Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (Жоба) (2006 ж. 20 желтоқсан)

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы

 

ҚР Үкіметінің 2006.20.12. № 1224 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 7, 76-құжат) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы "___"_________

№ _____ Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы

 

Мазмұны

 

Кіріспе

1. Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің әскери-саяси негіздерi

1.1. Әскери-саяси жағдайды дамыту болжамы

1.2. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстанның саясаты

1.3. Мемлекеттің әскери ұйымы

2. Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің әскери-стратегиялық негіздерi

2.1. Қарулы жанжалдардың сипаты

2.2. Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдану негіздерi

2.3. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басшылық жасау

3. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әскери-экономикалық және әскери-техникалық негіздерi

3.1. Әскери-экономикалық және әскери-техникалық қамтамасыз етудің мақсаттары, қағидаттары, міндеттері мен бағыттары

3.2. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және резервтер жүйесi

4. Қазақстан Республикасының халықаралық әскери ынтымақтастығы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.