«Алматы қаласының Әуезов ауданындағы техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлардың залалдарын жоюға қаражат бөлу туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 20 ақпандағы № 2/252 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқару органдарының резервтерін пайдалану Ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1405 қаулысына сәйкес, Әуезов ауданындағы «Ақсай-1» ықшамауданының № 15, № 15-А, № 4-Б тұрғын үйлерінде және «Ақсай-2» ықшамауданының № 13-Б, № 13-А, № 3/1 тұрғын үйлерінде электр сымының жанып кетуіне және электр қалқанының зақымдануына байланысты, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың залалдарын жою мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: