«Лицензия беру туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халыққа құқықтық көмек және
заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасының
2007 жылғы 10 қаңтардағы № 1 Бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына «Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы» № 254 қаулысының 13, 14-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия:
- Тұрақты судья болып қызмет атқаратын және нотариустарда тағылымдамадан өткен:
Айгүл Мамирқызы Дербисоваға
- Әділет біліктілік алқасында судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырған және нотариустарда тағылымдамадан өткен:
Ғалия Сатыбалдықызы Имашеваға
Шынар Мәуленқызы Кәріпбаеваға
- нотариустарда тағылымдамадан және әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:
Олжас Исаұлы Әбдіқалықовқа