Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының статистикалық есептілікті қалыптастыру мәселелері бойынша кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 76 Бұйрығы
(2014.08.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Бас прокурорының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 165 бұйрығымен күші жойылды
Қылмыстар және құқық бұзушылықтар туралы статистикалық есептіліктің одан әрі жетілдірілуі, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі және Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс-жүргізу кодексімен сәйкестендіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. ҚР Бас Прокурорының 2014.08.10. № 111 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Бас Прокурорының 2014.08.10. № 111 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Бас прокурорының 2014.08.10. № 112 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Г.В.Ким) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарына жолдасын.