«Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын
медициналық куәландырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы № 575 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 648 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 552 Бұйрығымен күші жойылды
АҚТҚ жұқтырған адамдарды уақтылы анықтау іс-шараларын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын медициналық куәландырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы № 575 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 1905 болып тіркелген, № 33 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жылғы қыркүйек) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтыруды анықталуын медициналық куәландырудың ережесінде:
4-тараудың тақырыбында «клиникалық» деген сөзден кейін «және эпидемиологиялық» деген сөзбен толықтырылсын;