Егер жалгер дара кәсіпкер, ал жалға беруші жеке тұлға болса, жалдау шарты бойынша кім жеке табыс салығын төлеуші болып табылады? Бұл жағдайда дара кәсіпкер жеке тұлғаға қатысты салық агенті болып табыла ма?

Егер жалгер дара кәсіпкер, ал жалға беруші жеке тұлға болса, жалдау шарты бойынша кім жеке табыс салығын төлеуші болып табылады? Бұл жағдайда дара кәсіпкер жеке тұлғаға қатысты салық агенті болып табыла ма? (ҚР Қаржы министрлігі Салық Комитеті , 2007 жыл)

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (АК) 540-бабына сәйкес мүлік жалдау (жал) шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.

Қазақстан Республикасы АҚ 10-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жекеменшікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

АК 19-бабының 4-тармағына сәйкес мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін:

1) жалданбалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланатын;

2) кәсіпкерлік қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасының заң актілерінде жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен артық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кәсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

Жеке тұлға үшін жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшері 12 еселенген АЕК (мысалы, АЕК 2006 жылы 1 030 теңгені құрады) құрайды, тиісінше жылдық жиынтық табыстың сомасы 1 030 х 12 = 12 ЗбО теңгені құрайды. Жалдау төлемінің сомасы жеке тұлғаның мүлікті жалға беруден алған табысы болып танылады.

Сөйтіп, егер жалдық төлем сомасы жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен аспайтын болса, онда жеке тұлға салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.

Өз кезегінде дара кәсіпкердің табысы Салық кодексінің 163-бабына сәйкес төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға жатады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.