«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы»
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 15 ақпандағы № 44-НҚ бұйрығы
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттіктіркелімінің республикалық белімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
керсетілген буйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміндегі:
реттік немірі 5, 29, 31, 34, 36, 39, 46, 52, 61, 62, 64, 65, 66, 71, 72, 75, 79, 88, 90, 91, 95, 100, 102, 104, 107, 119, 124, 128, 130, 146, 157, 165, 166, 181, 182, 189-жолдардағы:
«табиғи монополиялар салалары» деген баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтер»;
«реттеліп керсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі» деген баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтер»;
реттік нөмірі 97, 156-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 107-жолдағы:
«табиғи монополиялар салалары» деген баған мынадай мазмундағы абзацпен толықтырылсын:
«газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) бөлуші құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер»;