«Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (Жоба) (2006 ж. 23 желтоқсан)

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

 

«Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы»

 

ҚР Үкіметінің 2006.23.12 № 1246 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі бекітілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы

              №

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы «23»желтоқсандағы

№ Жарлығымен

Бекітілген

 

Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесi

 

1. Жер, cу (концессия шартын іске асыру мақсатында жер пайдалану құқықтарын қоспағанда), өсімдік әлемі және жануарлар дүниесі.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.

3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті штаттық мүлік, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектілер.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.