орган тарапынан бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграциялау туралы хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей интеграциялау туралы шарт жасасуға жəне уəкілетті орган бекітетін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі жəне бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, аппараттық-бағдарламалық кешендерді бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграциялауды он бес жұмыс күнінен кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті. Бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграцияланбай, аппараттық-бағдарламалық кешендердің жұмыс істеуіне, букмекерлік кеңсе жəне (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының мөлшерлемелерді қабылдауына жəне ұтыстарды төлеуіне жол берілмейді.
Букмекерлік кеңсе жəне (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың мəліметтерді бірыңғай есепке алу жүйесіне беру тəртібі, тізбесі жəне мерзімдері уəкілетті орган бекітетін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі жəне бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларында белгіленеді.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 12-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
12-2-бап. Бірыңғай есепке алу жүйесі
2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін уәкілетті орган бекітілген қағидалар мен біліктілік талаптарына сәйкес айқындаған заңды тұлға қамтамасыз етеді.
Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін заңды тұлғаны тартуға құқылы. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтары мен міндеттері төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін өзі тартатын заңды тұлғаға берілген өкілеттіктер бөлігінде осындай заңды тұлғаға қолданылады.
2. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға мынадай талаптар қойылады:
1) серверлері Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылған бірыңғай есепке алу жүйесінің функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық құралдардың болуы;
2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде төлем қызметтерін көрсетуге арналған есептік тіркеуден өту.
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдардың тізбесіне енгізілген;
3) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген;
4) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген адамдар құрылтайшылары (қатысушылары) және (немесе) атқарушы органы және (немесе) үлестес тұлғасы болып табылатын заңды тұлғалар бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға ретінде әрекет ете алмайды.
2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға Қазақстан Республикасының дербес деректер саласындағы заңнамасын сақтай отырып, бəс тігуге қатысушылардың жасы туралы мəліметтерді қоса алғанда, бəс тігуге қатысушылар туралы ақпаратты есепке алуды жүргізеді жəне букмекерлік кеңселер немесе тотализаторлар қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыларға береді.
2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға бəс тігуге қатысушының нұсқауы бойынша мөлшерлемені төлеуге қабылдаған жəне (немесе) букмекерлік кеңсе жəне (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыға берген электрондық ақша есепке жазылады жəне бірыңғай есепке алу жүйесінде букмекерлік кеңсе жəне (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын тиісті ойын бизнесін ұйымдастырушының электрондық ақшасының электрондық əмиянында есепке алынады.
2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға жасалған бəс тігу туралы, оның ішінде бəс тігуге қатысушының тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, бəс тігу сомасы, уақыты жəне оның жасалған күні, бəс тігу шарттары, ол бойынша есептелген сомалар, төленуге тиісті ұтыстар, қабылданған мөлшерлемелер, төленген ұтыстар, букмекерлік кеңсе жəне (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың кассалық операцияларды жүзеге асыруы, бəс тігуге қатысушылармен есеп айырысулар нысаны, бəс тігуге қатысушылардан букмекерлік кеңселер немесе тотализаторлар қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыларға жəне букмекерлік кеңселер жəне тотализаторлар қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардан бəс тігуге қатысушыларға ақша қаражатын, оның ішінде электрондық ақшаны аудару туралы ақпаратты автоматты режимде қабылдауды, тіркеуді, өңдеуді, есепке алуды жəне сақтауды қамтамасыз етеді.
2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер жəне (немесе) тотализаторлар белгілерін қамтитын интернет-ресурстарды Қазақстан Республикасының аумағында анықтауды мониторингтеу нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер жəне (немесе) тотализаторлар белгілері бар ақпаратты қамтитын, Интернет желісіндегі домендік атауларды, сайттар беттерінің нұсқағыштарын жəне Интернет желісіндегі сайттарды сəйкестендіруге мүмкіндік беретін желілік мекенжайлардың анықталғаны туралы мəліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен Қазақстан Республикасының аумағында оларға қол жеткізуді шектеу үшін масс-медиа саласындағы уəкілетті органға жібереді.
2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 12-3-баппен толықтырылды (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
12-3-бап. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын мөлшерлемелерден аударымдар
1. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде əрбір қабылданған мөлшерлемеден дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға жəне «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне жəне бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін аударымдарды (бұдан əрі - аударымдар) жүзеге асыруға міндетті.
2. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың кассасында қабылданған əрбір мөлшерлемеден аударымдарды ұстап қалады жəне тоқсан аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға көрсетілген тоқсан ішінде қабылданған мөлшерлемелерден ұсталған аударымдарды жібереді.
3. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға электрондық ақшаны пайдалана отырып, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың электрондық кассасында қабылдаған əрбір мөлшерлемеден аударымдарды ұстап қалады.
4. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға тоқсан аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған пропорцияларда тоқсан ішінде ұсталған жалпы аударымдар сомасын дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға жəне «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне жəне бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жібереді.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13-бап. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары
1. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін мынадай біліктілік талаптары қойылады:
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-1) казино қызметін жүзеге асыру үшiн үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешенінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-2) ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі казино қызметі жүзеге асырылатын үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешеніндегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, құрылысжай бөліктерінің) болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) казино және ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
2-1) букмекер кеңсесі мен тотализатордың қызметін жүзеге асыру үшін бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтың болуы;
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді
4) ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) казиноның және ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін бір ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) өтiнiм берушiде әрбір лицензияға осы Заңда айқындалатын мiндеттi резервтер түрiнде (республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiшпен) ойын бизнесi саласында мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн:
казино және ойын автоматтары залдарын - 60 000 мөлшерiнде;
букмекерлік кеңселерді- 40 000 мөлшерiнде;
тотализаторларды - 10 000 мөлшерiнде қамтамасыз етудiң болуы.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Өтініш беруші Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына әрбір лицензияны алу үшін уәкілетті органға (лицензиарға) өзінің осы Заңда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды табыс етеді.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14-бап. Міндетті резервтер
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Міндетті резервтерді ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияларды алуға үміткер өтінім берушілер әрбір қызмет түрі үшін әрбір лицензияға осы Заңда белгіленген мөлшерде қалыптастырады және банктің клиентпен жасасқан шарты негізінде және алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейінгі салым) салымды беру шарттарында Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде салым шарттарында орналастырылады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Ойын бизнесін ұйымдастырушы міндетті резервтерді осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда орналастыруды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.
3. 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Міндетті резервтер Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тек қана ойын бизнесін ұйымдастырушының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтысын төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау мақсатында және ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттары мен кассасында ақша жетіспеген жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкін.
5. Егер міндетті резервтердің сомасы осы Заңда белгіленген мөлшерден азайған жағдайда, ойын бизнесін ұйымдастырушы осындай азайған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті резервтерді әрбір лицензияланатын қызмет түрі үшін осы Заңда белгіленген мөлшерге дейін толықтыруға міндетті.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Ойын бизнесін ұйымдастырушы кемінде үш айда бір рет уәкілетті органға банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшасының болуы және қозғалысы туралы анықтама табыс етеді.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15-бап. Ойын мекемелеріне, букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың кассаларына келудің тәртібі мен ерекшеліктері
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге:
1) жиырма бір жасқа дейінгі жеке тұлғалардың;
2) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың;
2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген адамдардың;
2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
4) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдардың қатысуына тыйым салынады.
2. Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларын ойын бизнесін ұйымдастырушы ойын мекемесінде, букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасында көрінетін жерге, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушының интернет-ресурсында (ол болған кезде) орналастырады және онда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) ойын мекемесінің, букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың атауы;
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері, банктік деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, интернет-ресурсы (ол болған кезде) көрсетіле отырып, оның атауы;
3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы, оның қолданылу мерзімі туралы ақпарат;
4) құмар ойындармен және (немесе) бәс тігумен шектен тыс әуестенудің зияны туралы ескерту;
5) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды өз бетінше шектеу тәртібі;
6) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға, сондай-ақ олардың жақын туыстарына психологиялық көмек көрсететін мамандардың (мекемелердің, ұйымдардың, қызметтердің) орналасқан жері мен байланыс телефон нөмірлері;
7) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының жеке басын анықтау тәртібі;
8) өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің түрлері;
9) бәс тігуге қатысушылар мөлшерлемелер жасайтын оқиға қорытындысының нәтижелерін анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат көздерінің тізбесі;
10) құмар ойында және (немесе) бәс тігуде тікелей пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар;
11) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушы мен құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының құқықтары мен міндеттері;
12) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысу шарттары;
13) құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің, сондай-ақ ойын сессиясының өткізілу тәртібі;
14) құмар ойында және (немесе) бәс тігуде мөлшерлемелерді қабылдау шарттары;
15) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының бәс тігуді ұйымдастырудағы делдалдық үшін сыйақысының (комиссиясының) мөлшері;
16) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға ұтыс төленуге тиісті нәтиже;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
18) уәкілетті орган бекіткен, ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойын дарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларында көзделген өзге де мәліметтер.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қағидалары уәкілетті орган бекіткен ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларына сәйкес болуға тиіс.
3. Ойын бизнесін ұйымдастырушы:
1) ойын мекемесіне, букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға (букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасына) еркін келуге Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шектеулер белгілеуге;
2) ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор (букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасы) жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларын бұзатын адамдарды құмар ойындарға жібермеуге құқылы.
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы уәкілетті органға өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізіміне енгізу туралы өтініш беру арқылы өзінің алты айдан он жылға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын өз бетінше шектей алады.
Өтініште тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі, жеке немесе электрондық-цифрлық қолтаңба қамтылуға тиіс. Берілген өтініш қайтарылуға немесе кері қайтарып алуға жатпайды.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Жақын туыстары, отбасы мүшелері азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде уәкілетті органға мұндай адамды құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізу туралы өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы ақпарат құпия болып табылады.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлғалар өтініш берушінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негіз болмаса, оны таратуға жол бермеу талабын сақтау арқылы оның құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы мәліметтер кәсіптік, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты белгілі болған адамдар оның құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.