«Эпидемиология және гигиена жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы
18 тамыздың № 629 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 41 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 Бұйрығымен күші жойылды
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. «Эпидемиология және гигиена жөніндегі санитарлық эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3076 болып тіркелген Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2006 ж. № 13. 223-құжат, 2005 жылғы 14 қазандағы № 126-127(751) жарияланған «Заң газетінде») мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Атмосфералық ауаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларында:
1-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«