Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың 2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (Жоба) (2006 ж. 29 желтоқсан)

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
 
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың
2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

 

ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1306 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, еліміздің халқын, объектілері мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, қазіргі заманғы зақымдау құралдары мен террористік актілердің салдарынан қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың 2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат берсін.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы "___"_________

№____ Жарлығымен

Бекітілген

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың

2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

 

Мазмұны

 

1. Бағдарламаның паспорты

2. Кіріспе

3. Төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғаудың қазіргі

заманғы жай-күйін, елдің азаматтық қорғаныс жүйесінің әзірлігін талдау

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.