ЖШС ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданады. Патент құнын есептеп шығарған кезде төленбеген жалақы және есептелген, бірақ жинықтаушы зейнетақы қорларына төленбеген міндетті зейнетақы жарналары бойынша күмәнді міндеттемелер табысқа енгізіле ме? Егер енгізілсе, олар 931.00-нысанның қай жолында көрсетіледі? (ҚР Қаржы министрлігі Салық Комитеті , 2007 жыл)
Салық кодексінің 84-бабына сәйкес иемденіп алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша, сондай-ақ қызметкерлерге есептелген табыстар мен Салық кодексінің 149-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын басқа да төлемдер бойынша туындаған және туындаған кезінен бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер күмәнді деп танылады және кредиторлық берешек туындаған кезде қабылданған ставка бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуда қалпына келтірілуге тиіс қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылуға тиіс.