Қылмыстардың жиынтығы бойынша айқындау туралы соттардың қылмыстық заңды қолдануының сот практикасын ҚОРЫТУ

Қылмыстардың жиынтығы бойынша айқындау туралы соттардың қылмыстық
заңды қолдануының сот практикасын
ҚОРЫТУ

 

Заңшығарушы қылмыстардың жиынтығының түсінігін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 12-бабында көрсеткен. Аталған бпта қылмыстардың жиынтығының түрлері бойынша бөлінетіні жөнінде арнайы сілтеме жоқ. Соған қарамастан, заңшығарушы оны деректі (1-бөлігі) және идеалды (2-бөлігі) жиынтықтар деп жіктейді.

Осы орайдағы, ҚК-нің 12-бабының тиісті қағидалары мыналарды қамтиды:

а) қылмыстардың деректі және идеалды жиынтығында олардың әрқайсысы өз бетінше айқындалуы қажет екеніндігіне бағыт береді;

ә) 2000 жылы осы бапқа енгізілген толықтырулар қылмыстардың күрделі құрамдарын айқындау, яғни бір әрекеттің сипаттары ҚК бабы нормасының қатаңырақ жазаны қамтыған жағдайына қатысты.

Осыған байланысты «егер бір қылмыстың белгiлерi ҚК-нің бабының бiреуінде немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жазаны қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса» делінген ҚК-нің 12-бабының ережесін дұрыс қолдану үшін, біріншіден, жиынтықты құрайтын, сосын әрбір нақты қылмыстың құрамын құрайтын белгілерін анықтау керек, атап айтқанда:

- құқыққа қарсы әрекетті кімнің және қандай түрде жасағанын, яғни қылмыстың субъектісі кім болып табылатындығын;

- қылмыстың объективтік жағын құрайтын құқыққа қарсы әрекет қандай әрекеттермен белгіленетінін;

- осы әрекеттің бағытталған заңмен қорғалатын объектісін анықтау;

- қылмыс субъектісінің жасаған әрекетіне деген субъективтік көзқарасын, яғни тікелей немесе жанама ниетпен немесе абайсызда жасағанын сипаттап, қылмыстың субъективтік жағын құрайтын, оның кінәсін анықтау керек.

Одан бөлек, әрбір нақты жағдайда неғұрылым ауырырақ жаза үшін жауапкершілік көздейтін нормадан, басқа неғұрылым жеңілірек қылмыстың белгілерін іздеп, табу керек.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.