«Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Минстрлігінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 658 Бұйрығы (2008.24.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды
мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Минстрлігінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 658 Бұйрығы

(2008.24.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қазандағы № 515 Бұйрығымен; ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.06.11. № 660 бұйрығымен күші жойылды

 

«Дәрілік заттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Пак Л.Ю.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.24.04. № 299 Бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

5. Осы бұйрық Ереженің 2009 жылғы қаңтар бастап қолданысқа енгізілетін 6-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр

А. Г. Дерновой

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2006 жылғы 29 желтоқсан

№ 658 бұйрығымен бекітілген

 

 

Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды

мерзімдік аттестаттау ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Дәрілік заттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау жүргізу мәселелерін нақтылайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.