Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен
Ресей Федерациясы Көлік министрлігі арасындағы Астрахань cу-көлік
торабының, Махачкала (Ресей) және Ақтау (Қазақстан) порттары арқылы
тікелей халықаралық темір жол-паромдық қатынасты ұйымдастыру туралы
Келісім
(Орал қ. 2006 ж. 3 қазан)
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 13 қыркүйектегі № 239 бұйрығыменмақұлданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Ресей Федерациясы Көлік министрлігі,
1992 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Yкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы транспорт саласындағы өзара қарым-қатынас шарттары мен ынтымақтастықтың принциптері туралы келісімнің ережелерін басшылыққа ала отырып,
тең құқықты әріптестік және өзара сыйластық қағидаттарын негізге ала отырып,
Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы порттарының арасында көлік, аралас (құрама) тасымалдау және темір жол-паромдық қатынасты ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың қажеттігін мойындай отырып, төмендегілер туралы келісті: