Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен «Қайрат»
Кәсіби футбол клубы» акционерлік қоғам кұру туралы
Алматы қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 2/279 Қаулысы
(2007.27.04. берілген толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарына сәйкес Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Рахат» футбол академиясы» Қоғамдық қорымен бірлесе отырып, жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы 50% пайыз мөлшерінде коммерциялық емес ұйым - «Қайрат» Кәсіби футбол клубы» Акционерлік қоғам түріндегі (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2. Мыналарды жүзеге асыруға рұқсат етілсін:
1) «Қайрат» футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қоғамның құрылтайшысы ретінде іс-әрекет етсін.
Алматы қаласы әкімдігінің 2007.27.04. № 3/533 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді