Кәсіптік, қызметтік қажеттілікке қарай, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне қол жеткізу құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға уәкілетті органның атына жекелеген сұрау салулар бойынша және құпиялылықты қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтау шартымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Уəкілетті орган бірыңғай есепке алу жүйесіне, бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға, сондай-ақ ол төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартатын заңды тұлғаға құмар ойындарға жəне (немесе) бəс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының азаматы шектеуді жаңа мерзімге ұзарту туралы өтініш бере алады.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Уәкілетті орган құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын өзін-өзі шектеу мерзімі аяқталған күннен кейін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізілген адамдарды тізімнен алып тастайды.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізілген адамды уәкілетті орган азаматтың әрекет қабілетін шектеудің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тізімнен алып тастайды.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміндегі адамдармен құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
Ұтыс төлеуді қоса алғанда, бəс тігуге қатысушы мен букмекерлік кеңсе немесе тотализатор арасында төлемдер, оның ішінде электрондық ақша пайдаланылған төлемдер бірыңғай есепке алу жүйесінде есепке алынбай, оларды қабылдауға (жүзеге асыруға) тыйым салынады.
Бірыңғай есепке алу жүйесі осы Заңның 15-бабының 1-тармағына сəйкес құмар ойындарға жəне (немесе) бəс тігуге қатысуына тыйым салу белгіленген адамнан (оның пайдасына) электрондық ақша пайдаланылған төлемдерді қабылдаудан (жүзеге асырудан) бас тартуға міндетті.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар осы Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салу белгіленген жеке тұлғаларға құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға, сондай-ақ осындай адамдардан (олардың пайдасына) қолма-қол ақшалай жəне қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға (жүзеге асыруға) рұқсат етуден бас тартады.
16-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен Заң 16-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-1-бап жаңа редакцияда
16-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ойын бизнесін ұйымдастырушылар уәкілетті органға ұсынған есептілікті, банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшаның бар-жоғы және қозғалысы туралы анықтамаларды, сұрау салу арқылы уәкілетті ұйымдар мен мемлекеттік органдардан мәліметтерді және түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүргізіледі.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынымды ресімдейді және жібереді.
8. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
10. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
16-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16-3-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер
1. Осы Заң 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап ойын бизнесі саласындағы қызметпен шұғылдану құқығына 2007 жылғы 1 сәуірге дейін берілген лицензиялардың күші тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының