«Экспорттық бақылау туралы (жаңа редакциясы)» Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2006 жыл 23 желтоқсан) (күші жойылды)

Жоба

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Экспорттық бақылау туралы (жаңа редакциясы)

 

2007 жылғы 21 шілдедегі № 300-III ҚР Заңын қара

 

Осы Заң Қазақстан Республикасының халықаралық, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мүддесіне, қару-жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнімге, екі ұдай қолданылатын тауарлар мен технологияларға, оларды өндіру мен пайдалануға байланысты шикізатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпарат пен көрсетілетін қызметке экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайтудың негіздері мен тәртібін белгілейді.

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі - экспорттық бақылау ережелерін сақтау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жүзеге асыратын ұйымдастырушылық, әкімшілік, ақпараттық және өзге де сипаттағы іс-шаралар кешені;

2) тұтастай қамтитын бақылау - экспорттық бақылауға жатпайтын өнімнің тізіміне кірмейтін өнімдерді бақылау;

3) кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) - экспорттық бақылауға жататын импортталатын өнімді мәлімделген мақсатта пайдалану және оны сатушы елдің келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы елдің құзыретті органы берген - алушы елдің ресми сендіруі;

4) импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі - экспорттық бақылауға жататын өнімді мәлімделген мақсаттарға пайдалану туралы және оны уәкілетті органның рұқсатынсыз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы импорттаушының (түпкі пайдаланушының) жазбаша сендіруі;

5) Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары - заңнамада белгіленген шектерде экспорттық бақылау құзыретін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;

6) импорт - тұрақты пайдалану және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының кеден аумағына экспорттық бақылауға жататын өнім әкелу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.