«Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116
қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30-қыркүйектегі № 359 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 234 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 29 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктер қызметін реттеп отыратын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30-қыркүйектегі № 359 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3925 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: