«Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытудың ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 34 Бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2010.23.04. № 203 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытудың ережесі бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б. Есбосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. «Жалпы орта, кәсіптік бастауыш және орта білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығының күші жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.К. Әбдімомыновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ж.Қ. Түймебаев |
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 31 қаңтардағы
№ 34 бұйрығымен бекітілген
Жалпы орта, кәсіптік бастауыш және орта білім
беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында
оқытудың ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 14-3) тармағына сәйкес әзірленді және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
2. Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқу (бұдан әрі - экстернат нысанында оқу) жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында кезекті аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттауды жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын білім алушылардың өздігінен оқуын болжайды.