Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Корея Республикасы Құрылыс және көлік министрлігі арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум (Астана қ., 2006 жылғы 22 қыркүйек)

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен
Корея Республикасы Құрылыс және көлік министрлігі арасындағы
көлік саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум
(Астана қ., 2006 жылғы 22 қыркүйек)

 

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006.13.09. № 240 бұйрығымен қабылданды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Корея Республикасы Құрылыс және көлік министрлігі көлік саласында өзара ынтымақтастықты кеңейту мақсатында төмендегі жөнінде келісті:

 

1-бап

Мақсаттар

 

Осы Өзара түсіністік туралы меморандумның (бұдан әрі - Меморандум) мақсаттары мыналар болып табылады:

а) көлік саласындағы технологиялармен, тәжірибемен алмасу арқылы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту; және

b) ішкі және халықаралық рыноктарда өзінің бәсекелестігін көтеру үшін Қазақстан және Корея көлік ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

 

2-бап

Ынтымақтастық салалары

 

Тараптар ынтымақтастықты келесі салаларда іске асырады:

а) көлік инфрақұрылымын дамыту;

b) Тараптар бірлесіп белгілеген басқа да салалар.

 

3-бап

Ынтымақтастық нысандары

 

Осы Меморандумның шеңберінде ынтымақтастықтың мынадай нысандары көзделеді:

а) көлік саласында ақпаратпен алмасу;

b) кадрларды даярлау, біліктілігін жоғарылату және алмасу;

с) Тараптар елдерінің кез келгенінде немесе үшінші елдерде жобаларды жобалауға және іске асыруға бірлесіп қатысу (бірлескен кәсіпорындар құруды қоса);

d) техникалық семинарларға, көрмелерге және экспозицияларға қатысуға жәрдемдесу;

e) көлік саласында кадрлармен, жабдықпен және материалдық ресурстармен қамтамасыз етуге қатысты көмек көрсету;

f) екі ел азаматтарына рынокқа кіру және басқа да мәселелерге қатысты қолдау көрсету; және

g) ынтымақтастықтың екі Тарап өзара келіскен басқа да нысандары.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.