«Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы «Қалалық конкурстық комиссиялар құру туралы» №8/1518 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы № 1/121 Қаулысы

Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы «Қалалық конкурстық комиссиялар құру туралы
№8/1518 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы № 1/121 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 321-II Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158 қаулысымен бекітілген, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Ережелеріне сәйкес және 2007 жылға бекітілген бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану мақсатында, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы «Қалалық конкурстық комиссиялар құру туралы» № 8/1518 қаулысына келесі өзгерістер меп толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулының 10 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

аталған қаулы қоса берілген 21, 22 қосымшаларымен толықтырылсын.

 

Алматы қаласының әкімі

И. Тасмағамбетов

 

Әкімдік хатшысы

К. Тәжиева

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2006 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 8/1518 қаулысына

10 қосымша

 

 

Хайуанаттар бағының аумағында жыртқыш сүтқоректілер үшін ғимарат

құрылысы жөнінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді

орталықтандырылған жолмен сатып алатын қалалық конкурстық

комиссияның құрамы

 

1.

Бүкенов Қайрат Ахмадиұлы

комиссия төрағасы, Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары;

2.

Заяц Яков Игнатьевич

комиссия төрағасының орынбасары,

Алматы қаласы әкімінің орынбасары;

комиссия мүшелері:

3.

Үсенов Қажымұрат Қантбайұлы

Алматы қаласы құрылыс департаментінің директоры;

4.

Әбдіқадырова Айман Нұрқасымқызы

Алматы қаласы қаржы департаментінің директоры;

5.

Васильева Лариса Александровна

Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры;

6.

Болман Қыдырәлі Нұртайұлы

Алматы қаласы мәдениет департаментінің директоры;

7.

Баймағамбетов Сұлтан Қабиұлы

Алматы қалалық сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің директоры

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.